Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет11/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

30

 

 



Мұндағы  Circumscribed  about  circle  (Описанный  вокруг  окружности) 

параметрі шеңберге сырттай сызылған (2.12,а-суретті қараңыз), ал Inscribed in 



circle (Вписанный в окружность) параметрі шеңберге іштей сызылған (2.12,б-

суретті қараңыз) көпбұрышты тұрғызуға мүмкіндік береді.  

Параметр біреуін таңдаған соң, сұранысқа шеңбер радиусын беру керек. 

Егер  радиус  мәнін  пернетақтадан  теріп,    басса,  тұрғызылған 

көпбұрыштың  бір  қабырғасы  X  оське  параллель  орналасады.  Ал  тінтуір 

көмегімен радиус пен көпбұрыштың қажетті орналасуын да беруге болады.   



 

2.4 Түзуді және сәулені тұрғызу  

 

Сызбаларда  әдетте  тұрғызу  сызықтары  немесе  байланыс  сызықтары  деп 



аталатын  көмекші  түзулерді  тұрғызу  керек.    Олар  объект  проекциялары 

арасындағы  байланысты  көрсетеді  (2.13-суретті  қараңыз)  және    олардың 

қиылысу  нүктелерін  объектілік  байланыстыруға  қолдануға  болады.  Осы 

мақсатта кесінділерді де пайдалануға болады, бірақ түзулердің  артықшылығы 

–олар  шексіз  болып  келеді,  нақты  айтқанда  олардың  ұзындығы  AutoCAD 

графикалық аймағымен шектеледі.  

 

2.13 сурет 



 

 

Көмекші  сызықтарды  бөлек  бір  қабатта  жасаған  ыңғайлы,  сызба 



аяқталған  соң  қабатты  сөндіру  керек,  сонда  көмекші  сызықтар  сызбада 

көрсетілмейді.  

Түзуді тұрғызу үшін XLINE (ПРЯМАЯ) командасын 

 Construction Line 

(Линия  построения)  батырмасымен  қосу  керек.    Командалық  жолда  сұраныс 

шығады:  



Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:  

(Укажите точку или [Гор/Вер/Угол/Биссект/Отступ]:) 

Түзу бойындағы бір нүктені беріңіз немесе опциялар біреуін таңдаңыз:  

Hor  (Гор)  және  Ver  (Вер)  опциялары  горизонталь  және  вертикаль  түзуді 

тұрғызады, оларды таңдағанда команда түзу бойындағы бір нүктені сұрайды;  



Ang  (Угол)  опциясы  түзуді  көлбеулік  бұрышымен  тұрғызады,    оны 

таңдағанда сұраныс шығады:  



Enter angle of xline (0) or [Reference]:  

(Угол прямой (0) или [Базовая линия]:) 

Мұнда  бірден  бұрышты  енгізуге  болады,  ол  үндеместіктен    X  осінен 



31

 

 



есептеледі,  бірақ  Reference  (Базовая  линия)  параметрі  көмегімен  бұрыш 

есептелетін объектіні (сызықты,  түзуді, сәулені немесе полисызықты) таңдап 

алып,    бұрышты  беруге  болады.  Содан  кейін  команда  сұрауына  түзу 

бойындағы бір нүктені беру керек;  



Bisect (Биссект) опциясы бұрыш биссектрисасын тұрғызуға арналған, оны 

таңдағанда келесі сұраныс шығады:  



Specify angle vertex point: (Укажите вершину угла:) 

Мұнда тұрғызылатын түзу бойындағы кез келген нүктені беруге болады, 

әдетте бұрыш төбесін берген ыңғайлы. Содан кейінгі сұраныстарға бұрыш бір 

қабырғасы  бойында  жатқан  нүктені  және  екінші  қабырғасы  бойында  жатқан 

нүктені беру керек, сонда биссектриса тұрғызылады;  

Offset  (Отступ)  опциясы  тұзу  сызықты  объектіге  параллель  түзулерді 

тұрғызады,  сонда  бірден  әртүрлі  объектілерге  параллель  бірнеше  түзуді 

тұрғызуға болады. Опцияны таңдаған соң сұраныс шығады:  

Specify offset distance or [Through] <1.0000>:  

(Величина смещения или [Точка] <1.0000>:)  

Осыған  жауап  ретінде  параллель  түзудің  арақашықтығын  енгізу  керек 

немесе  Through  (Точка)  параметрін  таңдап,  тұрғызылатын  түзу  бойындағы 

сызба нүктесін көрсету керек.  

Select  a  line  object:  (Выберите  линейный  объект:)  сұранысына  түзу 

параллель  болатын  объектіні  тінтуір  батырмасымен  таңдау  керек.    Келесі 



Specify  side  to  offset:  (Выберите  сторону  смещения:)  сұранысына  объектінің 

қай жағында түзу болатынын тінтуір көмегімен көрсету керек.  

Егер  аталған  опциялар  қолданылмаса,  бірінші  нүктеден  кейін  команда 

түзу  бойындағы  екінші  нүктені  сұрайды.  Осылай  нүктелерді  беріп,  бірнеше 

түзуді  тұрғызуға  болады.  Команданы  аяқтау  үшін    немесе   

пернесін басу керек.  

Түзу  орнына  сәулені  тұрғызуға  болады,  ол  бір  жағында  нүктемен 

шектеледі.    Сәулені  тұрғызу  үшін  RAY  (ЛУЧ)  командасын 

  Ray  (Луч) 

батырмасымен қосу керек.   

Команданың Specify start point: (Начальная точка:) сұранысына сәуленің 

бастапқы  нүктесін беріңіз,  содан  кейінгі  Specify through point:  (Через  точку:) 

сұранысына    сәуле  бойындағы  екінші  нүктені  беріңіз.  Осылай  бір  нүктеден 

шығатын  бірнеше  сәулені  тұрғызуға  болады.  Команда    немесе   

пернесі көмегімен аяқталады.  

 

2.5 Шеңберді тұрғызу  

 

Шеңбер жасау үшін CIRCLE (КРУГ) командасы қолданылады, оны 



 

Circle  (Окружность)  батырмасымен  орындауға  болады.    Батырма  оң 

жағындағы  нұсқамасын  басып,  шеңбердің  қажетті  параметрлерін  таңдауға 

мүмкіншілік бар. Команданы қосқанда келесі сұраныс шығады:  

Specify center point for circle or [3P/2P/Ttr (tan tan radius)]:  

(Центр круга или [3Т/2Т/ ККР (кас кас радиус)]:) 




жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау