|
Курстыѕ маќсатыТермодинамиканың бірінші заңы бойынша тексеру сұрақтары
|
бет | 18/21 | Дата | 27.11.2022 | өлшемі | 0,55 Mb. | | #40357 |
| Мол.физика(умкд)Термодинамиканың бірінші заңы бойынша тексеру сұрақтары.
1. Сыртқы өрістер жоқ кезде тепе-теңдік термодианмикалық жүйенің күйін қандай тәуелсіз параметрлер арқылы сипаттауға болады?
Термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі заттың термодинамикалық параметрлерінің мәндерінің арасындағы байланысты тағайындайтын қатынасты қалай атайды?
Бұл қатынастың түрі идеал-газ үшін қалай болады?
Термодинамиканың тепе-теңдік түрі дегеніміз не?
Температураның эмпириялық абсолюттік шкаласы дегеніміз не?
Реал газдың күйінің? теңдеуі қалай жазылады? Ол қашан идеал газ теңдеуіне көшеді?
Идеал газдың көлемдік ұлғаю коэффициенті температурадан қалай тәуелді?
Термодинамикалық күйдің бір күйден екінші күйге өткен кездегі жасайтын жұмысын қалай есептеуге болады? Осы жұмыс жүйенің өтетін термодинамикалық процесінің сипатынан тәуелді ме? Жұмыстың шексіз өз өсімшесі математикалық тұрғыдан толық дифференциал болама?
Қандай термодинамикалық процестер қайтымды деп аталады?
Дөңгелек термодинамикалық процесс дегеніміз не?
Барлық дөңгелек процестер қайтымды болама?
Жүйенің күйінің функциясы деп аталатын шама қандай физикалық және математикалық шарттарды қанағаттандыруы қажет?
Қандай термодинамикалық шама жүйенің күйінің функциясы болып табылады?
Жүйенің ішкі энергиясы деп нені айтады?
Ішкі энергия жүйенің функциясы бола алама?
Жылудың шексіз аз өсімшесі Q Q(P,T) немесе Q(V,T) функциялары сияқты математикалық тұрғыдан толық дифференциал ола ма?
Дененің жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Дененің жылу сыйымдылығы қандай жағдайларда белгілі мәнге ие болады?
Жылу сыйымдылықтың мүмкін болған мәндері қандайда болсын ? шектелген ба?
Қандай жағдайларда жылу сыйымдылық теріс шама болады?
Қандай тәжірбиелер молекулалық-кинетикалық энергияның басқа түрлеріне өтетіндігін дәлелдейді?
Қандай тәжірбиелер негізінде жылу мөлшерін механикалық жұмыс бірліктерімен өлшеу мүмкіндігі тағайындалады?
Термодинамиканың бірінші заңының мазмұны неде?
Термодинамиканың бірінші заңы математикалық тұрғыда қалай жазылады?
Қанда жағдайларда жүйенің ішкі энергиясының өсімшесі жүйеге берілген жылу мөлшеріне тең болады?
Қандай жағдайларда жүйенің ішкі энергиясы тұрақты?
Қандай жағдайларда жүйенің ішкі энергиясы тұрақты?
Дөңгелек термодинамикалық процесс кезінде жүйенің жасайтын ? жұмысы мен жүйенің жылу көзінен алатын және беретін қосынды жылу мөлшерінің арасында қандай байланыс бар?
Неліктен термодинамиканың бірінші заңы бірінші текті мәңгілік двигателді тұрғызуға болмайтындығы жөніндегі тұжырымға эквиваленті (пара-пар).
Жылу сыйымдылығы температурадан тәуелді болмайтын газдың ішкі энергиясы үшін қандай өрнекті термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып жазуға болады?
Газдың ішкі энергиясының оның өлшемінен тәуелділігі жөніндегі мәселе тәжірбиеде қалай анықталады?
Термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегінің көмегімен идеал газдың Ср және Сv жылу сыйымдылықтарының арасындағы байланысты табуға болады?
Термодинамиканың бірінші заңынан идеал газ үшін адиабаттық процестің теңдеуін қалай шығаруға болады?
Табиғи және техникалық адиабаттық процестердің мысалдарын келтіріңдер.
Адиабаттық процесті пайдаланып С/ Сv қатынасын табуға бола ма?
Идеал газдың адиабаттық процесс кезінде жасайтын жұмысы неге тең болады?
Идеал газдың изотермалық процесс кезінде жасайтын жұмысы неге тең болады?
Изотермалық процесс кезінде жасалатын жұмыс энергияның қандай көзі есебінен жасалады?
Баллондағы сығылған газ, сығылған пружинадай потенциялық энергия қорына ие болады деген тұжырым дұрыс па?
Политроптық деп аталатын процестер қандай шартты қанағаттандырады? Осы процестердің теңдеулері қалай жазылады?
Термодинамикалық циклдік рv- диаграммасы негізінде оның қандай этаптарында жылу жұмысты дене арқылы жұтылады (беріледі)?
Газды қыздыру (салқындату) нәтижесінде бір бағытта жұмыс жасайтын газбен толтырылған поршеньді цилиндрді жылу машинасы деп атауға бола ма?
Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті деп нені айтады?
Идеал газбен жүретін Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті неге тең?
Карно машинасы мұздатқыш ретінде қалай жұмыс жасайды?
Кез-келген дөңгелек қайтымды цикл бойынша жұмыс жасайтын жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті мен дөңгелек циклде пайдаланылатын ең жоғарғы және ең төменгі температураларындағы Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын машинаның пайдалы әсер коэффициенттері қандай қатынаста болады?
Идеал газбен жүретін Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті неге тең?
Карно машинасы мұздатқыш ретінде қалай жұмыс жасайды?
Кез-келген дөңгелек қайтымды цикл бойынша жұмыс жасайтын жылу мәшинесінің пайдалы әсер коэффициенті мен дөңгелек циклде пайдаланылатын ең жоғарғы және ең төменгі температуралардағы арасында Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын мәшиненің пайдалы әсер коэффициенттері қандай қатынаста болады?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|