Курстыѕ маќсаты


Заттың әр түрлі физикалық күйлері және оларды зерттеуге



жүктеу 0,55 Mb.
бет20/21
Дата27.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#40357
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Мол.физика(умкд)

Заттың әр түрлі физикалық күйлері және оларды зерттеуге
термодинамиканы пайдалану бойынша тексеру сұрақтары:

1. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін өлшеудің қандай статикалық және динамикалық әдістері бар?


2. сұйықтың беттік пленкасының температурасы оны созған(керген) кезде қалай өзгереді?
3. Қандай жағайда сұйық қатты денеге жұғады?
4. Сұйықтың беттік пленкасының қабығының басы артық қысымы оның бетінің қисықтығымен қалай байланысты?
5. Сұйықтың капиллярлық көтерілу биіктігін (депрессиясын) есептеуге болады?
6. Заттың термодинамикалық фазасы дегеніміз не?
7. Заттың термодинамикалық фазасы ұғымы заттың агрегаттық күйі ұғымымен сәйкес келе ме?
8. Реал газдың изотермияларының түрі қандай?
9. Реал газдың изотермиялары берілген зат үшін температура кризистік (күдіктік) мәнге жақындағанда қалай өзгереді?
10. Кризистік нүктенің бар екендігін Д.И.Менделеев қалай болжады?
11. Заттың изотермиялық сығылғыштығы оның кризистік нүктесінде қандай мәнді қабылдайды?
12.Заттың кризистік нүктедегі жасырын булану жылуы мен беттік керілуі қандай мәнді қабылдайды?
13. Заттың кризистік нүктедегі оның сұйық және газ фазаларының меншікті көлемдері қалай өзгереді?
14. Берілген зат үшін температураның қандай интервалында ол сұйық пен оның қаныққан буының тепе-теңдік екі фазалы жүйесін жасайды. Температураның берілген интервалында екі фазалы тепе-теңдік жүйе кез келген қысымда өмір сүре ме?
15. Қаныққан бу дегіміз не?
16. Қаныққан будың қысымы неден тәуелді?
17. Сұйықтың қайнау процесі қандай жағдайда жүреді?
18. Жүйені екі фазаға ыдыратпай затты сұйық фазадан газ фазасына (немесе керісінше) үзіліссіз өткізуді қалай асыруға болады?
19.Заттың мекастабильді күйі дегеніміз не?
20. Заттың мекастабильді күйі қалай жүзеге асады? Ол термодинамикалық диаграммада қалай бейнеленеді?
21. Сұйықтың қаныққан буларының қысымы оның бетінің қисықтығынан қалай тәуелді?
22. Неліктен қызған сұйыққа газдың көпіршіктерін бөліп шығаратын денені еңгізгенде сұйық неліктен тез қайнайды? Неліктен қаныққан буға шаң-тозаңдарды еңгізгенде тұманның тамшылаының конденсациялану процесі басталады? неліктен аса қаныққан буда электр иондарының болуы оның конденсациялануын жеңілдетеді? Қызған сұйық пен қаныққан бу күйлері қандай маңызды қолданыс табады? Қандай жағдайларда техникалық тұрғыдан қауіпті?
23. Булардың капиллярлық конденсациясы құбылысы дегеніміз не? Табиғи жағдайларда бұл процес қандай роль атқарады?
24. Ван-дер-Вальстің реал газ күйінің теңдеуі қандай тұжырымдардың негізінде құрастырылған?
25. Ван-дер-Вальс изотермияларының әрбәр учаскелерінің физикалық мәні қандай?
26.Реал газдың pv-диаграммасын пайдаланыпзаттың екі фазалық күйі үшін сұйық және газ фазаларындағы заттың мөлшерлерінің қатынастарын табуға болады?
27. Ван-дер-Вальс теңдеуін пайдаланып заттың кризистік көлемін қалай табуға болады?
28. Ван-дер-Вальс теңдеуіне енетін а және в шамаларының азот, оттегі және сутегі үшін сан мәндері қандай?
29. Көмірқышқылы, азот, сутегі және гелий газдары үшін кризистік температураның сан мәндері қандай?
30. Көмірқышқылы, азот, сутегі және гелий газдарының қалыпты қайнау температуралары қандай?
31. Ван-дер-Вальстің ішкі энергиясы қандай термодинамикалық параметрлерден тәуелді?
32. Газды дросселдеу процесінің мәні неде?
33. Сығылған газды бостыққа шығару дросселдеу процесі бола ма?
34. Идеал (реал) газды бостыққа шығарғанда оның температурасы қалай өзгереді?
35. Джоуль-Томсон құбылысы дегеніміз не?
36. Джоуль-Томсон құбылысы газды сұйылтуға қалай пайдаланылады?
37. Джоуль-Томсон құбылысы қандай теңдеумен өрнектеледі?
38. Ван-дер-Вальс газының температурасының төмендеуі оның басқа термодинамикалық параметрлерінің мәндері арқылы дроссельдегенде қалай өрнектеледі?
39. Газды дроссельдеуді пайдаланып, оны сұйылту процесінің желісі қандай?
40. Джоуль-Томсон эффектісінің инверсиялық температурасы дегеніміз қандай температура?Ауа, сутегі және гелий үшін температураның мәні қандай? Сығылған сутегі баллонын бөлмеде от болған жағдайда шығарудың қауіптілігі неде?
41. Джоуль-Томсон эффектісінің инверсия температурасы мен Ван-дер-Вальс газы үшін кризистік температураның мәндерінің арасында қандай байланыс бар?
42. Сұйық газды детандерлік әдіспен алу принципінің мәні неде?
43.Неліктен төменгі температураны алу мәселесі газдарды сұйылту есебімен байланысты?
44. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі бір компонентті екі фазалы жүйесі үшін қандай шамаларды өзара байланыстырады?
45. Заттың pT- диаграммасы дегеніміз не? Онда затты вызгонкалау процесінің графигі қандай? Клаузиус-Клапейрон теңдеуін вызгонкалау процесіне қалай пайдалануға болады?
46. Заттыңүштік нүктесі дегеніміз не?
47.Заттың диаграммасында балқу графигінің мүмкін болған жүрісі қандай?
48. Заттың сұйық фазасының кристалға алмасуының үзіліссіз процесі мүмкін бе?
49. Екі кристалдың модификацияда кристалданатын заттың pv диаграммасының түрі қандай?
50.Фаза ережесінің мазмұны неде?
51. Атмосфералық қысымдағы қатты көмірқышқылының тәртібін pv-диаграммасын пайдаланып түсіндіру.
52. Неліктен баллонда сығылған сұйық көмірқышқылын атмосфераға шығарған кезде салқындайды және кристалданады?
53. Заттың қатты, сұйық және газ фазаларының өмір сүру шартын бейнелейтін заттың vТ диаграммасының түрі қандай болады?
54. Көлемі өзгермейтін затты Т>Ткр бастапқы күйден алдын-ала екі фазалы сұйық-газ жүйесін туғызбай салқындату арқылы кристалдандыру қандай жағдайда мүмкін болады?
55.Бірінші текті фазалық алмасу кезіндегі заттың энтропиясының өзгерісін қалай есептеуге болады?
56. Заттың қатты, сұйық фазаларының метастабилдік күйлері дегеніміз не?Кристалдардың қызуы (перегреви) мүмкін бе?
57. Термодинамикалық тұрғыдар шыны дегеніміз не?
58. Кристалдың торларының симметириясының элементтері өмір сүреді? Браве кристалдық торының қанша симметрия түрлері белгілі?
59. Қатты денелердегі фазалық алмасулардың мәні неде?
60. Қандай алмасулар бірінші текті алмасулар деп аталады?
61. Сіздерге қатты денелердегі қандай бірінші және екінші текті алмасулардың мысалдары белгілі?
62. Екінші текті фазалық алмасулар маңында жылу сыйымдылық температурадан қалай тәуелді болады?
63. Гелий үшін рТ диаграммасының түрі қандай болады? Онда екінші текті фазалық алмасулардың қисығы диаграммады қалай орналасқан? Бұл фазалық алмасу гелийдің қандай изотопы үшін орындалады?
64.Неліктен Дьюар ыдысында сұйық гелий Не – II-нің температурасы қайнап жатқан гелий Не-I-нің төмен болмаса қайнамайды?
65. Абсалюттік нөлге жуық температураларда заттың термодинамикалық параметрлері (жылу сыйымдылығы, жылулық ұлғаю коэффициенті) қандай шекке ұмтылады?
66. Заттың температурасы Т→0 ұлғайғанда изотермалары мен адиабаттарының өзара көлбеуліктері жөнінде қандай да бір нұсқаулар беруге бола ма?



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау