|
Курстыѕ маќсатыТермодинамиканың екінші заңы бойынша тексеру сұрақтары
|
бет | 19/21 | Дата | 27.11.2022 | өлшемі | 0,55 Mb. | | #40357 |
| Мол.физика(умкд)Термодинамиканың екінші заңы бойынша тексеру сұрақтары:
1. Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасы қандай?
2.Клаузистің қолданған екінші заңының тұжырымдамасындағы “компенсация” термині әр түрлі жағдайлардағы мәні қандай?
3. Термодинамиканың екінші заңының Клаузиус және Томсон-Планк тұжырымдамаларының эквиваленттілігін қалай дәлелдеуге болады?
4. кей жағдайда жасалатын термодинамиканың екінші заңы жылудың толығымен жұмысқа алмасуының мүмкін еместігі жөніндегі тұжырымдама дұрыс па?
5. Бірінші және екінші шекті “мәңгілік двигательдердің ” айырмашылығы неде?
6. Температураның абсалюттік термодинамикалық шкаласы қалай анықталады?
7. Температураның абсалюттік термодинамикалық шкаласының температураның империялық абсалюттік шкаласынан артықшылығы неде?
8. Температураның термодинамикалық шкаласы қалай жүзеге асады?
9. Келтірілген жылу мөлшері дегеніміз не?
10. Карно циклы үшін келтірілген жылу мөлшерлері қандай шартты қанағаттандырады?
11. Кез келген дөңгелек процестер үшін келтірілген жылу мөлшерлері қандай шартты қанағаттандырады?
12. Энергия функциясының дифференциялы dS1 қалай жазылады?
13. Энтропия күй функциясы бола ма?
14. Термодинамиканың екінші бастамасын энтропия функциясы арқылы қалай жазуға болады?
15. Қайтымды және қайтымсыз процестерде энтропия қалай өзгереді?
16. Қайтымды дөңгелек процестер үшін ДД мәні неге тең?
17. Мына өрнектің ДД бөліміндегі температура қандай денелердің температурасы?
18. Адиабаталық процестерде энтропия қалай өзгереді?
19. Идеал газдың энтропиясы үшін өрнек қалай жазылады?
20. Идеал газдың энтропиясы оның кеңістікте адиабатты ұлғайған кезде өзгере ме?
21.Қандай бір жүйеже дөңгелек адиабаттық процесті жүзеге асыруға бола ма?
22. Жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйге жақындығында оның энтропиясы қандай бағытта өзгереді?
23. Энтропияның толық дифференциялын (dS) пайдаланып термодинамикалық шамалардың арасындағы қандай қатынастарды алуға болады?
24. Заттың жылулық ұлғаю коэффициентінің алгебралық таңбасы мен осы заттың адиабаттық деформациясы кезіндегі температурасының өсімшесінің алгебралық таңбасының арасында қандай байланыс бар?
25. Адиабаттық сығылу кезінде зат әр уақытта қыза ма?
26. Термодинамиканың екінші бастамасының көмегімен кез келген зат үшін Сρ және Сν мәндерінің арасындағы қатынасты қалай табуға болады?
27. Заттың тұрақты қысымдағы және тұрақты көлемдегі жылу-сыйымдылықтары Сρ және Сν мәндері бір-біріне тең болады?
28. Осы шамалардың айырмасы қай уақытта шексіздікке ұмтылады?
29. Механикалық үйкелістермен жетектелетін барлық процестер қайтымсыз процестер болып табылады ма?
30. Бірдей температура интервалында жұмыс жасайтын қайтымды емес жылу әшинесінің пайдалы әсер коэффициентінің қайтымды жылу мәшинесінің пайдалы әсер коэффициенттерінің мәндері жөнінде не айтуға болады?
31. Неліктен барлық практикалық жүзеге асатын мәшинелердің циклдері қайтымсыз?
32. Қайтымды мәшинелер жүзеге асырылған жағдайында қандай практикалық қиындықтар болуы мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|