Есеп №1. Шахтердіңтамақтану рационы 3500ккал калориялықты құрайды. Тәуліктік энергия шығыны 3600ккал құрайды. Тамақтанудың энергетикалық адекваттылығын бағалаңыз.
Есеп №2.
Студенттің тамақтану рационында 106гр май бар, оның энергия шығыны тәулігіне 2800ккал құрайды.
Калориялық квотаны есептей отырып, құрамындағы майды анықтаңыз.
Оцените содержание жиров с учетом калорийной квоты.
Есеп №3.
Мұғалімнің тамақтану рационында 70г ақуыз, оның ішінде 39г жануартекті, 70г май оның ішінде 21г өсімдік текті, 20% моносахаридтер и 80% полисахаридтер.
Мұғалім тамақтану рационының тепе-теңділігін бағалаңыз.
Есеп №4.
3 жастағы балалардың тамақтану рационында 53г ақуыз, оның ішінде 70% жануар текті, 53г май оның ішінде 1/3 өсімдік текті.
Рациондағы майлар мен ақуыздардың құрамын, тепе-теңділігін бағалаңыз.
Есеп №5.
Құрастырылған ас мәзірінде тамақтың аталуы, тамақтық азықтардың тізімі, олардың колориялығы, құрамындағы минеральды тұздар, дәрумендер, көмірсу, май, ақуыздың сапалық құрамы берілген.
Тамақтану рационын бағалау үшін ас мәзірінің дұрыс құрастырылуын бағалаңыз.
Есеп №6.
Студенттің тамақтану тәртібі азанғы ас, түскі ас және кешкі асты құрайды. Азанғы ас пен түскі астың арлығы – 7сағ., түскі ас пен кешкі астың аралығы 5 сағ. құрайды. Тамақтануды бір уақытта, бір сағатта қабылдауы, тамақтануға жеткілікті уақыт тәртібі сақталады. Тағамдардың реттілік тәртібі сақталады. Азанғы астың калориялығы 20%, түскі астың калориялығы 45%, кешкі астың колориялығы - 35%.
Тамақтану тәртібін бағалаңыз.
Есеп №7.
Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақтануында кальцийдің құрамы төмендетіліп, фосфордың құрамы жоғарлаған, аскорбин қышқылының құрамы төмендеген. Тамақтану рационын зерттеу балалар негізінен макорон, жарма өнімдері тәрізді көмірсулы тағамдармен тамақтанатындығын көрсетті.
Тамақтану рациональдылығын бағалаңыз.
Есеп №8.
29ж шахтердің тамақтану рационында 107г ақуыз, 170г май, 324г көмірсу құрайды. Тәуліктік рационының калориялығы 3254ккал. Рацион құрамындағы С дәрумені 80мг. Шахтер еңбек қарқындылығының IV тобының жұмысын атқарады.
Есеп №9.
Науқас И. 26 жаста, штукатуршы, сұрау барысында оның азаңғы және кешкі асты үйінен, ал түскі асты өзінің құрылыс комбинатында ішетіндігі анықталған. Науқастың айтуы бойынша 11 маусым күні тамақтанып болғаннан соң 2 сағаттан кейін өзін нашар сезініп үйіне қайтып кеткен. Науқас түскі аста ішкен шырынның жағымсыз дәміне назар аударған. Объективті мәліметтер: дене қызуы -37,1ºС, пульс-76рет\мин, тынысы өзгеріссіз. Іші жұмсақ. Асқазан аймағында біршама ауырсыну. Үлкен дәреті қалыпты. Жүрегі айниды. Науқас аузында жағымсыз дәмді сезінеді.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
Есеп №10.
В науқасты тексеру барысында анықталды: науқас 30 жаста, колхозшы,, үйден тамақтанады. Тағадық азықтарды, соның ішінде ұнды колхоздан алады. 1 мамыр күні сағат 12 шамасында ұйқышылдық, қол саусақтарының жансыздануын, құмырсқа жүрісі сезімін, аяғы мен қолдарының жазылуының қиындауын сезінген. Содан соңбет бұлшықеттерінің жыбырлауы, жұтынуының қиындауы қосылған.Объективті мәліметтер: дене қызуы -36,8ºС, пульс пен тыныс жиілігі өзгеріссіз. Батыр бұлшықеттерінің құрысып дірілдеуі. Ішінің аз ғана ауырсынуы. Жүрек айну. Бас айналу. Соңғы 2 айда ауылда осы тәріздес 3 жағдай болған.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
Есеп №11.
5 жасар баланы зерттегенде анықталды: 20маусымда түстен кейін №3 бала бақшаның орта тобы тәрбиешімен бірге серуендеуге шығып гүл терген. Серуендеу 1,5 сағатқа ұласқан. Келгеннен кейін тәрбиеші балада бетінің бірден қызаруын, дауысының шықпай қалуын және қарашығының үлкеюін байқаған. Объективті мәліметтер: бетінің қызаруы. Дене қызуы – 38,0ºС, пульс – 140рет/мин, күшпен. Тынысы жиі. Ауыз қуысының шырыштары құрғақ. Дауысының қарлығуы. Қаращықтары қатты кеңейген. Бала тітіркеген, көру галлюцинациясы бар.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
Есеп №12.
Алғашқы көмек ретінде Е науқасты зерттеу барысында анықталды: науқас 18 жааста, студент, студенттер асханасынан тамақтанады. Науқаспен сөйлесу барысында 18 мамыр күні аузының құрғауын, жұтынуының қиындауын, көруінің нашарлауын (тұман тәрізді) сезінген. Дәретінде өзгерістер болмаған. Объективті мәліметтер: дене қызуы-36,8ºС. Пульс-70рет/мин, жақсы толысумен. Іші ауырсынбайды, басып көргенде жұмсақ. Қарашықтары кеңейген және жарыққа сезімталсыз, птоз, ауыз қуысы щырыштарының құрғауы. Дауысы қарлыққан, жұмсақ таңдайының аздап төмен түсуі.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
Есеп №13.
Тәулік көлемінде медициналық көмекке колледждің 27 оқушысы жүгінген. Барлықтарында тіркелді: ішінің ауырсынуы, жүрек айну, жиі сұйық үлкен дәрет, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, әр түрлі дәрежедегі басының ауыруы. Барлық зардап шеккендер колледж асханасында тамақтанғаны, сонымен қатар оқушылардың көпшілігі шницель деп аталытын азыққа күдік тудырғандықтан қажеттілігіне қарсылық білдіргендігі анықталды.
Күдікті азықты алуға мүмкіндік болған жоқ, дегенмен асхана ыдыстарының шайындысында ішек таяқшасы анықталған.
Тапсырма:
1. Алдын ала қандай диагноз қойылуы мүмкін?
2. Зардап шегушілер қаралған емдеуші дәрігер қандай іс-әрекет жасауы қажет?
3.Химиялық заттардың қосылыстарымен шақырылған тамқтық улануды атаңыз.
Есеп №14.
Инфекциялық ауруханаға бір жанұяның адамдары (әкесі мен екі баласы)
Келесі клиникалық көріністермен жеткізілді: бас ауруы, ұйқысыздық, субфебрильді дене қызуы, тершеңдік, денесінің барлық бөлігінің ауырсынуы, бетінің ісінуі. Объективті: пальпацияда қабырғааралық бұлшықеттерінің бірден ауырсынуы, дауысының қарлығуы, қанда-лейкоцитоз және эозинофилия. Өзін соңғы тәуліктен науқаспын деп санайды. 1 апта бұрын ауылдан әкесі санитарлы-ветеринарлы сараптамадан өтпеген шошқа етін алып келген. Жанұяда етті қолданбаған анасынан басқасының барлығы зардап шеккен.
Тапсырма:
Науқастар қандай диагнозға күдікпен түскен, бұл ауру немен шақырылған?
Етті санитарлы – ветеринарлы сараптау жүргізу ережесін айтыңыз.
Қандай микробты емес тамақтан уланулар белгілі бір жағдайдағы улы азықтармен шақырылуы мүмкін?
Есеп №15.
Инфекциялық ауруханаға бір жанұяның адамдары бірдей клиникалық ауру көрініспен: диспепсиялық бұзылыс, көру қабілетінің бұзылуы (көзінің алдында тор сезінуі), аузының құрғауы, дауысының қарлығуы жатқызылды. Сөзі түсініксіз, балада тыныс алуы қиындаған. Дене қызуы қалыпты, есі сақталған. Жанұяның рационы соңғы 2 тәулікте: саңырауқұлақ сорпасы, қайнатылған шошқа еті, тартылған еттен котлет, үйде қуырылған шұжық, картопты езбе, голубцы, тұздарған қияр, консервіленген салат, үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақ.
Тапсырма:
Аталған ауру немен байланысты?
Аталған азықтардың қайсысы аурудың себебі болуы мүмкін?
Аталған азықтардан басқа қандай азықтар аталған ауруды шақыруы мүмкін?
Үйде дайындалған азықтарды қолдану мен дайындауда қандай жағдайды сақтау қажет?
Есеп №16.
1999ж Б. облысы Г. ауданының елді мекендерінде Чернобыль АЭС жарылуы нәтижесінде радиоактивті ластану болған, қоршаған орта нысандарының радиоактивті стронции-90 изотопымен ластанғаны зерттелген. Жергілікті өндірістің тағамдық азықтарының құрамында Sr-90; жануар өнімдерінде-25 Бк/кг; өсімік азықтарында-60 Бк/кг; ауыз суда-10Бк/л. Атмосфелық ауамен Sr-90 түсуі 1% аспаған және есептелінбеген. Жануар азықтарын ересек адамның тұтыну эквиваленті300кг сүт, өсімдік азықтарын 300 кг картоп болып табылады. Тәуліктік су тұтыну мөлшері 2кг –ға тең.
Аталған аймақтың адамдар ағзасына ауыз суымен және тағамдық заттармен жылдық түсуі тұрғысында стронциймен ластану дәрежесін бағалаңыз.
Есеп №17.
Чернобыль АЭС жарылған түні өндіріс аумағын қорғау санатындағы 600адам біршама сәулелену мөлшерін алған. Бұл адамдар барлық денесінің біртегіс сәулеленуіне тап болған. Олардың арасында 134 адамда орташа жеке мөлшері 3,4 Зв. Барлық 134 ликвидаторда жедел сәулелік ауру анықталған. Басқа ликвидаторларда жарылыстан кейінгі бірінші күндері орташа жеке мөлшері 0,56 Зв , вертолет ұшқыштарында -0,26 Зв, АЭСҚ қызметкерлерінде -0,087Зв құраған.
Ликвидаторлардың алған сәуле мөлшерлеріне, ары қарай еңбекке орналастыру тактикасы мен емдеуіне баға беріңіз.
Есеп №18.
Н. қаласының онкологиялық ауруханасындағы диагностикалық бөлімшесінің зертханасында бета-сәулеленуші изотоппен жұмыс жасайды. Зертханада 250см2 еден беткейінен шайынды алынған. Радиометриялық зерттеуден кейін шайындыдан 5,5*105бөлік/мин тең шайындының радиоактивті ластануы анықталған.
Зертханадағы еден беткейінің ластану деңгейіне қорытынды және қажет болған жағдайда оны төмендетуг ұсыныстар беріңіз.
Есеп №19.
Өндіріс мекемелерінің бірінде жұмыс аумағының шаңдануын өлшеу жүргізілді. Бірінші бөлмеде 40% 2мкм өлшемді кремнийдің бос қос тотығы бар шаң анықталған. Екінші бөлмедегі шаңның құрамы 10% SiO2-ден құралып, 20мкм бөлшектік өлшемдерін құраған.
Қай бөлмеде жағдай нашар?
Қандай шаң үлкен фиброгенді әсерге ие?
Есеп №20.
Шахтаны санитарлы зерттеу кезінде ауа сынамасы алынған. №1 сынама құрамында 2,0% кремнийдің бос қос тотығы бар көмір шаңы анықталғын. Бөлшектің өлшемдері 5-тен 12 мкм-ға дейін. Концентрациясы -9мг/м3. №2 сынама құрамында 2,0% кремнийдің бос қос тотығы бар көмір шаңы. Бөлшектің өлшемдері 0,5-тен 13 мкм-ға дейін. Концентрациясы -9мг/м3.
Сынамадағы шаң құрамына гигиеналық сипаттама беріңіз.
Есеп №21.
Өндіріс бөлмесінен ауа сынамасы аспирациялық әдіс арқылы алынды. Шаң сынамасын алғанға дейінгі сүзгінің салмағы – 428мг, сынама алғаннан кейінгі салмағы – 439мг. Аспирация ұзақтығы – аспирация жылдамдығы 20 л/мин болғанда 25 мин. Сынама алу орнындағы ауа температурасы 20ºС, барометрлік қысым 750мм.с.б.б.
Қалыпты жағдайға сығылған ауаның көлемін ескере отырып ауадағы шаң концентрациясын анықтаңыз.
Есеп №22.
Өндіріс бөлмесінен ауа сынамасы аспирациялық әдіс арқылы алынды. Шаң сынамасын алғанға дейінгі сүзгінің салмағы – 335мг, сынама алғаннан кейінгі салмағы – 343мг. Аспирация ұзақтығы – аспирация жылдамдығы 20 л/мин болғанда 25 мин. Сынама алу орнындағы ауа температурасы 20ºС, барометрлік қысым 748мм.с.б.б.
Қалыпты жағдайға сығылған ауаның көлемін ескере отырып ауадағы шаң концентрациясын анықтаңыз.
Шаң концентрациясы ШРЕМ-ға сәйкес келе ма, егер онда SiО2 құрамы 70%-дан жоғары болса?
Есеп №23.
Цехтың емханасына 35 жастағы жұмысшы жағдайының нашарлауына, ұйқысыздыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуін, себептіз қорқу сезімдерінің пайда болу шағымдарымен келген.Тексеру нәтижесінде астено-вегетативті синдром, алға созылған қолдарының ассиметриялық дірілдеуі, ауыз қуысында-гингивит пен стоматит, десналарда қара ойықтар. Қанда-лимфо- және моноцитоз анықталғын.
Кәсіби улану диагнозын қалай нақтылаймыз, зиянды факторлардың организмге әсер ету жолы қандай?
Аталған жұмысшыға қатысты және тұтасымен химиялық комбинатта қандай алдын алу шаралары қажет?
Аталған өндіірісте кәсіби улануларды алдын алу үшін қандай шаралар қажет?
Есеп №24.
Қалалық СЭС-тың жоспарлы ағымды қадағалау жүргізуінде емхананың рентген бөлмесінің еңбек жағдайын зерттеу барысында қызметкердің сыртқы сәулеленуі 100мБЭР, жылға есептегенде 5 БЭР беретіндігі бекітілген.
Рентген кабинетіндегі еңбек жағдайына гигиеналық баға беріңіз.
Берілген жағдайда қандай кәсіби ауру болуы мүмкін?
Радиацияның қандай алшақ әсерлері болуы мүмкін?
Қандай радиацияға қарсы шараларды күшейткен жөн?
Есеп №25.
35 жастағы ер адам көмір шахтасында 10 жылдан бері жұмыс жасайды. Емханаға көкірек аймағында тұрақсыз сипаттағы ауырсынуға, физиикалық күштемеде ентігуге, сирек жөтелге шағымданып келген. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі фонында екі өкпенің перифериялық аумағында 2-4мм майда, домалаққараюлар байқалған. Тыныштықта аспирациялық әдіспен шаң сынамалары алынды. Тыныштықта шаңның концентрациясы 55мг/м3. Құрамындағы кремний қос тотығы 10 %. Шаң препаратындағы шаң дисперстілігін анықтағанда шаңдардың басым бөлігі 2мкм-ге дейінгі өлшемдерге иелігін көрсетті.
Диагноз қойып, кәсіби аурудың дәрежесін анықтаңыз.
Қандай зиянды кәсіби фактор аурудың себебі болуы мүмкін?
Бұл жағдайда қандай құжаттар толтырылады?
Берілген жағдай бойынша гигиеналық, профлактикалық және оңалту шараларын ұсыныңыз.
Есеп №26.
Жанұялық дәрігерге 35 жастағы қала сырты аймағындағы жылыжай шаруашылығының жұмысшысы науқас К., үнемі бас ауруына, тітіркендігіштігінің жоғарылауына, ұйқысыздыққа шағымданады. Жылыжай жұмысшысын зерттеу кезінде астено-вегетативті синдром, асқазан жарасы ауруларының белгілері анықталған. Қанның биохимиялық зерттеуінде белсенді холинэстеразаның 30%-ға төмендегендігі анықталған.
1.Кәсіби улануға диагноз қойыңыз, ағзаға зиянды фактор әсерінің қай жолы орын алғын?
2.Еңбек жағдайына байланысты диагнозды қалай негіздейміз?
3.Тұтас жылыжайлық шаруашылық пен берілген жұмысшыға байланысты қандай гигиеналық және оңалту шаралары қажет?
Есеп №27.
Түсті метал құюмен айналысатынжұмысшыларға кезекті медициналық бақылау кезінде перифериялық қан өзгерістері: ретикулоцитоз,эритроциттердің базофильді түйіршіктелуі, гемоглобиннің төмендеуі анықталған. Қарағанда терісінің сұр түсі, қызыл иек шеттерінде сұр түсті ойықтар анықталады, қанда ауыр металдары қосылыстарының сынамасы оң мәнге ие, зәрде бұл сынама теріс, құрамындағы порфирин жоғарылығы анықталған.
1.Кәсіби улануға диагноз қойыңыз, ағзаға зиянды фактор әсерінің қай жолы орын алғын?
2.Еңбек жағдайына байланысты диагнозды қалай негіздейміз?
3.Тұтас жылыжайлық шаруашылық пен берілген жұмысшыға байланысты қандай гигиеналық және оңалту шаралары қажет?
Есеп №28.
Емханаға 41 жастағы бензин тасымалдаушы автоцистернаның жүргізушісі басының ауыруына, бас айналуына, әлсіздікке, жүрек соғуына, жүрек айнуына, жалпы денесінің дірілдеуіне, жүрек аймағында қысылу сезіміне, тамағы мен көзінің ауырсынуына шағымданып келген. Өзін үш күннен бері ауру санайды, соңғы рет автоцистернаны жуғаннан кейін көзінің жасаурауы, бас айналуы, әлсіздік, жүрек соғуы, содан сон ұйқышылдық, болбырлық, жөтел болған. Объективті: шырышты және тері қабаттары өзгеріссіз, АҚҚ 80/60мм. с.б.б., пульс 54рет/мин, дене қызуы 35,6°С, жүрек тондары тұйықталған. Үлкен дәреті қалыпты.
1.Кәсіби улануға диагноз қойыңыз, ағзаға зиянды фактор әсерінің қай жолы орын алғын?
2.Еңбек жағдайына байланысты диагнозды қалай негіздейміз?
3.Тұтас жылыжайлық шаруашылық пен берілген жұмысшыға байланысты қандай гигиеналық және оңалту шаралары қажет?
3) Аралық бақылау сұрақтары:
1-аралық бақылау
Гигиенаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
Гигиенада қандай зерттеу әдістері қолданылады?
Гигиена ғылымының басқа ғылымдармен байланысын атаңыз.
Гигиенаның бөлімдерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
Санитариялық эпидемиологиялық қызмет қалай ұйымдастырады?
Гигиеналық нормалаудың қандай қағидаларын білесіз?
Термореттеудің қандай түрлерін білесіз?
Ауа қозғалысын өлшеу әдісі қандай?
Барометрлік қысымды өлшеудің әдісі қандай?
Ауа қозғалысын қалай бағалаймыз?
Барометрлік қысымды қалай бағалаймыз?
Адам ағзасына төмен атмосфералық қысым қалай әсер етеді?
Адам ағзасына жоғары атмосфералық қысым қалай әсер етеді?
Күннен қандай сәулелер бөлінеді?
Күн спектрі сәулелерінің биологиялық мәні неге негізделеді?
Инфрақызыл радиацияның гигиеналық мәні неде?
Ультракүлгін сәулеленудің гигиеналық мәні неде?
УК-сәулеленудің биогенді және абиогенді әсері дегеніміз не?
Күн сәулесі жетіспеушілігі дегеніміз не?
Күн сәулесінің жетіспеушілігі немен негізделеді?
Көрінетін жарықтың гигиеалық маңызы қандай?
Бөлменің тұтасымен табиғи жарықталу жағдайын бағалауға қандай көрсеткіштер мүмкіндік береді?
Жұмыс орнының табиғи жарықталу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер қандай? Оларға анықтаама беріңіз.
Бөлменің табиғи жарықталуының жарықтехникалық көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.
Жарықталу деңгейін өлшеу қандай құрылғы арқылы жүргізіледі?
Жасанды жарықталуға қандай негізгі талаптар қойылады?
Қыздыру шамдары арқылы туындайтын жарықталу кемшіліктері қандай?
Люминисцентті жарықталудың кемшіліктері және соған байланысты шамдарды қолдануды шектеу.
Ауа ортасының физикалық факторларына не жатады?
Бөлменің микроклиматы дегеніміз не?
Ауа ылғалдылығы адам организміне қалай әсер етеді?
Климат дегеніміз не?
Бөлме микроклиматын бағалауға арналған қандай құрылғыларды білесіз?
Бөлмедегі ауа қозғалысының жылдамдығын қандай құралмен өлшейміз?
Сумен қамтамасыз етудің қандай жүйесі мен көздерін білесіз?
Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық зерттеуде қандай әдістер қолданылады?
Су көздерін санитарлы қорғауда қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Су сапасымен қандай аурулар байланысты?
Су көздерінен ауыз су сынамасын алу қалай жүргізіледі?
Зертханалық жағдайда су мөлдірлігін қалай өлшейді?
Суды тазалаудың қандай әдістерін білесіз?
Суды залалсыздандыруда қандай әдістер қолданылады?
Су көздерінің санитарлы қорғау аймақтарының қандай белдеулері болады?
Су көзін таңдауға ұсыныс беріңіз.
Су факторына байланысты дамитын аурулардың алдын алу үшін қандай іс- шаралар жүргізіледі?
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы неде?
Қандай нүктелерден топырақ сынамасы алынады?
Сынамаға топырақ алудың әдісі қандай?
Талдауға топырақты қалай дайындаймыз?
Талдауға топырақты қалай өңдейміз?
Топырақ құрамында экзогенді химиялық заттардың болуының көрсеткіші.
«Топырақтың санитарлы саны» дегеніміз не?
Топырақтың гранулометриялық құрамының гигиеналық маңызы неде?
Судың сапасын жақсартуға қандай негізгі әдістер қолданады?
Судың залалсыздандыру әдістерін атаңыз.
Судағы хлорид пен сульфаттың гигиеналық маңызы қандай?
Суды хлорлау әдісін түсіндіріңіз
Қандай үрдіс судың хлор сіңіруі деп аталады?
Бос қалдық хлор дегеніміз не?
Санитарлық химиялық талдау үшін судың сынама алу әдісін түсіндіріңіз.
2-аралық бақылау
Толыққанды тамақтану және оның негізгі қағидалары туралы не айтасыз?
Тамақтану жетіспеушілігіне байланысты қандай ауруларды білесіз?
Артық тамақтануға байланысты қандай ауруларды білесіз?
Теңдестірілген тамақтану дегеніміз не?
Ересек еңбекке жарамды тұрғындардың тамақтануының физилолгиялық нормаларын өңдеу қандай факторлар негізінде қаланады?
Тамақтанудың физиологиялық нормаларын қандай көрсеткіштер анықтайды?
Адамның энергия шығынын қандай факторлар анықтайды?
Адамның қалыпты дене салмағын есептеу қалай жүргізіледі ?
Қандай патологиялық жағдайлар дұрыс тамақтанбауға байланысты болады?
Дене еңбегі мен ой еңбегі кезіндегі тамақтанудың ерекшеліктері қандай?
Тағамдық азықтардың биологиялық және тағамдық құндылықтары немен сипатталады?
Тамақтану жағдайы мен тәртібіне қандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады?
«Рациональда тамақтану пирамидасы» дегеніміз не?
Зертханалық талдау үшін тағамдық азықтардан сынама алу тәртібі қандай?
Ас мәзірін құру, есептеу, бағалау әдістерін қалай түсінесіз?
Өсімдік текті азықтардың биологиялық құндылығы неде?
Зерттеуге ұннан сынама алу қалай жүргізіледі?
Ұнның минеральды құрамын атаңыз, ол неге байланысты?
Тамақ өнімдерін консервілеудің негізгі мақсаты неге негізделген?
Негізгі азықтардың қатерсіздігін бағалау үшін қандай жедел әдістер қолданылады?
Тағамдық азықтарға гигиеналық сараптама жүргізудің тәртібін айтып беріңіз.
Консервілеудің қандай әдістері қолданылады?
Жұмыртқаны санитарлы бағалау қалай жүргізіледі?
Жұмыртқаның қатерсіздігі қалай анықталады?
Тағамдық рацион құндылығы мен сапалық құрамын медициналық бақылау қалай жүргізіледі?
Аурухана ас блоктарының санитарлы-гигиеналық зерттеу қалай жүргізіледі?
Аурухана ас блогының санитарлы тәртібі қалай бағаланады?
Стационарда аурулардың тамақтануы қалай ұйымдастырылады?
Шу қандай физикалық көрсеткіштермен сипатталады?
Таралу және уақыт сипатына байланысты шу қалай жіктеледі?
Шудың адам ағзасына әсері қандай?
Аудиометрия дегеніміз не?
Өндірістік шуды нормалау қағидалары қандай?
Жұмыс орындарында тұрақты және тұрақсыз шу қалай нормаланады?
Шумен күресудің негізгі әдістері мен құралдары қандай?
Шудың физикалық сипаттамаларын атаңыз.
Діріл адам ағзасына қалай әсер етеді?
Дірілді өлшеу және гигиеналық бағалау әдістері қандай?
Шаңдар қалай жіктеледі?
Қандай аурулар ағзаға шаңның әсеріне байланысты болады?
Шаңды нормалау үшін қандай қағидалар қолданылады?
Өндірістік шаңдардың жағымсыз әсерлерін алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Ауаның шаңдануы қалай анықталады?
Шаңды өндіріс жұмысшыларын медициналық тексеру қалай ұйымдастырылады?
Өндірістік токсикологияның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
Зиянды заттардың қауіптілігі мен улылығына анықтама беріңіз.
Қандай жағдай улылық әсердің күші мен сипатына әсер етеді?
Өндірістік улар қалай жіктеледі?
Улар организмге қалай түседі, өзгереді, ағзадан шығады?
Өндірістік уларды гигиеналық нормалаудың қағидаларын атаңыз?
Химиялық заттарға адаптацияның механизмін түсіндіріңіз және оның гигиеналық маңызы қандай?
Электромагнитті, электр және магнитті аумақтардың жағымсыз әсерлерін алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Иондаушы емес электромагнитті сәулеленуді өлшеу қалай жүргізіледі?
Нақты өндірістерде қандай сауықтандыру іс-шаралары жүргізіледі?
Жұмыс жағдайы қандай әдістермен бағаланады?
Өндіріс ұйымдарында өндіріс ортасы мен еңбек процесінің қандай зиянды факторларын білесіз?
Ауыл шаруашылығындағы еңбек процесінің қандай зиянды факторларын білесіз?
Кәсіби ауруларды, өндірістік жарақатты және жалпы аурушаңдықты төмендету және алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Дем алу мен еңбек тәртібін оңтайландыру және еңбек жағдайын сауықтандыру бойынша қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Өндіріс ұйымдарының жұмысшыларына емді-профилактикалық көмек қалай ұйымдастырылады?
Еңбектің ауырлығы мен жүктілігі қалай бағаланады?
Өндірістік улар қалай жіктеледі?
Өндірістік улардың улыылығы мен қауіптілігі қалай анықталады?
Адам ағзасына өндірістік улар қалай әсер етеді?
Жұмысшыларға өндірістік улардың қолайсыз әсерін ескерту бойынша қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Кәсіби улануларды алдын алуда қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Радиациялық гигиенаға түсінік беріңіз?
Сәулелену көздерін атаңыз?
Медицинада қандай сәулелену көздері қолданылады?
Сабақ кестесін құрудың алгоритмі қандай?
Оқушыларда уақытынан ерте қажудың алдын алу үшін сабақ кестесінің қандай көрсеткіштерін қайта талдау қажет.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жиhаздарын жасауда қандай негізгі заңды, нормативті, нормативті-техникалық құжаттар бар?
Балалар тұтынатын заттардың сапасы бойынша санитарлы қорытынды беріңіз.
Балалар мекемелерінің жиhаздарына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Оқытудың техникалық құралдарына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Мектепке дейінгі мекемелердің ойыншықтармен жабдықталуына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Мектепке дейінгі және балалар мекемелерінің жиһаздары мен жабдықталулары қалай жіктеледі?
Киімге арналған маталардың физиолого-гигиеналық құрамын (сорбциялық, өткізгіштік) сипаттаңыз.
Балаларға арналған киімдерге арналған негізгі гигиеналық талаптар қандай? Балалар киімінің қауіпсіздігінің гигиеналық талаптарын анықтайтын құжаттар.
Жылдың әр түрлі мезгілдерінде балалар киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Соғыс жағдайында татмақтануды ұйымдастыру қаалай жүргіізіледі?
Далалық жағдайда тамақтануды санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау қалай жүргізіледі?
Далалық жағдайда жеке құрамның тамақтануын медициналық бақылау қалай ұйымдастырылады?
Медициналық эвакуация этаптары мен қорғаныс кезінде тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |