Рәміз деген не? Ол белгілі идеяны білдіретін бейне.
Елтаңба деген не? Ол әрбір мемлекеттің ажырату белгісі.
Әнұран деген не? Ол- өлеңмен жазылған салтанатты ән
Қазақстан Республикасының туы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты(ені – 1 м, ұзындағы – 2
м) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және
ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан.
Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.
Өрнек қазақ халқының сәлт – дәстүрін, мәдиниетін және ұлттық өнерін білдіреді.
Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың,
байлықтың, құт – берекенің белгісі.
Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында
шаңырақ бейнеленген. Ол – елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің
біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала
уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі
пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр.Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және
Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын
көрсетеді.
Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің «бағымыз
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі
жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Сөздік.
рәміз-символ
тұтастық- единство
шексіз- бесконечный
қос пырақ- пара скакунов
алтын түстес- золотистого цвета
айрықша- особенно
мәртебелі- величественный
аймүйізді- единорок
Жаңа сөздерді қолдана отырып сұхбаттасыңыз.
-
ҚР-ның мемлекеттік туының авторы кім?
-
Тудың өлшемдері қандай?
-
Тудың түсі қандай?
-
Туда қандай өрнектер бар?
-
Бұл бейнелер ненің символы
ІІ. Сөйлеу үлгілерін оқып аударыңыз.
-
Елтаңбаның авторы кім?
-
Елтаңба авторлар- сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота –Аман Уәлиханов
-
Елтаңбаның түсі қандай?
-
Елтаңба алтын түстес шеңбер ішінде.
-
Елтаңбадағы ең негізгі белгі не?
-
Елтаңбадағы ең негізгі белгі шаңырақ. Ол Отан деген ұғымды білдіреді.
-
Шаңырақ бұрын геральдикада пайдаланылды ма?
-
Жоқ..
-
Шаңырақ геральдика тарихында тұңғыш рет Қазақстан елтаңбасында
пайдаланылды.
-
Елтаңбада тағы нелер бейнеленген?
-
Ай мүйізді қос пырақ, бес бұрышты жұлыз бейнеленген.
Тапсырмалар:
[5] 131-135беттер
1 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазу
2 тапсырма.Көп нүктенің орнына сұрақ қойыңыз
3 тапсырма . Салыстыру жасаңыз
Бақылау сұрақтары:
1. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?
2. Рәміз деген не?
3. Тудың түсі қандай?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Әнұран қашан қабылданды?
ООӨЖ:Жай септеу. Мысал келтіру.Әнұран жаттау. [5] 140 бет.
ОӨЖ: Тәуелді септеу.ҚР-ң туы [5] мазмұндау.
Әдебиеттер:[5] 140 бет
Тақырыбы: Жіктік жалғау. Астана – бас қалам
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Астана қаласы туралы мәліметі болуы
Елорда туралы сөйлеу үлгілерін игеруі
Әдеп ережелерін игеруі
Астана қаласы
Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920 - 1925), одан кейін
Қызылорда (1925 - 1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.
1997 жылы қазанның 20 –сында Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан
Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы
мамырдың 6 – сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы
Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10 – ында тәуелсіз
Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана
қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып
өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы
демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент
ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы,
Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлері мен ғимараттар бой
көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері
орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның XXI ғасырдағы бақытты
болашағын білдіріп тұр.
Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше.
Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана
тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген конақтарды таң қалдырады.
Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономиялық, мәдени орталығы,
бас қала.
Сөздік
жариялау – объявлять
жарлық – указ
елбасы – президент
қол қою – подписывать
салтанатты – праздничный
ашылу рәсімі – церемония открытия
көрікті – красивый
айналу – превращаться
батпақ – грязь
қалын өсетін – густно растущий
қамыс – камыш
бой көтеру – подняться ввысь
ескерткіш – памятник
атылған – взметнувшийся
Тапсырмалар [5] 169-171 беттер
Түрлі тілдік жағдаятта сөйлесу
1 тапсырма
2 тапсырма
3 тақпақпен жұмыс
Жіктік жалғау
Жекеше
Көпше
мен
-мын,мін;-бын, бін; -пын, пін
біз
-мыз,міз;-быз,біз;-пыз,піз
сен
-сың,сің
сендер
-сыңдар, сіңдер
сіз
-сыз,сіз
сіздер
-сыздар,,сіздер
ол
олар
Тапсырмалар [1] 157-159 беттер
12 жаттығу. Сөздерді жіктеңіз
14- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз
16-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз
19- жаттығу. Сұраулы сөйлемдерді не құптаңыз,не теріске шығарыңыз
Топтастыру құрастыру
Бес жол өлең құрастыру
Бақылау сұрақтары:
Біздің елордамыз қай қала?
Астана бұрын қалай аталған?
Астананы көшіру туралы шешім қашан қабылданды?
Астанаға қандай үміт артамыз?
Астанада қандай өзгерістер болып жатыр?
Астана қаласының тарихы туралы не білесіз?
Астананың болашағы кімнің қолында деп ойлайсыз?
Астанада қандай өзен ағып жатыр?
Болашақта біз қандай Астананы көргіміз келеді?
ООӨЖ:Көптік жалғау. Алматы қаласы. [3] 46 бет.[1] 23 бет. 13-15 жаттығу, 450 бет.
Аударма жасау
ОӨЖ:Жалғауларды жаттау. Астана мәтінін мазмұндау [5]56 бет.
Әдебиеттер:
[3] 46 бет, [5] 56 бет
Тақырыбы: Зат есім. Туған жер.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Туған жер туралы ойларын жеткізе алуы;
Жаңа сөздерді сөйлеуде мақсатты пайдалана алуы
Өз туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін артыру
Туған жер.
Менің туған жерім- Қазақстан. Ол өте әдемі және үлкен мемлекет. Әлемдегі жер
көлемі бойынша тоғызыншы орын алады. Оның табиғаты өте әсем. Жан-жақты қоршаған
қалың ормандар мен биік таулар өте көп. Оның «Екінші Швейцария » деп аталған атақты
Бурабай, Зеренді, Шалқар, Сосновый бор сияқты көптеген жерлері курортты мекендерге
Достарыңызбен бөлісу: |