Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымыздатұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі,формасы т.б. қасиеттері тұтас күйіндебейнеленеді.Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдаудың қасиеттері мен түрлері.Қабылдаудың көріп қабылдау, естіп қабылдау, иіс сезіп, дәм сезіп, сипап сезіп қабылдау деген түрлері болады.
Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді.
Түйсіктің түрлері.Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді.
Түйсіктің заңдылықтары.Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, өзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер.
23, Есте сақтау және зейін: процестің мәні, түрлері, заңдылықтары.
Есте сақтау. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлыжәне ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады.
Естің поцестері. Естің түрлері.Ес мынадай түрге бөлінеді.
1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту.
2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды.
3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту.
4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |