«Кселл» АҚ директорлар кеңесі «Кселл» АҚ Еңбекті және



жүктеу 387,84 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі387,84 Kb.
#21716


 

 

 



 

 

 

 

Мақұлдаған 

«Кселл» АҚ директорлар кеңесі

 

«Кселл» АҚ Еңбекті және 

денсаулықты қорғау саласындағы 

саясаты  

 

Жария құжат 

 

Күні                                              Page No.     

2014 


қараша 1 (2)          

 

 



«КСЕЛЛ» АҚ ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 

САЯСАТЫ  

 

 

                                                                       

 

 

 



Сипаттамасы 

«Кселл»  АҚ  еңбекті  және  денсаулықты  қорғау  саласында  жеке  стандарттарын 

анықтау  мақсатында  осы  Саясатта  баяндалған  ұстанымдарды  қабылдады.  Өзіміздің 

күнделікті  қызметімізде  біз  «Кселл»  АҚ  қызметкерлерінен  бизнесті  жүргізу  тәсілі 

ретінде  осы  Саясатта  баяндалған  талаптардың  және  жоғары  стандарттардың 

қадағалануын  талап  етеміз.  Осы  Саясат  TeliaSonera  Компаниялар  тобының  еңбекті 

және денсаулықты қорғау саласындағы саясатымен салғалас. 

 

1. 

Негізгі ұстанымдар 

«Кселл»  АҚ-да  жұмыс  істейтін  немесе  бізбен  ынтымақтастық  жүргізетін  адамдардың 

барлығының  еңбек  жағдайын  жақсарту  және  денсаулықтарын  қорғау  барлық 

бөлімшелердегі  басқарушы  ұстанымымыз  болып  табылады.  Жазатайым  оқиғалар, 

уақиғалар, жарақаттар, кәсіби ауралар, сондай-ақ қауіпсіз болып табылмайтын әрекеттер 

мен жағдайлардың алдын алу қажет. 

«Кселл»  АҚ  жұмыс  процестерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ете  отырып,  қызметкерлердің 

денсаулықтары  қалпының  нашарлау  жағдайларының  алдын  алып,  қажет  шараларды 

қабылдай  және  денсаулық  пен  әл-ауқат  мәдениетінің  нығаюына  ықпал  ете  отырып, 

қауіпсіз әрі жағымды жұмыс ортасын қалыптастырып, ұстауға талпынады.  

Осы Саясат қарастырылып отырған салада Компания басшылығын жүргізу мен қызметін 

бақсару  жөніндегі  «Кселл»  АҚ  талаптарының  жиынтығы  болып  табылады.  Осы  Саясат 

қағидалары  барлық  қызметкерлердің  назарына  жеткізілуі,  сондай-ақ  тұрақты  даму 

ұстанымдарына  сәйкес  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмысты 

нығайту  мақсатында  олардың  орындалуына  тұрақты  бақылау  жүргізілуі  тиіс.  Саясат 

қағидалары  сондай-ақ  жеткізушілердің  және  басқа  да  іскерлік  серіктестердің  назарына 

жеткізіліп, «Кселл» АҚ Жеткізуші тәртібінің кодексі бөлігінде шарттарда/келісімдерде тиісті 

бақылаудың қамтамасыз етілуімен көрсетілуі тиіс.  

 

 

2. 



Біздің бірегей ыңғайымыз 

 

«Кселл» АҚ еңбек қауіпсіздігі және оны қорғауды қамтамасыз етуде, тәуекелдердің алдын 



алуда, тиіссіз еңбек жағдайларына жылдам әрекет жасауда ықпал ету сияқты бағыттарды 

қамтитын  бірыңғай  әдіс  жасап  шығаруға  талпынады.  Күнделікті  қызметімізге  табысты 

ендірілген  жұмыстың  жүйелік  әдісі  және  тәжірибелік  нұсқаулықтар  қауіпсіздікті  және 

еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмысымыздың  негізін  құрауы  тиіс.  Барлық 

деңгейдегі басшыларға қауіпсіз әрі жағымды еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-

ақ  осындай  жұмыстың қызметкерлерді  компания  бизнесінің  табыстылығына  қалай  ықпал 

ететіндігіне  қатысты  хабардар  ету  жөніндегі  үлгілі  жұмысты  ұйымдастыру  міндеті 

жүктелген.   




 

 

 



 

 

 

 

Мақұлдаған 

«Кселл» АҚ директорлар кеңесі

 

«Кселл» АҚ Еңбекті және 

денсаулықты қорғау саласындағы 

саясаты  

 

Жария құжат 

 

Күні                                              Page No.     

2014 


қараша 1 (2)          

 

 



 

 

3. 



Мақсаттар 

Қауіпсіздікті  және  еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  шаралар  осы  Саясат 

қағидаларын  және  сәйкес  нұсқауларды,  сондай-ақ  жұмыс  орнындағы  физикалық, 

психологиялық  және  әлеуметтік  жағдайларға  қатысты  заңнама  талаптарын  ескерумен 

жүзеге асырылуы тиіс. Саясат мақсаты – салауатты әрі қауіпсіз тәртіп мәдениетін «Кселл» 

АҚ  барлық  қызметкерлерінің  күнделікті  еңбек  өмірінің  бөлігі  ету,  сондай-ақ  Компанияда 

және  тұтастай  елде  жергілікті  жеткізушілерімізден  сәйкес  міндеттерді  қабылдап,  оларды 

орындауды  міндеттей  отырып,  еңбек  жағдайлары  қауіпсіздігінің  қанағаттанарлық 

деңгейіне қол жеткізу.   

 

«Кселл»  АҚ  компанияда  қауіпсіз  еңбек  жағдайларының  деңгейін  көтеру  жөніндегі  негізгі 



ережелерді  орнатып,  міндеттерді  анықтайды.  Жазатайым  оқиғалардың,  кәсіби 

аурулардың  және  басқа  да  қиындықтардың  пайда  болу  тәуекелі  барынша  төмендетілуі 

қажет.  

 

Компания жұмысының осы саладағы негізгі бағыттары жұмыс орнында ауру себебімен 



болмау деңгейін төмендету, еңбекке қабілеттікті жоғалтуға байланысты және өлімге 

әкелген оқиғалар санын азайтуды қамтиды: 

 



 



жұмыс  ортасы:  электр  құрылғылары  және  статикалық  электр  жүйесі,  төмен  және 

жоғары  қысым,  нысандар  арасында  қысылу,  биіктікке  көтерілу  немесе  биіктіктен 

құлау, тайғақ бедер, балқытып пісіру немесе «ыстық жұмыстар», сондай-ақ сапарлар 

барысындағы жазатайым оқиғалар; 

 

заттар және материалдар: құлайтын заттар, ауыр нәрселерді көтеру, кесулер; 



 

температура және вентиляция (мысалы, ашық ауадағы жұмыстар); 



 

сәулелену (мысалы, электромагнитті өрістер және лазерлер); және 



 

жеке  әрекеттер:  қауіпсіз  болып  табылмайтын  және  тәуекелді  әрекеттер  (мысалы, 



қауіпсіздік белбеулерін немесе шлемдерді не қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған 

басқа да жабдықты пайдаланбау); 

 

психоәлеуметтік қарым-қатынас және эргономика мәселелері.  



 

«Кселл»  АҚ  сертификация  жөніндегі  жұмысты  OHSAS  18001  стандартына  сәйкес 

жүргізеді. 

 

 

4. 

Рөлдер және жауапкершілік 

«Кселл»  АҚ  бас  атқарушы  директоры  осы  Саясат  талаптарын  қадағалауға  жалпы  түрде 

жауапты болады және төмендегілерді жүргізуге міндетті: 

• сәйкес тәуекелдердің бағалануын қамтамасыз ету; 

•  қарастырылып  отырған  салада  үздіксіз  жақсартуды  қамтамасыз  ету  үшін  негізгі 

ережелерді және мақсаттарды орнату; 

• қызметкерлердің хабардарлық деңгейін көтеру және орындауды бақылау; және 

• жыл сайынғы негізде жүргізілген жұмысты талдау. 

 



 

 

 



 

 

 

 

Мақұлдаған 

«Кселл» АҚ директорлар кеңесі

 

«Кселл» АҚ Еңбекті және 

денсаулықты қорғау саласындағы 

саясаты  

 

Жария құжат 

 

Күні                                              Page No.     

2014 


қараша 1 (2)          

 

 



Бас атқарушы директор осы Саясат талаптарын қадағалауға жауапты және: 

•  осы  Саясат  қағидаларына,  оған  салғалас  нұсқаулықтарға,  сондай-ақ  ағымдағы 

заңнамалық  талаптар  мен  шарттарға  сәйкес  саясаттардың,  нұсқаулықтардың  және 

басқарушы құжаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге; және 

•  қарастырылып  отырған  салада  үздіксіз  жақсару  мен  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін 

жеткілікті ресурстардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. 

 

Басшылар: 



•  «Кселл»  АҚ-да  жұмыс  істейтін  немесе  онымен  ынтымақтастық  жүргізетін  адамдардың 

қауіпсіздік  және  еңбекті  қорғау  талаптарына  сәйкес  өз  міндеттерін  орындаулары  үшін 

қажет  басқарушы  құжаттарға,  ресурстарға  ие  болуларын  және  оқудан  өтулерін 

қамтамасыз етуге; және 

•  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  ұйымдастыру  және  ұстау  жөніндегі  үздіксіз  жұмыс  жасауға 

міндетті. 

  

Компания  қызметкерлері  өздерінің  денсаулықтарына  жеке  жауапты  және  қауіпсіз  жұмыс 



ортасын қамтамасыз етуге жеке үлестерін қосуға міндетті. 

 

Қауіпсіздік  департаментінің  Еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  бөлімі  негізгі  ұстанымдарды, 



саясаттарды,  бағдарламалар  мен  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  жүйлерін  жасап 

шығаруға,  бақылау  және  есеп  беру  әдістерінің  тиімділігін,  сондай-ақ  сәйкес  мәселелерді 

шешуге жауапты болады. 

 

Салауатты және қауіпсіз жұмыс ортасы – әр қызметкердің жауапкершілігі.  



 

жүктеу 387,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау