Критериалды бағалау жүйесін реттейтін нұсқаулық-әдістемелік құжаттар Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты



жүктеу 9,24 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі9,24 Kb.
#31816
ӨЖМ 1.2 Нормативтік құжаттар

Критериалды бағалау жүйесін реттейтін нұсқаулық-әдістемелік құжаттар Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)


Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандарты (бұдан әрі-МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.

Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды. Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, синтез жасауы және бағалауы анықталады.



Оқу бағдарламасы


Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.

Оқу жоспары


Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.

Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі


Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады. Құжат төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;

  • жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;

  • тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері.



Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық


Критериалды бағалауға арналған бұл нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. Құжат бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың дескрипторлары, балдарымен бірге берілген тапсырмалар үлгілерінен тұрады.

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы стандартталған және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін міндетті құжат болып табылады.
жүктеу 9,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау