«Кейс» гиперсілтемесін таңдаңыз.
Пән мен курсты таңдаңыз.
«Студенттер» гиперсілтемесі топтардың тізімін көруге мүмкіндік береді.
«Студенттер» гиперсілтемесін таңдаңыз.
Сіздің алдыңызда берілген курс бойынша және сол топта оқитын студенттердің тізімі.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да
қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісі келесі түрде ұйымдастырылған:
1 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (тұрақты сессия). Тұрақты сессия кезінде оқытушылар академиялық сабақтар кестесіне сәйкес оқытады. Сол кезде студенттер оқытушылар мен академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қашықтықтан оқыту орталығы қызметкерлерінің жетекшілігімен курстық кейс жұмыстарын және «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасын игереді. Білім алушыларға виртуалды сабақтар және желілік консультациялар кестесі беріледі.
2 кезең. Қашықтықтан оқыту бөлімі (тұрақты және қысқы сессия аралығында). Білім алушылар өз беттерімен тьютордың жетекшілігімен білім алады: пәндер бойынша курстық кейстің оқу материалын меңгереді, СӨЖ және СОӨЖ кестесіне сәйкес бақылау жұмыстарын орындап тапсырады. Тьюторлар қашықтықтан оқыту бөлімі кезеңінде оқу үдерісінің желілік семестрлік кестесіне сәйкес, «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен тьюторлық сыныпта желілік сабақтар өткізеді.
3 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (қысқы емтихандық сессия). Білім алушылар университетке келеді, академиялық сабақтарға қатысады, қысқы емтихандық сессияның кестесіне сәйкес бақылау және курстық жұмыстарын қорғайды, сынақтар мен емтихандар тапсырады.
4 кезең. Қашықтықтан оқыту бөлімі (қысқы және жазғы сессиялар аралығында). 2 кезеңмен бірдей.
5 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (жазғы емтихандық сессия). 3 кезеңмен бірдей. Жазғы емтихандық сессияның қорытындысы бойынша білім алушылар келесі оқу жылының курстық кейсін алады.
6 кезең. Мемлекеттік емтихандарды күндізгі бөлімде тапсыру, дипломдық жобаларын қорғау (соңғы курста).
Рефераттар, бақылау және курстық жұмыстар
Әр түрлі жазбаша жұмыстарды (рефераттар, бақылау жұмыстары, курстық жобалар) қағаз тасымалдаушыларда тапсыру күшін жойған жоқ. Сіз сонымен қоса жазбаша жұмысыңызды Қазпошта арқылы «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен немесе университеттегі оқытушыға жібере аласыз.
Рефераттар, бақылау жұмыстары мен курстық жобаларды ашық түрде қорғау жоспарланған. Жазба жұмыстарын әзірлеу барысында Сіз тьютордан қажеттілігіне қарай қашықтықтан кеңес ала аласыз.
Желілік консультациялар
Егер пәнді өз бетіңізбен меңгеру және жазбаша жұмыстарды әзірлеу барысында Сізде сұрақтар туындаса, Сіз «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен тьютордан жедел консультация ала аласыз («Кері байланыс» және «Форум» мәзіріне гиперсілтеме). Сіз консультация алу үшін өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта байланысқа шыға аласыз, тьютор Сіздің хат-хабарыңызды қарайды да, үш жұмыс күннің ішінде Сіз жауап хабарламасын аласыз.
Артықшылығы: жеделдік, бар оқу жылының ағымында желілік консультация алу мүмкіндігі.
Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты қалай алу керек
академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Интернет желісіндегі ресми өкілдігінен www.ksu.kz мекен-жайы арқылы;
академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қашықтықтан оқыту орталығының www.idl.ksu.kz сайтында;
академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ақпараттық-білім порталынан www.znanie.ksu.kz мекен-жайы арқылы;
академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қашықтықтан оқыту орталығынан: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, 1 оқу ғимараты, 122, 129 каб., тел: 8(7212)770456, e-mail: idl@ksu.kz мекен-жайы бойынша
Сіздің факультеттегі қашықтықтан оқыту үйлестірушісінен.
Достарыңызбен бөлісу: |