Красота души и тела от Спорта! Жан мен тән сұлулығының басы -спорт!



жүктеу 3,03 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата20.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#21868
  1   2   3   4   5


Красота души и тела от Спорта!

Жан мен тән сұлулығының басы -Спорт!

Жамбыл 


облыстық 

апталық спорт  

газеті

Жамбылская 



областная 

еженедельная 

спортивная 

газета


Газет 2008 жылдың 10 қаңтарынан  бастап шығады

№1-2 (279-280) 19 қаңтар 2015 жыл

жамбыл

С

порты



Ecеп

Бүгінгі санда

аЛа дОП БӘсЕКЕсі

аҚЕРКЕніҢ аЛаР асУЫ аЛда



5

4

ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ 

БЕКІТІЛДІ

Өткен бейсенбі 

күні облыс 

әкімдігінің дене 

шынықтыру 

және спорт 

басқармасының 

басшысы Гам-

лет Қайнарбеков 

2014 жылы 

атқарылған 

жұмыстары 

хақында есеп 

берді. 

М.Х.Дулати 

атындағы 

Тараз 


мемлекеттік 

университетінің  базасына  қарасты  Марс  Үркімбаев 

атындағы  Жастар  сарайында  өткен  жиынға  облыс 

әкімінің  орынбасары  Ерқанат  Манжуов,  Жуалы  ауданы 

әкімдігінің  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  бас-

шысы  Мақсұтбек  Арзымбетов,  «Айша  Бибі»  су  добы 

клубының  директоры  Алан  Балфанбаев  және  спорт 

ардагерлері  бастауыш  ұйымының  төрайымы  Мария 

Лобанова  сонымен  қатар,  елімізге  белгілі  жамбылдық 

саңлақтар,  жерлес  спортшылар  мен  БАҚ  өкілдері 

қатысты.

Аталған басқосуда алдымен сөз алған облыс әкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Нұрбапаұлы  барлық  баяндама 

оқитындарға  регламентті  белгілеп,  қатысушылар  та-

рапынан  қойылатын  сұрақтар  мен  ұсыныстарға  30  ми-

нут көлемінде уақыт берілетіндігін атап өтті. Келесі ке-

зекте сөз алған Г.Қайнарбеков, былтырғы жылы облыс 

әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 

аймақ  көлемінде  атқарған  жұмыстарын  былай  баянда-

ды:


2014 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен 

шұғылданатындар саны 23,3 пайызға жетті немесе 255 

мыңнан астам адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жыл-

мен салыстырғанда 1,6 пайызға артты (20 мың 300 адам). 

Ал,  өңірімізде  спортпен  тұрақты  түрде  шұғылданатын 

жастардың  саны  83  мыңнан  асты.  Бұл  жастардың  30 

пайызын  құрайды.  (Облыста  286,9  мың  жастар  бар). 

Сонымен  қатар,  өткен  жылы  2287  бұқаралық  спорттық 

іс-шаралар  ұйымдастырылып,  484  мыңнан  астам 

адам қатысты, 2013 жылмен салыстырғанда спорттық-

бұқаралық шаралар саны 158-ге артты.

Олардың  қатарында,  «Ауыл  жасөспірімдерінің 

спартакиадасы»,  «Ақ  бидай»  ауыл  спорты  ойындары, 

«Денсаулық  фестивалі»,  «Спорт  –  денсаулық  кепілі» 

ұранымен  спартакиадалар,  мемлекеттік  қызметшілер 

мен  еңбек  жастары,  өндіріс  орындарындағы  жұмысшы 

жастары,  кәсіби  мерекелерге  арналған  және  салалық 

қызметкерлер  арасындағы  бұқаралық  спорттық  іс-

шаралар.

Облыста 


осындай 

спорттық 

іс-шараларды 

ұйымдастыруда спорт ардагерлері тұрақты атсалысып, 

өздерінің  бай  тәжірибесімен  ұдайы  бөлісіп,  өскелең 

ұрпаққа үлгі көрсетіп келеді. Ол үшін сіздерге үлкен рах-

мет  айтуға  рұқсат  етіңіздер.  Соңғы  жылдары  облыста 

ұлттық  спорт  түрлерін  дамыту  басты  назарға  алынып 

келеді.  Оның  ішінде,  ат  спорты,  қазақ  күресі,  асық  ату 

сияқты ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға 

айналған спорттық шараларға басымдылықтар берілуде.

Аудандық  спорт  мектептерінде  көкпар,  саятшылық, 

асық ату ұлттық спорт түрлері ашылды.

 «Әулие-ата» ат-спорты клубының жастар командасы 

Қазақстан  Республикасы  чемпионатында  бірінші  орын 

иеленіп, үш дүркін жеңімпаз атанды. 



(Басы. Жалғасы 2-3 беттерде).


Спорты

жамбыл

2

19 қаңтар, 2015 жыл

№1-2 (279-280)

ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС      ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Сонымен  қатар,  басқарма  бұқаралық  спорт-

ты  тұрғындар  арасында  кеңінен  насихаттауда 

бұқаралық ақпарат құралдары «Ақ жол», «Знамя 

труда»,  «Арай»  газеттерімен  және  облыстық  те-

леарнамен  бірлесе  жұмыс  атқарып  келеді.  2014 

жылы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  спорт 

тақырыбына  362  мақала  жарияланса,  телеарна-

дан  200-ден  астам  сюжет  көрсетілді.  Бұл  өткен 

жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.

«Тараз-Арена»  спорт  сарайы  ашылғалы 

бері,  Тараз  қаласы  әлемдік  және  республикалық 

деңгейдегі  ірі  жарыстар  өткізу  орталығына  айна-

лып  отыр.  Спорт  сарайында  екі  жыл  қатарынан 

«Еуразия  барысы»,  спорттық  бильярдтан  Әлем 

чемпионаты,  Б.Момышұлы  және  Д.А.Қонаев 

атындағы  ірі  турнирлер,  волейбол  ардагерлері 

арасында және бокстан еліміздің чемпионаттары 

сынды айтулы жарыстар өткізілді.

Ал,  аталған  спорт  сарайында  ағымдағы 

жылы  волейболдан  Әлем  Кубогінің  І-ші  кезеңі, 

Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған 

қазақ  күресінен  «Еуразия  Барысы»  халықаралық 

турнирін  және  ұлттық  ат-спорты  ойындарын 

ұйымдастыру  көзделуде.  Сондай-ақ,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  20-  жылдығына,  Ұлы 

Отан  соғысындағы  Жеңістің  70-жылдығына, 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 

20-жылдығына орай спорттық іс-шаралар жоспар-

лануда.  Бұқаралық  сипаттағы  бұл  іс-шараларды 

ұйымшылдықпен өткізуге үлкен мән беріліп отыр.

2013  жылғы  9  шілдедегі  «Қазақстан  Респу-

бликасында  бұқаралық  спортты  дамыту  тура-

лы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  спорт 

ғимараттарын  және  ауылдық  округ  аппаратта-

рын  спорт  бойынша  нұсқаушы  және  нұсқаушы-

әдіскер ставкаларымен қамтамасыз ету бойынша 

хаттамалық тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі 

тарапынан  аудан  әкімдіктеріне  барлық  ауылдық 

округтерде  нұсқаушы-әдіскер  бірліктерін  ашу 

тапсырылған. Бүгінгі күнге төрт ауданда: Қордай – 

6 бірлік, Шу – 17 бірлік, Тұрар Рысқұлов – 11 бірлік, 

Сарысу  –  9  бірлік  нұсқаушы  –  әдіскер  жұмыс 

атқаруда. Ал, қалған аудандарда бұл жұмыстар өз 

деңгейінде жүргізілмей отыр.

Жастарды  жат  қылықтардан  аулақ  ұстау 

мақсатында  және  саламатты  өмір  салтын 

ұстануда оларды спортқа тар-

ту жұмыстары қолға алынған.

Ал,  кәмелетке  толмаған 

«Қиын» (257 бала) тобындағы 

балаларға  даңқты  спортшы-

лармен кездесулер, дөңгелек 

үстелдер,  ашық  сабақтар 

тағы  басқа  танымдық  ша-

ралар 


ұйымдастырылып, 

нәтижесінде 82 бала спортқа 

тартылды. 

2014 


жылы 

облыс 


тұрғындарының 

спортпен 

жүйелі  түрде  шұғылдануы 

үшін  263  спорт  нысаны 

анықталған 

болса, 


жыл 

соңында  бұл  көрсеткіш  307-

ге жетті. Яғни, бір жыл ішінде 

44  нысанға  өсті.  Оның  28-і 

Тараз  қаласында,  279-ы  ау-

дандарда  орналасқан.  Бұл 

нысандарда  тұрғындардың 

спортпен  шұғылдануы  үшін 

арнайы кестелер жасалып, ол 

жергілікті  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  жарияланды.

Осы 


тұста, 

ауыл 


мектептерінің  спорт  залда-

рын оқу процесі аяқталғаннан 

кейінгі 

мезгілде 

ауыл 

тұрғындарына,  оның  ішінде 



жастарға  қолжетімділігін  арт-

тыру назарға алынғаны дұрыс 

деп есептейміз. 

Жалпы  спорт  саласының  дамуына  2014 

жылы – 5,65 млрд. тенге бөлінді. Бұл 2013 жыл-

мен  (5,43  млрд.тенге)  салыстырғанда  4  пайызға 

артқан.  Ал,  инвестициялық  жобаларға  1,3  млрд. 

теңге  бағытталған.  Сонымен  қатар,  саланың 

материалдық-техникалық  базасын  нығайтуға 

есепті жылы 159 млн. теңге бөлінді.

Тараз  қаласы  мен  аудан  әкімдіктері  тарапы-

нан спорттық іс-шараларға 2013 жылы 67,3 млн. 

тенге  бөлінсе,  2014  жылы  бұл  мақсаттарға  90,6 

млн. теңге бөлінді, немесе 23,3 млн. теңгеге артып 

отыр.

Жалпы,  өткен  жылы  23  спорттық  нысан  іске 



қосылып, облыстағы нысандар саны 2009 бірлікке 

өсті.  (оның  ішінде,  1  спорт  сарайы,  19  стадион, 

665 футбол алаңы, 548 спорт залдары, 662 спорт 

алаңшалары  және  де  басқа  114  спорт  нысанда-

ры). 

Соңғы  жылдары  облыста 



спорт 

инфрақұрылымдарын 

дамытуда  спорт  кешендері 

мен  спорт  алаңдарын  салу 

жұмыстары  қолға  алына  ба-

стады.  Облыс  бойынша  8 

спорт  кешені,  1  спорт  сарайы 

соғылды.  Тараз  қаласында  4, 

аудандарда 4 спорт кешендері. 

Олар: Тараз қаласында 3, Сары-

су ауданы Жаңатас қаласында, 

Талас 


ауданы 

Қаратау 


қаласында  спорт  кешендері 

пайдалануға берілді, ал Жуалы 

ауданы  Бауыржан  Момышұлы 

ауылындағы  және  Мойынқұм 

ауданы Мойынқұм ауылындағы 

және Тараз қаласындағы спорт 

кешендерінің 

құрылыстары 

аяқталуда.  Тараз  қаласында 

шағын  футбол,  баскетбол 

және  волейбол  ойындарына 

арналған  жасанды  төсенішті 

арнайы  қоршалған  3  спорт 

алаңы салынды. 

Тараз қаласындағы Орталық 

стадионының  УЕФА  талап-

тарына  сәйкес  европалық 

стандартқа  бейімделіп  төбесі  жабылды  және 

қуаттылығы  1200  люкске  тең  жарықтандыру 

жұмыстары  жүргізілді.  Облыс  орталығындағы 

«Дельфин» жүзу бассейнінің куполы жаңартылды. 

Сондай-ақ,  Мерке,  Қордай  және  Жуалы 

аудандарындағы 

орталық 


стадиондарында 

күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ал,  елімізде  химия  өндірісін  өркендетуге  ат-

салысып  жүрген  «Казфосфат»  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігі  Тараз  қаласынан  заманауи 

үлгідегі спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. 

Сондай-ақ,  2015  жылы  инвестициялық  жо-

балар  аясында  бірқатар  спорт  нысандарының 

құрылысына жобалау-сметалық құжаматтамалары 

дайындалып отыр.

Оның  ішінде,  Тараз  қаласындағы  №1  спорт 

мектебінің  ангарлық  типті  спорт  кешенінің 

құрылысы,  №4  велосипед  және  су  спорты 

түрлері мектебі велобазасының құрылысы, Тұрар 

Рысқұлов ауданы мен Шу ауданы Төле би ауылын-

да дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің 

құрылысы бар.

Сонымен  қатар,  Шу  қаласында  Қазақстандық 

бокс  федерациясы  тарапынан  заманауи  үлгідегі 

спорт кешенін салу жоспарланып отыр.

Бұған  атсалысып,  игілікті  бастама  көтеріп 

отырған жерлесіміз Кеңес Одағына Еңбек сіңірген 

жаттықтырушы Юрий Андреевич Цхайдың еңбегін 

ерекше атап өткім келеді.

Облыстың  осындай  спорт  жетістіктерімен 

қатар, назар аударатын проблемаларда бар.

Соның  бірі,  облыстан  спорт  колледжі-

интернатын ашу мәселесі.

Бұл  арнаулы  оқу  орны  ашылған  жағдайда  екі 

өткір мәселе өз шешімін табады деген ойдамын.

Біріншіден, ауылдан шыққан дарынды балалар 

үлкен спорттағы жеңісті жолдарын жалғастыратын 

болады.

Екіншіден,  бүгінгі  таңда  ауылды  жерлер-



де  жетіспейтін  спорт  мамандарын,  оқытушы-

жаттықтырушылар  мәселесін  шешуге  мүмкіндік 

аламыз.

Облыс 


әкімінің 

тапсырмасына 

сәйкес 

биылғы  жылы  облыстық  спорттағы  дарынды 



балаларға  арналған  мектеп-интернатынан  фут-

бол  бөлімшесін  аштық.  Оған,  облыстық  футбол 

федерациясымен  бірлесе  ауылдық  жерлерден 

іріктеуден  өткен  14  талантты  жас  футболшы-

лар  алынды.  Біз  бұл  арада  келешекте  осындай 

жергілікті  жас  футболшылардан  «Тараз»  футбол 




жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау