қ,к, п дыбыстарына аяқталатын зат есімдерге тәуелдік жалғау жалғанғанда, бұл дыбыстардың ұяңдап кететіндігі және солай жазылатындығы ІІІ жақтағы тәуелдеулі тұлғасын беру арқылы көрсетіледі: топырағы; ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылығы; күрек, күрегі; сап, сабы; ( күректің сабы), талап, талабы; сөз соңындағы қ, к, п дыбыстарының өзгермей жазылатын тұстары да беріледі: тарих, тарихы;цех, цехы; сап, сапы; ( еңбек сабында),тип, типі; микроскоп, микроскопы;
н дыбысына аяқталатын зат есімдердің барыс жалғауы тұлғасы беріліп, сол арқылы сөздің дыбысталуындағы кейінді ықпал заңының (н дыбысының ң болып айтылуының ) жазуда ескерілмейтіндігі көрсетіледі, мысалы: алақан, алақанға;ән, әнге; қақпан, қақпанға.
-ист жұрнағымен келген орыс тілінен енген сөздер мен халық атауларының көпше тұлғасы көрсетіледі: материалист, материалистер; абхаз, абхаздар; қырғыз, қырғыздар;
Соңғы буындар р, л, й, у үнді дыбыстарынан басталатын сөздердегі қысаң ы, і дыбыстарының түсіріліп, не түсірілмей жазылатындығы тәуелдіктің ІІІ жақ тұлғасы арқылы көрсетіледі: е- рін, ерні; мұ-рын; мұрны; да-уыл, дауылы; қа-уын, қауыны; аға-йын, ағайыны; бе-йім, бейімі; пе-йіл, пейілі; баста-уыш, бастауышы т.б .; ауыл, дауыс сияқты бірен – саран сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың айтылу ыңғайына қарай ы, і әріптерінің түсіріліп те, түсірілмей де жазылатындығы ескеріледі, олар ауыл аулы және ауылы; дауыс, даусы және дауысы деп көрсетіледі.
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы былайша беріледі:
а) қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, жазылуы екіұшты болып келетін және соңғы буында и, у, ё ( ио )дауыстары бар сөздердің түрленуі арнайы көрсетіледі: конус, конусқа, конусы; шахтёр, шахтёрге, шахтёрі;
ә) ог, уг және аль, уль, ель, оид, арь, ерь, ий дыбыстар тізбегіне бітетін сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы: педагог, педагогке, педагогі; округ, округке, округі; медаль, медальға, медалі; санаторий, санаторийге, санаторийі;
б) нг, ск, кс, нк, кт, нкт, дж, фт, пт, кль, бль, мб, рг, рк, вт, рв, мн, зд, рд, ст тәрізді дауыссыз дыбыстар тізбегіне, сонымен қатар лл, мм, сс, тт, сияқты қосарлы дауыссыздарға аяқталатын сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен өзгеруі көрсетіледі. Мысалы: митинг, митингіге, митингісі; киоск, киоскіге, киоскісі, бокс, бокске, боксі, спектакль, спектакльге, спектаклі; металл, металға, металы; грамм, грамға, грамы; процесс, процеске, процестер;
в) соңғы буында и дыбысы бар сөздердің барыс жалғаулы, ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы түрі: абразив, абразивке, абразиві; такси, таксиге, таксиі;
Шылау сөздердің жазылуы
Шылау сөздер төмендегіше жазылады:
а) шылаулар,негізінде,бөлек жазылады. Мысалы: сабақтан кейін,жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?
ә) -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ды, -ді сынды шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис(-) арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Сен-ақ, келмейді-ау, әдемісін-ай, барыпты-мыс, шамалы-ақ, көретін-ді;
б) ма(ме, ба, бе, па, пе) сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында қолданылғанда мы, мі, пы, пі, бы, бі болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады. Мысалы: Келемісің? Айтыппысың? Сұлтанбысың?
Бас әріптің қолданылуы
Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, көбінесе өлеңнің әрбір сөзі бас әріппен басталып жазылады.
Жалқы есімдер (кісі аттары, географиялық атаулар, кәсіпорындардың аттары, кітап, журнал, шығарма, мереке, мекеме, ұйым аттары, т.б.)бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Абай Құнанбаев, Максим Горький, Балқаш, Алматы, М.Әуезовтің “Абай жолы” романы, Наурыз мейрамы, Мәдениет министрлігі, Ғылым академиясының Тіл білімі институты.
Күрделі есімдерден құралған мынадай атаулардың әрбір сөзі бас әріппен жазылады.
а) ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар; Қазақстан Республикасының Президенті, Халық Қаһарманы.
ә) мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың, күрделі атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы.
Ескерт:. Әртүрлі мекемелердің, білім-ғылым орындарының, бірлестіктердің, қорлардың т.б күрделі атауларының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық банк қоры, Тіл білімі институты, Ғылым академиясы. Бұлардың бірсыпырасының алдында келетін Мемлекеттік, Ұлттық, Қазақстан Республикасы деген сияқты анықтауыштардың әр сөзінің бас әріппен жазылуы сақталады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі, Мемлекеттік Қыздар педагогтік институты, Өзбекстан Республикасы Жоғары соты.
Бірінші әріптерден қысқарған сөздердің әрбір әрпі бас әріппен жазылады. Мысалы: ТМД(Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), ҚР(Қазақстан Республикасы), БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚ(Акционерлік қоғам),КЖД (Кедендік жүк декларациясы)
Ескерту: Әріптерден қысқарған сөздердің бірқатары өзге тілдердегі тұлғасымен қолданылады: НАТО, ЮНЕСКО, ГУЛАГ, УАЗ (автомашинасы).
Алғашқы сөздің басқа буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздердің қысқарған буынының алғашқы әрпі бас әріппен, қалған әріптері кіші әріппен жазылады, ал одан кейінгі бас әріптерден қысқарған тұлғалар сол күйінде сақталады. Мысалы: ҚазТАГ – Қазақ Телеграф агенттігі, ҚазМУ – Қазақтың мемлекеттік университеті.
Сөздердің тасымалдануы
Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады. Мысалы: ала-қан, ор-на-лас-ты-ру.
Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: да-уыс (дау-ыс емес), са-уат (сау-атемес), да-йындық (дай-ындық емес), құ-йын (құй-ын емес). Ал үу, ұу, ый, ій дыбыстар тіркесінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер тасымалданғанда, тасымал жігі дауыстыдан басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қи-ын, ти-ын, жи-ын (тасымалданудың бұл түрі қазақ сөздері буындалуының табиғатына қарай емес, қос дыбысты и, у деген жалаң таңбалармен жазуға байланысты қолданылатын шартты ереже).
Ескерту: Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. Мысалы: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгірт-теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес).
Жазып келе жатқанда жолға сыймаса, мынадай орындарда тасымал жасауға болмайды:
а) екі, үш не одан да көп әріптерден құралған бір буынды сөздер жеке тұрғанда тасымалданбайды. Мысалы: ай, күн, вольт, кварц, пункт;
ә) сөздің жеке әрпін сол жолдың өзінде қалдыруға да, келесі жолға тасымалдауға да болмайды. Мысалы: ара (а-ра, ар-а емес), аяқ (а-яқ емес), алақан (а-лақан емес);
б) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы; БҰҰ (Б-ҰҰ немесе БҰ-Ұ емес)
Тест тапсырмалары
Т-Ф
1.Бірыңғай жуан дыбыстан тұратын сөзді тап
А)көйлек В)кітап С)күн Д)құрылысшы Е)кілем
2.Бірыңғай жіңішке дауыстыдан тұратын сөзді тап
А)тыныштық В)басылым С)мұғалім Д)көзілдірік Е)болашақ
3.Дауысты дыбыстарды табыңыз
А)б,ж,з,с,р В)ц,ш,к,й,д С)х,һ,ц,к,л Д)а,ә,о,у,е Е)б,в,г,ғ
4.Дауысты дыбыстар нешеу?
А) 15 В) 26 С) 12 Д) 10 Е) 7
5.Ашық дауыстыларды табыңдар
А)і,ә,ұ,ү,у В)о,ө,а,ә С)о,ө,ұ,ү,и Д)і,а,ы,ә,е Е)а,б,в,г
6.Еріндік дауыстыларды тап
А)с,т,п,р,ж В)қ,ш,ғ,д,г С)о,ө,ұ,ү Д)і,а,ы,ә,е Е)а,б,и,г
7.Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
А)жуан В)жіңішке С)ашық Д)езулік Е)ұяң
8.Жуан дауысты дыбыс қалай жасалады?
А)жақтың қатысына қарай В)тілдің қатысына қарай С)еріннің қатысына қарай Д)езудің қатысына қарай Е)үн мен салдырдың қатысына қарай
9.Ашық дауыстылар қалай жасалады?
А)тілдің қатысына қарай В)еріннің қатысына қарай С)езудің қатысына қарай Д)жақтың қатынасына қарай Е)ерін мен езудің қатысына қарай
10.Сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді
А)3 В)5 С)4 Д)2
11.Қайсысы езулік дауысты жыбыстарға жатады?
А)а,е,ә... В)о,ө,ы... С)и,у,ұ... Д)а,о,ө... Е)ы,і,у...
12.Дауысты қысаң дыбыстар қайсы?
А)ы,і,и В)л,е,н С)ы,ө,ә Д)у,ұ,ә Е)у,ұ,ө
13.Қай дауысты дыбыс жіңішке ашық езулікке жатады?
А)ұ В)ә С) а Д)і Е)у
14.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
А)38 В)42 С)36 Д)12 Е)26
15.Бірыңғай еріндік дауысты қатысқан сөзді тап.
А)барымталасу В)болжалдық С)бұлбұл Д)бұқтыр Е)мұғалім
Т-Л
1. Лексикология нені қарастырады?
А.Тіл дыбыстарын
В. Сөз мағынасын
С. Сөз құрамын
Д. Сөйлем түрлерін
Е. Салалас құрмаластарды
2. Сөз мағынасының түрлері.
А. Түбір мен қосымша
В. Тура және ауыспалы мағына
С. Жалғау мен жұрнақ
Д. Біріккен сөз
Е. Қос сөз
3. Омоним сөздер дегеніміз.
А. Бірдей айтылатын, бірдей жазылатын, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
В. Бірдей айтылмайды,жазылмайды, бірақ мағыналас сөздер.
С. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Д. Тура және ауыспалы мағыналар
Е. Түбір күйіндегі мағына.
4. Омоним болатын сөз.
А. Көрші.
В. Дәптер.
С. Бес.
Д. Бер.
Е. Бейшара.
5.Синонимдік қатарды көрсетіңіз
А. Бақ, айла, жер
В. Сұлу, керек, ақ
С. Көрік, сөз, әдемі
Д. Шыдам, сабыр, төзім.
Е. Ер, шырайлы, тез.
6. Антонимдік жұпты табыңыз.
А. Тынығу-жату
В. Татуласу-жарасу
С. Әдейі-арнайы
Д. Ащы-тұщы
Е. Ағаш-тал
7. Ілгерінді ықпалды табыңыз
А. Асқазан
В. Теңізші
С. Есалаң
Д. Итбалық
Е. Қызылорда
8.Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
А. Қайнар бұлақ
В. Әсем сөз
С. Жаз мезгілі.
Д. Жылқы зауыты.
Е. Жирен қасқа
9. Көнерген сөзді көрсетіңіз
А. Лашық
В. Лашын
С. Нарық.
Д. Өрік.
Е. Арық.
10. Қарама-қарсы сөзді табыңыз.
А. Қарт, қария.
В. Күндіз, түсте.
С. Жарық, қараңғы.
Д. Тұлға, сымбат
Е. Тебіншек, шегіншек
11. Синоним сөздерді табыңыз
А. Ақылдасу, кеңесу
В. Алды-арты
С. Жүзік,алқа.
Д. Бала, туыс
Е. Қой, ешкі
12. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
А. Жұмған аузын ашпау
В. Көпірден өтпеу
С. Қара торы қыз
Д. Мөлдір су
Е. Әдемі жазу
13. Тура мағыналы сөзді табыңыз
А. Жылы жүзді
В. Жылы сөз
С. Жылы өң
Д. Жылы су
Е. Жылқы жылы
14. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Қымыз қасиетті асқа саналады.
В. Қараша үйден ханша шығар.
С. Айран, ірімшік, құрт- ұлттық тағамдар.
Д. Түйе сүтін емдікке пайдаланады.
Е. Биенің сүтінен қымыз дайындайды.
15. Кейінді ықпалды табыңыз.
А. Қалалық
В. Күз сайын.
С. Ақмоладан
Д. Қала
Е. Жүсіпбек
16. Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз
А. Таразы
В. Тараз
С. Ақпан
Д. Шілде
Е. Көлік
17. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А. Іні
В. Әпке
С. Қарт
Д. Дала
Е. Намыс
18.Диалект сөзді табыңыз
А. Бәтеңке
В. Жерұйық
С. Мұзжарғыш
Д. Шәугім
Е. Ғарыш
19. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А. Төршгі бөлме
В. Ит арқасы қияңда
С. Жинап алу
Д. Тау арасы.
Е. Көрер көз.
20.Омоним болатын сөзді табыңыз
А. Буын.
В. Кел.
С. Елп.
Д. Сызғыш.
Е. Қозы.
Т-1853
«Ас» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.
Алма, жидек
Нан, ет
Тамақ, тағам
Сусын, айран
Асхана, аспаз
Жуан буынды сөзді көрсетіңіз.
А. Ақыл
В. Тілек
С. гүл
D. кітап
Е. Мұғалім
3. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
А. Й
В. М
С. ғ
D. У
Е. Р
4. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А. Ағартушы
Б. Сыншы, шаңырақ
С. ғалым, батыр
D. билік, әділдік
Е. Теңіз, ұйым
5. Жатыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А. Шығыстан.
Б. Көлдер.
С. Өзеннің.
D. Батыста.
Е. Жазғы.
6. Күрделі баяндауышты табыңыз.
А. Сәлем берді.
В. Қызыл ала.
С. Сөйлесті.
D. Жазған.
Е. Ойнайды.
7. Сөйлемнің айтылуы мен интонациясына қарай бөлінуін белгілеңіз.
А. Толымды, толымсыз, жай
В. Негізгі, туынды, сұраулы
С. Жай, күрделі, лепті
D. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті
Е. Жақты, жақсыз, бұйрықты
8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Көрші отырсақ та,кездесе беруге уақыт жетпейді
В. Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр
С. Қаздар, үйректер жылы жерге ұшып кетті
D. Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады
Е. Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады
9. Түркістан қаласы қарасты облыстың атауын белгілеңіз
А. Қызылорда облысы
В. Солтүстік Қазақстан облысы
С. Қостанай облысы
D. Оңтүстік Қазақстан облысы
Е. Павлодар облысы
10. Көктем айын белгілеңіз
А. Қыркүйек
В. Науырыз
С. Маусым
D. Қазан
Е. Қараша
11. Көп нүктенің орнына сәйкес тиісті сөзді келтіріңіз.
....- теңіз, білім – қайық
А. Колледж
В. Көркем
С. Өнер
D. Ғалым
Е. Мектеп
12. Тек тұйық буыннан тұратын сөзді табыңыз
А. Кереует
В. Тарс
С. Тамақ
D. Арық
Е. Ұн
13. Түбір сөздер қатарын табыңыз
А. Жұмбақ, қалам, сүретші
В. Ауыл, оқыған, елші
С. Өзен, малшы, әнші
D. Сүретші, жазушы, келші
Е. Ғалым, жаз, кел
14. «Қоңырға»- сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз
А. Барыс септік
В. Жатыс септік
С. Ілік септік
D. Шығыс септік
Е. Табыс септік
15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
А. Елуінші
В. Үшеу
С. Бестен екі
D. Қырықтай
Е. Он екі
16. Кім? Не? Қандай? Есімдіктің қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А. Сілтеу
В. Өздік
С. Болжалдық
D. Сұрау
Е. Белгісіздік
17. Есімшенің жұрнағын табыңыз.
А. Айтты
В. Айтқан
С. Айту
D. Айтпас
Е Айтып
18. Төл сөзді табыңыз.
А. Алмас менің атымды сұрады.
В. Балам,-деді ол,-сенің атың кім?
С. Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты.
D. Жылқылар су ішуге тоқтады.
Е. Ол қашан келетінін айтты.
19. Наурызда не тойланатынын көрсетіңіз.
А. Жылдың ортасы.
В. Жылдың басы.
С. Жылдың кетуі.
D. Жылдың аяғы.
Е. Жылдың қосылуы.
20. Әміре Қашаубаев кім екенін анықтаңыз.
А. Ақын
В. Биші
С. Әнші
D. Аудармашы
Е. Сүретші.
21. Жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз.
А. Білгіш.
В. Білек.
С. Білгер.
D. Білімсек.
Е. Білгек.
22. Ма,ме,ба,бе,па,пе демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А. Сұраулық
Б. Болымсыздық
С. Нақтылық
D. Күшейткіш
Е. Шектік
23 Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А. Балалар үйге кірді.
В. Шіркін, дауысы қандай әдемі!
С. Жалпы, ол өз ісін біледі.
D. қап, бөлем!
Е. Балалар, отырыңдар.
24. Сөйлемде одағайға қатысты қойылатын тыныс белгілер қатарын көрсетіңіз.
А. Үтір, сызықша
В. Нүкте, тырнақша
С. Сұрау белгісі, леп белгісі
D. Үтір, леп белгісі
Е. леп белгісі жақша
25 Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батырын
белгілеңіз
А. Т. Бигелдинов
В. Н. Әбдиров
С. И. Панфилов
D. Ә Молдағұлова
Е. М.Мәметова
-
№
|
Т-Ф
|
Т-Л
|
Т-1853
|
1
|
Д
|
В
|
С
|
2
|
Д
|
В
|
А
|
3
|
Д
|
А
|
С
|
4
|
А,С
|
А
|
Д
|
5
|
И
|
Д
|
Д
|
6
|
С
|
Д
|
А
|
7
|
С
|
Д
|
Д
|
8
|
В
|
Е
|
А
|
9
|
Д
|
А
|
Д
|
10
|
А
|
С
|
В
|
11
|
А
|
А
|
Е
|
12
|
А
|
А
|
Е
|
13
|
В
|
Д
|
Е
|
14
|
А
|
В
|
А
|
15
|
С
|
В
|
С
|
16
|
-
|
В
|
Д
|
17
|
-
|
С
|
В
|
18
|
-
|
Д
|
В
|
19
|
-
|
В
|
В
|
20
|
-
|
А
|
С
|
21
|
-
|
-
|
А
|
22
|
-
|
-
|
А
|
23
|
-
|
-
|
Е
|
24
|
-
|
-
|
Е
|
25
|
-
|
-
|
А
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш., Қазақ тілінің қалталық оқулығы А, 1997ж.
Шаңбай Т., Байғабылова Қ., Самоучитель казахского языка 1500 слов и сочетаний «Аруна ЛТД» 2005ж.
Абубакирова А.А., Справочник школьника 5-11 классы, Қазақ тілі, «Арман ПВ» 2007ж.
Түймебаев Ж., Қазақ тілі: қысқаша грамматикалық анықтағыш
Ибрагимов Қ., Базарғалиева Б., Қазақ тілі, жоғары оқу орнына түсушілерге арналған оқулық-тест «Шың» баспасы Алматы, 2007ж.
5-11-сынып оқушыларына арналған оқулықтар (орыс мектептеріне арналған «Атамұра», «Мектеп» баспалары).
Достарыңызбен бөлісу: |