1.1 Офтольмология
Мал дәрігерлік офтальмология көздің анатомиясын, физиологиясын оқытып қана қоймай, көз патологиясының зерттеу әдістерін және көз маңында жиі кездесетін ауруларды, сонымен қоса оларды алдын-ала болдырмау шараларын үйретеді.
Офтальмология - көптен келе жатқан ертедегі ғылым.
Офтальмология саласында көптеген атақты ғалымдар, атап айтқанда Цейс, Гален, Авиценна т.б. жұмыс істеген.
Дегенмен, бұл ұзақ уақыт ішінде офтальмология саласында жиналып бақылау жұмыстары істелген. Офтальмология ілімінің нағыз дамуы тек 18 ғасырдан басталған. Бұған үлкен себеп болған 1850 жылы Гельмгольц деген ғылымның офтальмоскопты жасауы болып табылды.
Мал дәрігерлік офтальмологияның міндеттері: 1. Мезгілінде малға диспансеризациялық бақылау жасау (күнделікті, жұмалық, айлық, тоқсандық) диагнозын қойып, анықтау.Көзі зақымдалған малды бөліп, емдеу.Алдын-ала індетті болдырмау жолдарын қамту [1,2,3].
Малды витаминді, микроэлементті және макроэлементті элементтермен қамтамасыз етілуін бақылау (індетті емес көз ауруларын болдырмау).
Экономикалық шығын: көз малға кез келген жағдайда қозғалу үшін, азықтану үшін, екінші мал тисе қорғаныс үшін (үй жануарлары, қасқыр, қоян, түлкі т.б.) керек. Көзі кем малды жеке күту қажет. Кейде ауыл шаруашылық малдарының эпизоотиясында кездеседі, бүкіл табын індетке ұшырайды. Көп жағдайда көз ауруларының диагнозы қойылмай, қойылса да емдемей, аса құнды малдар ет комбинатына тапсырылады. Бұндай жағдай әсіресе өнідірістік кешендерде болады. Бұнда мал байланған соң кездері зақымданады. Мал арықтап, жүдеп, қоңын жоғалтады, сүт кешендерінде аталған тамақ азаяды, қойда жүн кемиді. Сонымен қатар малдың шығыны да болады. Қалайда болмасын зақымданған малдың көзін емдеу үшін анатомиялық құрылысын, физиологиясын, зерттеу әдістерін, онымен қоса емдеу тәсілдерін білуіміз қажет.
1.1. Қорғаныс көмекші бөлшектері:
а) көз алмасы жататын сүйекше (маңдай, шықшыт, көз жасы)
б) конус тәрізді тығыз дәнекер ұлпалық қабық (периорбита)
в) жоғарғы, төменгі және үшінші қабақтар (қабақтың сыртқы терісі,
іші-кілегей ұлпа-конъюктива деп аталады. Қабақтар бір-бірімен бұрыш
жасап көздің жағында қорғаныстық қызмет атқарады).
Қабақтар жабылғанда ішіндегісін конъюктивалдық қапшық деп атайды.
г) тері мен конъюктива тоғысқан жиектерінде көз безінің өзектері
жас түтікше, жас қапшығы жас-мұрын түтікшесіне айналады (жас сөлінде
99%+1 заттар+лизоцимнен тұрады).
д) көз майы (майлы жастық) - жылуды сақтайды «аммортизатор»,
бұл қорғаныс қызметін атқарады, көздің жақсы қозғалысына көмектеседі.
Көз алмасы үш бөліктен тұрады (немесе қабаттан): Көз алмасының пішіні оның алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген домалақ алмаға ұқсас.
Фиброзды қабат (сыртқы)
Талшықты ортаңғы қан тамырлы қабат.
Ішкі езіндік тамырлы қабат.
1) Фиброзды сыртқы қабат - тығыз дәнекер ұлпадан, 4/5 алдыңғы
артқы қан тамырлары, өте аз бөліктен қасаң (роговица), ақ қабық
(склера), қорғаныс қабығынан тұрады.
А) Ақ қабық 4/5 бөлігін алады көз алмасының фибриозды қабатының, оған көз алмасының бұлшықеттері бекиді, оның артқы бетіндегі тесік арқылы көру жүйесі өтеді.
Б) Алдыңғы қасаң қабық (роговица) сыртқы фибриозды қабаттың 1/5 бөлігін алады, мөлдір дөңгелек сағат әйнегіне ұқсас, сыртқы жағы дөңес, қан тамырлары жоқ, қалыңдығы 1мм.
Микроскоппен қарасақ 5 қабықтан құралған:
эпителие
боумен қабығы
негізгі қабық
десцеметов қабығы
эндотелие
Негізгі қабық - бүкіл қасаң қабықтың 90% алады;
Боуменова қабығы - қатты аз иілгіш және механикалық жарақаттан кейін осы қабықта ақ түседі (помутнение).
Десцеметова қабығы - иілгіш және қатты. Артқы ақ қабық пен қасаң қабық жабысқан жерін — лимба деп атайды.
2) Ортаңғы қан тамырлары талшықты қабат-көз алмасын
қоректендіріп тұратын тамырлы қабық бөліктері:
а) нұрлы қабық
б) кірпікті қабық
в) өзіндік тамырлы қабық
Көз алмасының артқы бөлігіндегі фиброзды қабықтың астында түрі қызғылт түскен қан тамырларына бай өзіндік қабық жатады. Ол көз алмасының ақ қабығы мен қасаң қабықтары шекарасы тұсында, пішіні сақина тәрізді бұлтық келген кірпікті денеге ауысады. Кірпікті дене ет ұлпасынан тұрады. Ол дөңгелек байлам көмегімен көз бұршағын іліп ұстап тұрады. Кірпікті дене көз алмасы қуысына қарай тік бағытталған нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесікті - қарашық деп атайды. Көздің тұсы осы нұрлы қабықтағы боялу пигмент торшаларының түсіне байланысты. Нұрлы қабықта екі ет ұлпасы сфинктер және дилитатор болады. Біріншісі қарашықты тарылтады, ал екіншісі ашады. Кірпікті денедегі ет ұлпаларды да көз бұршағын цианова байламы арқылы жіберіп немесе кейін тартып оны немесе дөңгелектеп (көз жақыннан көреді), кейде керісінше овалды пішін болып алыстан көреді. Кірпікті денеден көз сұйығы шығады, бір деңгейде көз қысылып ұсталады.
Өзіндік тамырлы қабат - қан тамырларына бай, көз алмасын түгелдей тамақпен қамтамасыз етеді. Кез алмасының ішінде мөлдір сәуле сындырғыш орта, көз сұйықтығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене болады.
Көз бұршағы - екі жақты томпақ линза, негізгі қабықпен сыртқы қабықтан құралған. Кез бұршағы негізгі сәуле сындырғыш орта болып табылады.
Шыны тәрізді дене - қоймалжың заттан (массадан), оның ішінде 98,5% су, қалғаны қоймалжың зат, қантамырлары жоқ. Көз қысымын бір қалыпты ұстайды, өзінде торлы және қантамырлы қабықты ұстайды, сәуле сындырғыш, орта болып табылады.
Гистологиялық зерттеуде торша қабық 10 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабығы таяқша торшалар радопсин, ал сауытша торшада иодипсин көру пигменті болады. Жарық сәулесі пигменттердің молекуласынан бұзып иондық орта пайда болып сәуле рецеп торларын қоздырады. Қараңғыда көру пигменттері көбейеді.
Таяқша торшалар - бейненің формасын анықтайды, бірақ анық керсетпейді. Қуыстарда таяқша торшалар сауытшадан көп болады, сондықтан олар түнде көрмейді. Таяқша торшалардың көру пигменттерінің жетілдіру үшін витамин «А», ол болмаса тауықтың соқыры басталады.
Қан айналу жүйелері
1. қабақ артерия системасы
2. цилиарлық система
3. торша артерия системасы
1) қабақ артерия системасы - төменгі қабақ, маңдай, шықшыт, жас артерияларынан құралған.
Цилиарлық система - қысқа артқы, қысқа алдыңғы, ұзын алдыңғы, ұзын артқы.
Торша артерия системасы - орталық артерия, торша венасы
және соның өсінділері.
Лимфа системасы - кез алмасында лимфа тамырлары жоқ, бірақ та лимфа қуысы болады. Кірпікті қабықта лимфа сұйығы еніп, ол вена системасына үш жолмен кетеді. Шлеменов өзегі (кездің алдыңғы камерасының бұрышында), Клокетов өзегі (шыны сықылды дененің жанында) және Петитов өзегі. Осы айтылған өзектер бітеліп, лимфа айналымы бұзылса, лимфа қысымы көбейіп глаукома басталады.
Көз алмасының (нерв) жүйелері - 5 бас ми жүйкелері қатысады. (3,4,5,6,7 қостар) 3- көз қозғалтушы; 4 - блоктық; 5 - шығушы; 6 -үштілік; 7 - беткейлік қос жүйелер.
Физиология терминдері:
Миопия -жақыннан көру;
Гиперметротропия - алыстан көру;
Эмиотропия - дұрыс көру;
Анизометрия - бір көз дұрыс, екіншісі жақыннан немесе алыстан көреді, әлде керісінше;
Астигматизм - сәулелер бір фокустық нүктеде қиылыспайды (сынғанда);
Аккомадация - көздің анық қасиеті, малдан қашықтағы нәрселерді көре алмау. Аккомадация кез бұршағының пішінін өзгертуіне байланысты болады, және қарашықтың ашылып жабылуына байланысты.
Монокулярлық және биокулярлық көру - бір көзбен затты анықтап көре алмағанда екі көзбен анық көруге болады.
Дальтонизм - адам, кейбір малдар түрлі түсті ажырата біледі екен, Осы түрлі-түсті ажырата білу таяқша және сауытша торшаларға байланысты. Таяқша торша нейрондарды күңдізгі, түрлі-түсті көріністі анықтайды, ал сауытша торша нейрондарды - түнгі көріністі. Кейбір еркектердің ішінде 6-7% 6 түрлі түсті көріністі ажыратпайды. Осы құбылысты жазған химик Дальтон болған. Қасқыр, бұқа қызыл түсті ажыратады, пілдер ақ түсті атқа мінген кісілерге шабады.
Достарыңызбен бөлісу: |