«Көркем қолданбалы өнер жəне кəсіптік білім беру» кафедрасы



жүктеу 250,3 Kb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата19.11.2018
өлшемі250,3 Kb.
#21268
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

 



 

 

16 



мүмкіндік  береді.  Перспективаның  бірнеше  түрі  бар:  перцепциялы 

перспектива,  кері  перспектива,  параллель  перспектива,  спираль 

тəріздес 

перспектива 

т.т. 

Қайта 


өркендеу 

дəуірінен 

бастап 

перспективаның 



кең 

тараған 


түрі 

– 

сызықтық 



перспектива. 

Перспективадағы  негізгі  маңызды  болып  табылатын  түсініктер: 

көкжиек  сызығы,  орталық  шығу  көзі,  көру  нүктесі,  қарау  бұрышы. 

Жалпы  алғанда  перспектива  суретші  таңдап  алған  көркем  əдіске 

байланысты 

композициялық 

тиімді 

шешімге 


көмектеседі. 

Ауа 


перспективасы  –  ауа  кеңістігімен  қашықтыққа  байланысты  нұсқаның, 

бейненің  көмескіленуі,  өзгеруі.  Суретші  нұсқамен  жұмыс  істеген 

уақытта  оның  алыс-жақындығына  қарай  кескін  айқындығының,  бояу 

түсі байлығының, нұрсая өзгерісін ескереді.   

 

Оны  бірінші  рет  байқап,  өз  шығармасында  бейнелеген  –  Италиян 



суретшісі Леонардо да Винчи.  

 

Перспектива  заңдылығының  ашылғаны  бейнелеу  өнеріндегі 



елеулі  оқиға  болды.  Ол  картинада  тереңдік  пен  кеңістікті  дəл 

бейнелеуге  мүмкіндік  береді.  Бейнелеу  өнерінің  көркемдігін,  əсерлігін 

арттыруға ықпал етеді. 

 

Бояу  түсі.  Ол  живопистік  шығарманың  басты  бейнелеу  құралы, 

дегенмен  бояу  түсі  графика  мен  мүсін  өнерінде  сирек  болса  да 

пайдаланылады.  Ал  қолөнер  бұйымдарында  бояу  түсі  мəндік  мағыналы 

рəмізге  ие.  Ақ  -  кіршіксіз  тазалықтың,  ұлылықтың,  бақыттың 

қуаныштың  белгісі.  Қара  –  жердің,  берекенің  нышаны.  Көк  –  аспан, 

мəңгілік  белгісі.  Қызыл  –  оттың,  күннің  рəмізі.  Сары  –  ақыл, 

парасаттың, қайғы-мұңның белгісі.  

 

Бояулар  қарқыны  живопистік  шығармадағы  бояулар  екпінділігін 



аңғартады.  Бояу  түсінің  гамасы  (гр.  gamma)  –  бейнелеу  өнерімен 

сəндік  қол  өнер  шығармаларында  бір  бірімен  байланысты  бояу 

реңдерімен үйлесімділікте болады.  Табиғат 

қоршаған 

ортадағы 

сұлулық  бояу  нақышымен  қымбат.  Олардың  көркі  ең  алдымен  түрлі 

түсті  реңімен  байланысты  айқындалады.  Түр-түсті  арнайы  зерттейтін 

ғылым  «түр-түстану»  ғылымы  деп  аталады.  Түр-түстің  шартты  түрде 

толып  жатқан  қоғамның  символикалары  мен  əр  халықтың  əдет  ғұрып, 

салт-санасына  қатысты  қолданыстары  бар.  Табиғаттағы  əр  алуан  түр-

түстерді  адам  баласы  екі  жолмен  танып  біледі.  Біріншісі  –  ғылыми 

жолмен,  екіншісі  –  халықтық  дəстүр-тəжірибе  бойынша.  Əсіресе 

бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады.  

 

Түс  живописьтің  ең  басты  құралы  болып  табылады,  яғни 



живопись  шығармасында  оның  көркемдік  құралдарының  негізін  жарық 

жəне көлеңкемен бірлікте түс құрайды. 

 

Нақ  түстік  қатынастарды  дұрыс  алу  реалистік  живописьтің  негізі 



болып  саналады.  Негізінде  суретші  бояумен  көркем  шығарма  жазуда 


 

 

 



 

 

17 



заттардың  түсін  ғана  емес,  олардың  өзара  түстік  үйлесімділігін  де 

зерттейді.  

 

Түстер  жылы,  суық  болып  екіге  бөлінеді.  Сары,  қызыл,  қызғылт, 



қызғылт сары – жылы түстерге жатады. Ол күзгі кешкі 

шапақтың піскен  нарт  алманың  түстері.  Көк,  күлгін,  көгілдір  түстер  – 

суық  түске  жатады.  Олар  аспанның  қарлы  даладағы  кешкі  ымырттың 

түсі. Жылы түске де суық түске де жататын түстер бар. Мəселен жасыл 

түс.  Бояуларды  бір-біріне  қосу  арқылы  суретші  жаңа  түс  табады. 

Түстердің саны жетеу болғанымен реңдер саны көп.  

 

Живописьте  басты  нəрсе  –  түс.  Өйткені  дүниенің  бар  байлығы 



мен  сұлулығын  сол  түс  қана  бере  алады.  Суретші  заттың  қасиеті  мен 

бояуын сол түс арқылы бере алды. 

 

Живописьтің  таза  мағынасы  –  бояу  арқылы  жазық  бетіне 



бейнелеу  деген  сөз.  Музыка  үшін  7  нота  қандай  рөл  атқарса,  живопись 

үшін  ең  қою  қалың  бояудан  ең  нəзік  реңдерге  дейін  сондай  рөл 

атқарады. Суреттің белгілі бір əсері көңіл күйдің түпкі ойын білдіреді. 

Түс  –  живописьтегі  ең  басты  нəрсе.  Əр  қилы  суретшінің  картиналарын 

салыстыра  қарасақ,  олардың  түстік  рең  талдау  жағынан  өте  –  мөте 

түрліше екенін көреміз. 

 

Живописьтік  шығарманың  өте  ұтымды,  көз  тартарлық,  сезім 



терберлік  болуы  жəне  түстердің  өзара  үйлесіп,  жарасымды  шығуы 

оның  колориті  болады.  Суретшінің  колориті  əншінің  даусы  сияқты.  Əр 

суретшіні 

колоритіне 

қарап 

бірден 


ажыратуға 

болады. 


Нағыз 

колоритте  түстерді  бірдей  зат  болмауға  тиіс,  өйткені  əр  зат  түсін 

таңдайды.  Қашанда  əр  суретшінің  өз  колориті  болады.  Колоритті 

үйренуге  болмайды,  ол  айрықша    табылған  дарын,  тек  сол  дарын 

өзіңде  бар  болса  ғана  оны  дамытуға  болады.  Колориттік  дарынсыз 

суреттің  колориттік  шешімі  де  болмақ  емес,  суреттің  жақсы 

құрастырылып,  жақсы  ойланып  салынуы  мүмкін  емес,  оның  сезімге  де 

əсері  шамалы  болады.  Суреттің  байыбына  бармай    жатып-ақ  көруші 

суретшінің  колорит  құралдары  арқылы  берген  көңіл  күйін  түсіне 

алады.  Суреттегі    түстер  қайта  үйлесіп  келгенде  суретші  колоритінің 

құпиясы  оның  шеберлігіне  байланысты.  Колорит  əдемілігі  кенептегі 

түс  пен  реңнің  орналасуына  сəйкес,  сол  түс  пен  реңнің  əр  алуан  əрі 

топтасып  келуінен  көрінбек.  Бірте-бірте  қайшы  келді-ау  деген 

түстердің  өзін  суретші  бояуларының  үйлесім  табуы  үшін  біртұтас 

жүйеге келтіріледі. 

Майлы бояумен қалай  жұмыс жасау керек 

        Жалпы  бейнелеу  өнері  жəне  сызу,  дизайн  ,  сəндік  өнер  мамандықтары 

студенттері  майлы  бояумен  жұмыс  жасағанда  көп  қатерліктер  жіберетіні  сөзсіз. 

Сондықтан    осы  кітапша  майлы  бояумен  жұмыс  жасау  тəсілдерін  əңгімелейді. 

Студенттер  қауымының  ұғымында  сабақ  беретін  мұғалоімдер  қалай  жазады, 

солай қолтаңбасына қарай тартады деген түсінік бар.  




жүктеу 250,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау