Нур-Султан, «28» желтоқсан 2020 жыл
«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БЕРУ
КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (арықарай – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
2. Конкурс жөнінде
Орталық ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.
Оператор мынадай:
1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған;
2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген;
3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмаған және (немесе) уақытылы ұсынылмаған;
4) грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.
Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:
1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінімнің ұсынылуы;
3) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе;
4) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;
5) егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.
Қағаз бетіндегі өтінімдер мен электронды тасымалдағыштағы қосымшасын мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мангілік Ел даңғылы, 30, 2 қабат, («Астана Банкі» АҚ-ның бұрынғы ғимараты)
MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына қосымша жіберуге болады.
Сұраныстар 2020 жылдың «22» қантары күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Орталық қызметкерлерінің сұраныстарды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Сұраныс форматы мен грант алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Мемлекеттік гранттар алу туралы конкурсқа қатысуға сұраныс Орталыққа қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз бетінде және электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешкаға немесе CD-диск) пошта байланысымен және электрондық поштаға (grants@cisc.kz электрондық поштасына) жіберіледі немесе Орталыққа қолма-қол конкурсқа сұранымдар қабылдау мерзімінен кешіктірілмей өткізіледі. Өтінімнің электронды нұсқасы ұсынылған электрондық тасымалдағыш Орталықта өтінімнің қағаз нұсқасымен сақталады, өтінім беруші ұйымға тасымалдағыш құрал қайтарылмайды.
Электронды тасымалдағыштағы конкурсқа қатысу туралы сұраныс MsWord форматындағы бір құжат пен жетекшінің қолы қойылып, мөрі басылған сұраныстың сканерден өткізілген нұсқасының PDF форматындағы (бір құжат ретінде) түрінде болуы тиіс.
Егер бір ҮЕҰ бірнеше әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға сұраныс берсе, әр сұранысты жеке хат түрінде жолдауды, ал сұраныстың электронды тасымалдағыштағы (USB флеш карта немесе CD-диск) көшірмесін қағаздағы нұсқаға қосымша ретінде жалғап, төменде көрсетілген мекен-жайға белгіленген уақытта жолдануы тиіс.
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;
5-тармақша бойынша ескертпелер:
Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мерзімі 3 (үш) жыл болса, 4 және 5 қосымшаны әр жылға сәйке толтыру қажет.
Шығындар сметасын жасау кезінде гранттық келісімшартта бекітілген мынадай негізгі талаптар есепке алынады:
- әлеуметтік жобалардың іс-шараларына міндетті түрде қысқаша бейне шолу жасау;
- қоғммен байланыс жөніндегі маманның, бірінші басшының және бухгалтердің жобалық топтаа міндетті түрде болуы тиіс;
- қоғамдық шаралар болған жағдайда Орталықтың логотипі мен Қоғмдық даму министрлігінің логотипі бар баннер орнатылуы тиіс.
_Өтінімді толтыру барысында жобаны жүзеге асыру 2020 жылдың 5 наурызында басталып, 2020 жылдың 29 қарашасына дейін аяқталатынын ескеру қажет. Грант жоспарында жобаның жүзеге асырылу мерзімі 1 (бір) жылдан аз және желтоқсан айын қоса алғандағы мерзім көрсетілген жобалар үшін жобаның жүзеге асрылу мерзімі жоспармен 2020 жылғы 7 желтоқсан болып табылады.
6) ұйым жарғысының көшірмесі;
7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы (яғни 2019 жылдың 31 желтоқсанына);
8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;
9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (жобаға қатысатын ұйымның ресми нысанында болған жағдайда немесе немесе жобаны қолдайтын адамнан жеке толтырылған құжат болған жағдайда беріледі).
9-тармақша бойынша ескертпелер – бар болған жағдайда беріледі
Әлеуметтік жобаға өз үлесін қосқаны жайлы ақпарат ҮЕҰ хатымен расталады. Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат.
Әлеуметтік жобаға басқа қаржыландыру көздерінен түскен үлесі жайлы ақпарат қаржыландырып отырған тұлғаның хатымен расталады Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат.
Жобаға үлесін қосатын заңды тұлға үшін ұйымның ресми бланкісінде; жобаға қолдау көрсететін жеке тұлға үшін өз қолымен толтырылған құжат тапсырылуы тиіс.
Өтінімдерді почта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі. Құжаттар тігіліп, сұраныс берушінің мөрі басылады (егер болса) және бірінші басшы немесе орынбасарының қолы қойылады.
Сұраныс беруші құжаттардың түгел болуын және ондағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі керек.
6. Өтініштерді бағалау көрсеткіштері
Өтініштер Ереженің 7-қосымшада көрсетілген көрсеткіштер бойынша сыртқы конкурстық комиссия мүшелерімен бағаланады:
№
|
Показатели оценки
|
Балл
|
Расшифровка баллов
|
1
|
Ұйымның жалпы әлеуеті:
ұйымның жарғылық қызметі жобаның мақсаттарына сәйкес келу дәрежесі;
әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы өтінім берушінің тәжірибесі;
осы уақытқа дейін жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерінің маңыздылығы;
ұйымның әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға дайындығы.
|
1 ден 5-ке дейін
|
1
|
Ұйымның жалпы әлеуеті осы көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына толығымен сәйкес келмейді
|
2
|
Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының біреуіне ғана сәйкес келеді
|
3
|
Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді
|
4
|
Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді
|
5
|
Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының барлығына сәйкес келеді
|
2
|
Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі:
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың жобаны тиімді жүзеге асыру үшін жұмыс тәжірибесі бар;
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың жобаны тиімді жүзеге асыру үшін біліктілігі бар;
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері олардың тәжірибесі мен біліктілігіне сәйкес келеді.
|
1 ден 3-ке дейін
|
1
|
Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді
|
2
|
Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді
|
3
|
Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді
|
3
|
Гранттық қаржыландыру Жоспарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ұсынылатын әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұнының бағыты:
статистикамен және ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып, проблеманы (ағымдағы жағдайды) түсіну және түсіндіру;
ұсынылатын әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ерекшелігіне сәйкес бенефициарларды қамту және жобаны іске асыру ауқымы;
ұсынылатын әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаның аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар қалай және не себепті ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін дәлелдермен түсіндірілуінің болуы;
әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жоспарлы мақсатына жетуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштері бар мониторинг жоспарының болуы;
алға қойған жетістіктер мен мақсаттарға жетудің инновациялық жолдарының болуы;
|
1 ден 7 - ге дейін
|
1
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны аталған көрсеткіштерге сәйкес келмейді
|
2
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының біреуіне сәйкес келеді
|
3
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының екеуіне сәйкес келеді
|
4
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының үшеуіне сәйкес келеді
|
5
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының төртеуіне сәйкес келеді
|
6
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының барлығына толығымен сәйкес келмейді
|
7
|
Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің барлығына толығымен сәйкес келеді
|
4
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі:
әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ұйымның рөлі нақты көрсетілген;
ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның аясындағы жоспарланған нәтижелер шындыққа негізделген және қол жетімділігі мүмкін;
жоспарланған нәтижелер тәжірибелік маңыздылыққа ие;
қаржыландыру және нәтижелерді жылжыту аяқталғаннан кейінгі әрекеттің жалғасу мүмкіндігі нақты сипатталған.
|
1 ден 5-ке дейін
|
1
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына сәйкес келмейді
|
2
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді
|
3
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді
|
4
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді
|
5
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының барлығына толығымен сәйкес келеді
|
5
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі:
сметада ұсынылған шығындар негізделген және шынайы;
ұсынылған жобаны жүзеге асыру мерзімдері негізделген және шынайы;
сметада ұсынылған шығындар әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметіне сәйкес келеді;
ұсынылған жобаны жүзеге асыру мерзімдері әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметіне сәйкес келеді.
|
1 ден 5-ке дейін
|
1
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына сәйкес келмейді
|
2
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді
|
3
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді
|
4
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді
|
5
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының барлығына толығымен сәйкес келеді
|
6
|
Жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік гранттар ұсынған жағдайда – тиісті өңірдегі үкіметтік емес ұйымның жұмыс тәжірибесі
Жергілікті бюджеттен мемлекеттік гранттар алған кезде бағаланады
|
3
|
3
|
Өтінім берушінің тиісті өңірде жұмыс тәжірибесі бар
|
Әр көрсеткіш бойынша балдар қосылып, жалпы балл есептелінеді.
Қосымша ақпарат және кеңестер
Достарыңызбен бөлісу: |