Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-3 санаты үшін: жоғары білім



жүктеу 87,88 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі87,88 Kb.
#13778
түріКонкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

    С-R-3 санаты үшін:



жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

С-R-4 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3

96 607


129 920


C-R-4

73 288

99 106

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақжайық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй, анықтама телефоны: (871136) 91-1-66, 91-6-34, факс 91-6-34, электрондық мекенжайы: bkartabaev@taxwest.mgd.kz, zko_akzhaik@kgd.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:


1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы (C-R-3 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру, болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге хабарламаларды табыс етуді бақылау, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, камералды бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақтылы және сапалы өңделуін және жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты бақылау, жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға ақпараттар мен есептіліктерді беру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне есептіліктерді уақтылы тапсыруға бақылау, уәкілетті органдармен жұмыс, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын және EUSS бағдарламасына Ф1-АП карточкаларының енгізілуін бақылау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару білімі. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 11 шілдесінен бастап 2016 жылдың 13 шілдесін қоса алғанда үш жұмыс күні ішінде мына мекен жайы 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй, анықтама телефоны: (871136) 91-1-66, 91-6-34, факс 91-6-34, электрондық мекенжайы: bkartabaev@taxwest.mgd.kz, zko_akzhaik@kgd.gov.kz бойынша жүзеге асырылады.

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын bkartabaev@taxwest.mgd.kz, zko_akzhaik@kgd.gov. kz электрондық адреске ұсына алады.



ІI. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, 24-28-85, факс 51-24-34, электрондық мекенжайы: uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, sbuketova@taxwest.mgd.kz, s.buketova@kgd.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Камералды бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне, 2019 жылдың 12 ақпанына дейін), (C-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу, салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау, Департаментке салық төлеуші ретінде тіркелуін заңсыз деп таныған жалған кәсіпкерлік материалдарын жолдау, мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу, камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану, автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару білімі. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. Камералды бақылау бөлімінің бас маманы (C-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу, салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау, Департаментке салық төлеуші ретінде тіркелуін заңсыз деп таныған жалған кәсіпкерлік материалдарын жолдау, мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу, камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану, автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару білімі. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 11 шілдесінен бастап 2016 жылдың 13 шілдесін қоса алғанда үш жұмыс күні ішінде мына мекен жайы бойынша 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, 24-28-85, факс 51-24-34, электрондық мекенжайы: uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, s.buketova@kgd.gov.kz sbuketova@taxwest.mgd.kz бойынша жүзеге асырылады.

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, sbuketova@taxwest.mgd.kz, s.buketova@kgd.gov.kz электрондық адреске ұсына алады.

Іріктеуге қатысу үшін:

а) нысанға сәйкес өтініш;

б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-3 санаты бойынша БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй, C-R-4 санаты бойынша Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй мекен-жайлары бойынша әңгімелесуден өтеді.
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы
жүктеу 87,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау