Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 үй, анықтама телефоны: 8(7232) 24-46-25, 24-48-68, 24-22-84 факс: 8(7232) 24-46-25, 24-22-84, электронды мекенжайы: m.valikhanova@kgd.gov.kz, «Б» корпусының төменгі болып табылатын бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-6 санаты үшін:
жоғары немесе ортадан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-О-6
|
74 954
|
101 604
|
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманы С-О-6 (2 бірлік).
Функционалдык міндеттері: Аса қауіпті карантинді аурулар анықталған кезде, жоғары тұрған ұйымдарға бекітілген тәсім бойынша хабарлама береді, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аумақтық МСЭҚД мен өзара бірлескен жедел жұмыс жоспарын құрады, мемлекеттік органдарға санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың қауіпті кезеңдері, санитарлық ережелердің гигиеналық мөлшерін бұзушылықтары туралы дер кезінде хабарлау, аса қауіпті ауру анықталған кезде індетке қарсы шараларды жүргізеді, жеке және заңды тұлғаларға санитарлық гигиеналық нормативті бұзу неге әкеліп соқтыратының түсіндіреді, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық - карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл қағидасына сәйкес бақылаудағы тауарларды қадағалайды және тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилақтикалық іс) саласындағы білім. Ортадан кейінгі гигиена және эпидемиология немесе емдеу ісі білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бахты» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманы С-О-6 (2 бірлік – тұрақты, 1 бірлік - уақытша).
Функционалдык міндеттері: Аса қауіпті карантинді аурулар анықталған кезде, жоғары тұрған ұйымдарға бекітілген тәсім бойынша хабарлама береді, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аумақтық МСЭҚД мен өзара бірлескен жедел жұмыс жоспарын құрады, мемлекеттік органдарға санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың қауіпті кезеңдері, санитарлық ережелердің гигиеналық нормативтерін бұзушылықтары туралы дер кезінде хабарлайды, аса қауіпті ауру анықталған кезде індетке қарсы шараларды жүргізеді, жеке және заңды тұлғаларға санитарлық гигиеналық нормативті бұзу неге әкеліп соқтыратынын түсіндіреді, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық - карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл қағидасына сәйкес бақылаудағы тауарларды қадағалайды және тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилақтикалық іс) саласындағы білім. Ортадан кейінгі гигиена және эпидемиология немесе емдеу ісі білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының жетекші маманы С-О-6 (1 бірлік).
Функционалдык міндеттері: Қолданыстағы бағдарламаны қамтамасыз етуді ілестіру және жаңасын енгізу; ҚР БСАЖ клиент бөлігін орнату. ҚР БСАЖ қолданушылар тобын анықтау; ҚР БСАЖ жұмыстарын орындау құқығын бөлу; ақпараттық күтудің бағдарламалық қамсыздандыруының дамуы, қазіргі әдістің және ақпараттың өңдеуінің ақы-пұлының енгізуі; компьютерлік жүйелерді дайындауға, енгізуге және қолдануға әдістемелік көмек көрсету; Байланыс каналын және оның сапасының жағдайына бақылау жасау (жерлік және спутниктік); электронды пошта бойынша ақпарат алмастыру жағдайына бақылау жасау, пошта серверлеріне әкімшілдендіру; ҚР БСАЖ қауіпсіздік жүйесін басқару (паролді ауыстыру, аудит режимін қосу); бөтен тұлғалардың серверлерге қатысын шектеу; жүйелерінің тоқтаусыз жұмысының қамсыздандыруы; ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының компьютерлік жүйесін әкімшілендіру; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; Басқарма құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсіндіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; Басқарманың құзырына енетін сұрақтар бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсету; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар (басқару және автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, математикалық және компьютерлік үлгілеу) немесе құқық(заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) саласында немесе ортадан кейінгі информатика және есептеу техникасы (есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, техник-бағдарламашы, ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) немесе құқық (заңгер, заңгер-кеңесші, кеден ісі) немесе экономика және бизнес (маркетинг (салалар бойынша), менеджмент(салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), экономика, есеп және аудит, статистика) саласында білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің жетекші маманы С-О-6 (1 бірлік).
Функционалдык міндеттері: Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуде құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; құпиялық іс жүргізу, Департамент қызметкелеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды дайындау; мемлекеттік құпиялардың техникалық қорғалуын ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттарға рұқсат берілген Департамент қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласында немесе ортадан кейінгі құқық (заңгер, заңгер-кеңесші) немесе экономика және бизнес (маркетинг(салалар бойынша), менеджмент(салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), экономика, есеп және аудит, статистика) саласында білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 үй, анықтама телефоны: 8(7232) 24-46-25, 24-48-68, 24-22-84 факс: 8(7232) 24-46-25, 24-22-84, электронды мекенжайы: m.valikhanova@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1 осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты ( бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде 2017 жылдың 25 сәуірінен бастап 2017 жылғы 04 мамарды қоса алғанда тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер дерпартаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Перимитин көшесі 27 үй өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер дерпартаментінің ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның http://www.kgd.gov.kz/. интернет-ресурсына орналастырылады.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |