Конкурсқа қатысушылардың лауазым санаттары бойынша білімдеріне қойылатын талаптар



Дата23.11.2018
өлшемі90 Kb.
#23549
түріКонкурс

КІШІ ЖӘНЕ ОРТА БАСШЫ ҚҰРАМНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ


Конкурсқа қатысушылардың лауазым санаттары бойынша білімдеріне қойылатын талаптар:
С-SN-8 *** санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім.
С-SVО-9 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.
С-SVR-4 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.
С-SVR-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім (учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымына).
C-SSP-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім.
С-SV-12 санаты үшін: орта білім.
С-SV-13 санаты үшін: орта білім.
Барлық конкурсқа қатысушылар үшін кәсіби сипаттамаларына қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін):
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.
Лауазымдық еңбекақылар:




Санаты

Жалақының басталатын сомасы

Жалақының шекті сомасы

1

С-SN-8 ***

132196,59

174492,42

2

С-SVО-9

64063,14

86538,33

3

С-SVR-4

92024,40

124055,97

4

С-SVR-8

56807,37

76804,98

5

C-SSP-8

56807,37

76804,98

6

С-SV-12

56099,49

76097,10

7

С-SV-13

52099,49

70097,10


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті, 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі 80, телефон: 8-(7262) 99-73-78, факс: 45-77-67, taraz dvd.gov.kz сайты кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (рота құқығымен) саптық бөлінісінің инспекторы (С-SN-8***, 5 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: көшелерде, алаңдарда және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық-саяси, жаппай-спорттық, мәдени, өзге де қорғаныс іс-шаралары кезінде құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім. Күрес пен атыстың жауынгерлік түрлері бойынша спорттық, біліктілік разрядтарының болуы (спорт шеберіне үміткер немесе спорт шебері).

Мамандығы: юриспруденция, құқық қорғау қызметі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт.

2. Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі (орналасқан жері Шу қаласы) жедел уәкілі (С-SVО-9, 5 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: есірткі қылмыстарын, есірткі сатумен, контрабандамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды, ордаларды анықтау, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: құқықтық.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар.
3. Жамбыл облысы Талас аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 1 бірлік), Шу аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қызмет көрсететін жергілікті учаскенің аумағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы, ескерту, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару.
4. Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қызмет көрсететін жергілікті учаскенің аумағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы, ескерту, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару.


5. Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (білім беру ұйымына бекітілген) (С-SVR-8, 1 бірлік), Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (білім беру ұйымына бекітілген) (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, оқушылар арасында қаңғыбастықтың жолын кесу, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар тобын анықтау.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік падагогика және өзін-өзі тану, психология.

6. Жамбыл облысы Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы 1-ші полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы (С-SVR-8, 1 бірлік), Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі анықтау тобының анықтаушысы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қылмыстық істерді тергеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: құқықтық.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.



7. Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротасы 1-ші взводының (Қордай, Шу және Меркі аудандарына қызмет көрсету бойынша) инспекторы (С-SSP-8, 3 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қызмет атқару аумағына келген шетел азаматтарының уақытша болуын қадағалайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері, шетел тілі, теология, түркітану, әлеутеттану, саясаттану, аймақтану, автоматтандыру және басқару, акпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.


8. Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі жол және техникалық инспекциясы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім. «В,С» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі болу қажет.

Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялар, көлік құрылысы, көлік тасымалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану.



9. Жамбыл облысы Меркі аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: қылмыстарды анықтау, ескерту, жолын кесу және ашу. Анықтау, тергеу органдарынан және соттан ізін жасырған, қылмыстық жазадан жалтарған, із-түзсіз жоғалған азаматтарды және басқа тұлғаларды іздестіру бойынша шараларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: құқықтық.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.



10. Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Техникалық қызмет басқармасының есеп техника құралдары және деректер беру желілері бөлімінің инженері (С-SVО-9, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: есеп техника құралдарына техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) саласында, телекоммуникациялық жабдық және тұрмыстық техникаға (салалар бойынша) қызмет көрсету және жөндеу, радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша).

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, математика, информатика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.


11. Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы (С-SSP-8, 7 бірлік), Тараз қ. Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы (С-SSP-8, 20 бірлік), Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі жол-патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (С-SSP-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім. «В,С» санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.

Мамандығы: құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, көлік, көліктік техника және технология, көлік тасымалдау, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану.


12. Жамбыл облысы Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы 2-ші полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: әкімшілік хаттамаларды және әкімшілік материалдарды тексеру. Әкімшілік материалдар бойынша ақпаратты және есептік мәліметтерді мәліметтер базасына уақытылы енгізу, сондай-ақ әкімшілік материалдарды тіркеуді есепке алу журналын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Мамандығы: юриспруденция, құқық қорғау қызметі.


13. Жамбыл облысы Қордай аудандық ішкі істер бөлімі 2-ші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі 2-ші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі 2-ші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Шу аудандық ішкі істер бөлімі 2-ші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік құпияларды қорғау және хабарламаларды өндеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, автоматтандыру және басқару, акпараттандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
14.Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (рота құқығымен) кезекші бөлімінің кезекшісінің көмекшісі (С-SV-12, 1 бірлік) (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: арнайы құрал-жарақтар мен байланыс құралдарын уақытылы беру және қабылдауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта. Күрес пен атыстың жауынгерлік түрлері бойынша спорттық, біліктілік разрядтарының болуы (спорт шеберіне үміткер немесе спорт шебері).
15. Жамбыл облысы Талас аудандық ішкі істер бөлімі қылмыс жасауда сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамақта ұстау изоляторынын полицейі (С-SV-12, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қылмыс жасауда сезікті және айыпталушы тұлғаларды күзету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.
16. Жамбыл облысы Меркі аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратын күзету бойынша тобының полицейі (С-SV-12, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: ІІД әкімшілік ғимаратына өткізіп-бақылау функциясын іске асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.

17. Жамбыл облысы Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі айдауылдау қызметі тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Талас аудандық ішкі істер бөлімі айдауылдау қызметі тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі айдауылдау қызметі тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Шу аудандық ішкі істер бөлімі айдауылдау қызметі тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қызметтік автокөлікті пайдалану және байланыс құралдарын техникалық жөндеуді және таза жағдайда ұстау, ағымдағы жөндеуді уақытылы жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.

18. Жамбыл облысы Тараз қалалық ішкі істер басқармасы кезекші бөлімінің «102» операторы (С-SV-13, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: «102» арнасы бойынша түскен хабарламаларды қабылдау және өндеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта.

19. Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі (орналасқан жері Шу қ.) жедел-іздестіру бөлімшесінің кіші жедел уәкілі (С-SV-12, 1 бірлік) (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: есірткі қылмыстарын, есірткі сатумен, контрабандамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды, сондай-ақ нашақорлық профилактикасы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.


Орта басшы құрамға орналасу үшін қойылатын қосымша талаптар: бойы –170-175 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл әскери қызметке шақырылудан босатылғандар немесе кейінге қалдырылған азаматтар. Шұғыл әскери қызметке шақырылуға тиіс, шақыру жасындағы азаматтар осы санаттағы лауазымдарға жоғары білімі болғанда ғана қабылдана алады. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.

Кіші басшы құрамға қойылатын қосымша талаптар: бойы –170-175 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, Жүргізуші құрам үшін «В,С,Д» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.


Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде құжаттарды Тараз қ. Желтоқсан көшесі № 80 мекен-жайы бойынша Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасы қабылдауды жүзеге асырады. Құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін) және ішкі істер органдарынын әскери-дәрігерлік комиссиясынан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі қажет.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау