Конкурс туралы хабарландыру «Зеленов ауданы әкімі аппараты»



Дата29.12.2019
өлшемі63 Kb.
#25410
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Зеленов ауданы әкімі аппараты» ММ: 090600, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139, 2 қабат, 19 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(71130) 22-2-25, электрондық мекен-жайы zel-personal@mail.ru Зеленов ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына бос орындарына орналасуға ІШКІ КОНКУРС жариялайды.
1. Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы. Санаты Е-3. Лауазым индексі 01-01-1. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 102466 теңгеден 138214 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Аудандық қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі аппараттарымен жедел және ақпараттық байланысты ұйымдастыру. Аудан әкімінің, аудан әкімдігінің перспективті және ағымды жұмыс жоспарын жасау, оның орындалуын бақылау. Аудан әкімдігі мәжілісіне қаралатын мәселелерді әзірлеуді ұйымдастыру. Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің тұрғын халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру бойынша жұмыс. Есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау. Сайлаушылардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жүйелі толықтырылуын бақылау. Аудандық мәслихат, ауданның атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдар құжаттарына бақылауды және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратында құжаттарды бақылау және орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтер мониторингі бас маманының жұмысын бақылау.

Ауылдық әкімдіктердің, бағыныстағылардың жұмысын ұйымдастыру қабілеті; ақпараттық-талдау жұмысы және мониторинг нышандары мен әдістерін қолдана білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1.Жоғары білім

2.Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық; Өнер; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Жаратылыс ғылымдары; Техникалық ғылымдар және технология; Ауыл шаруашылығы ғылымдары; Қызмет көрсету; Әскери іс және қауіпсіздік, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (с.і. медицина); Ветеринария мамандықтары.

2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы. Санаты Е-3. Лауазым индексі 01-02-1. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 102466 теңгеден 138214 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппаратының қызмет етуін қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратында іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімі сайтының жұмыс істеуін бақылау жасау, электрондық құжатайналымды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аудан әкімдігі мәжілісі өтетін залды әзірлеу, әкімдік мәжілісінің ресімделген хаттамаларын таратуды ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық жұмысын ұйымдастыру. «ҚПБҮ» белгісі бар құжаттармен жұмысты ұйымдастыру.

Автокөліктердің жұмыс жағдайын және жөнделуін қадағалау. Аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Аудан әкімдігі ғимаратының және оның аумағының күтіп-ұсталуын қадағалау.

Өзінің және бағыныстағылардың жұмысын болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру қабілеті; ақпараттық-талдау жұмысы және мониторинг нышандары мен әдістерін қолдана білу. Қабылдауға келушілерді қабылдау жұмысы тәжірибесінің бар болуы. Іс қағаздарын жүргізу және аппаратішілік жұмысының негіздерін білу.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Жоғары білім

2. Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық, Өнер; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Жаратылыс ғылымдары; Техникалық ғылымдар және технология; Ауыл шаруашылығы ғылымдары; Қызмет көрсету; Әскери іс және қауіпсіздік, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (с.і. медицина); Ветеринария мамандықтары.
3. Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас инспекторы. Санаты Е-3. Лауазым индексі 01-01-2. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 102466 теңгеден 138214 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастыру және өткізу. Ауылдық округ әкімдері аппараттарымен жедел және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету, олардың қызметіне практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Ауылдық округтерге шығу қорытындысы бойынша анықтамалар, есептер жасау. Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің тұрғын халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру бойынша жұмыс. Есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша іс-шараларды әзірлеу. Аудан әкімі баяндамасының жобаларын әзірлеу.

Аудан әкімі жанында өтетін кеңес, аппараттық кеңес хаттамаларын жүргізу, аудан әкімінің тапсырмаларын орындаушыларға жеткізу және олардың орындалуын бақылау.

Өз өкілеттігі шегінде сапа менеджменті жүйесі құжаттарын білу.

Өз жұмысын болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру қабілеті; ақпараттық-талдау жұмысы және мониторинг нышандары мен әдістерін қолдана білу; халықтың түрлі жіктерімен жұмыс істей білу тәжірибесі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1.Жоғары білім

2.Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық; Өнер; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Жаратылыс ғылымдары; Техникалық ғылымдар және технология; Ауыл шаруашылығы ғылымдары; Қызмет көрсету; Әскери іс және қауіпсіздік, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (с.і.медицина); Ветеринария мамандықтары.
1,2,3 тармақтарына:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


1,2,3 тармақтарына:

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


4. Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Санаты Е-G-3. Лауазым индексі 03-01-02. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Округте тұрғындардың салық төлемдерін жинап, есептер тапсыру. Ауылдық округтегі әскери міндеттілермен, әскерге шақырылушыларды есепке алу жұмыстарын жүргізу. 4 деңгейлі дербес бюджет кірістерін және жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншікті қалыптастыру бойынша жұмыс. «Парус. КАЗ-бюджет» жергілікті өзін өзі басқаруды қаржыландыру және «Web-АҚБ» бағдарламаларымен жұмыстану.

Ауылдық округтегі тәртіпбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырып, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша әкімшілік айыппұлдар салу. Азаматтардың арыздарын қарастыру бойынша ауылдық округтегі комиссия жұмысын ұйымдастырып, оған қатысу. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму паспортын дайындау.Үй шаруашылығындағы есепке алу дәптерлерімен жұмыстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.


Мынадай құзыреттердің бар болуы:

бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрижелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысуға құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Зеленов ауданы әкімінің аппаратында өтеді.


Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.


«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

_______________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені_______________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________


_______ ___________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.



Орындаушы: С.К. Измуханова; Айы-күні: 24.07.2018 ж.; Құжат «Е-қызмет» жүйесінде дайындалған


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау