«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысының «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, 070600. ШҚО, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, тел: 8(72347) 65-190, e-mail: d.akzamov@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Үшбиік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-экономисті, E-G-3 санаты (№2-20-01) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыстағы кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қадағалау, округ әкімінің өкімдері мен шешімдерін жүзеге асыру, аудандық әкім аппаратының бөлімдерімен, аудандық дербес мемлекеттік бөлімдермен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен информациялық және ұйымдастырушылық байланыс орнату; округтің қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; мемлекеттік мекеменің жылдық жоспарларын дайындауға қатысады және көрсеткіштерін талдайды. Округтің Стратегиялық жоспарын жасақтауға және іске асыруға ықпал етеді; әкім аппаратының жұмысы нәтижесін есепке алу мен талдау, статистикалық материалдар мен басқа да мәліметтерді жүйелейді және қорытады, ауылдың өркендеуіне арналған жобалар дайындау және олардың экономикалық тиімділігін анықтау, Сараптама үшін ұсынылатын объектілерді мерзімінде қарастырады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша дәлелденген, объективті және толық сараптық қорытындыны дайындайды. азаматтардың арыз, өтініштері мен шағымдарын қарауды және нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұйымдастырады. ЖТЕ базасын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент мамандықтары)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, (№2-06-03). Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылшаруашылықты дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру. Шаруа қожалықтары және жеке тұрғындарының бойынша шаруашылық кітаптарды жүргізу, толықтырулар мен өзгерістер еңгізу, мал басы туралы статистикалық есеп тапсыру, анықтамалар беру. Статистика бөліміне есеп беру. Округтегі қоғамдық құрылымдармен байланыс жүргізу. Шабындық, егістік және жайылымдық жер бойынша есеп жүргізу. Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі штабтының жұмысын ұйымдастыру, штабының құжаттарын жүргізу. Облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу. Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру. Ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қалбатау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-экономисті, E-G-3 санаты (№ 2-16-03). Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелердің, аппараттың бюджет жобасын дайындайды; Мемлекеттік органның даму бюджетінің бюджеттік бағдарламалардың тізбесін дайындайды; Индикативтік жоспар, бюджеттік сұраныс жасау, мемлекеттік сатып – алу құжаттарын реттеу, келісім шарттар жасау; Бюджеттік тапсырмаларды қарап, оған сараптама жасайды; Бюджеттік қаржының тиімді пайдалануына қадағалау жасау және ұсыныс еңгізу; Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында жобаларды жасау және жүзеге асырылуын қадағалау; Округтің әлеуметтік-экономилық төлқұжатын дайындау; Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент мамандықтары)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шалабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, (№2-22-01) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыстағы кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қадағалау, іс қағаздарын жүргізу режимін қамтамасыз ету; округ әкімінің өкімдері мен шешімдерін жүзеге асыру, аудандық әкім аппаратының бөлімдерімен, аудандық дербес мемлекеттік бөлімдермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен информациялық және ұйымдастырушылық байланыс орнату ; халықты әлеуметтік қолдау, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыру; іс қағаздарын жүргізу, азаматтардың арыз, өтініштері мен шағымдарын қарауды ұйымдастыру; анықтамалар беру; азаматтық хал актілерін жазу және нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру; азаматтар өкілдері жиындарының хаттамаларын жүргізу (сход хаттамасы); әкім аппаратында өткізілетін аппараттық және басқа да кеңестер мен жиындардың хаттамаларын жүргізу; округтегі қоғамдық құрылымдармен байланыс жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-не қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген d.akzamov@akimvko.gov.kz мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-інде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар (уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап) үш жұмыс күн ішінде құжаттарды тігілетін мұқабаға салынған мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 070600, ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105 үй, 31 каб., «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |