Конкурс туралы хабарландыру Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата13.02.2020
өлшемі97 Kb.
#28906
түріКонкурс



Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:



  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  6. ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.



D-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-3

126357

170599

D-O-4

108306

146177

D-O-5

97510

132020



4. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының орта білім беру және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 04.01.2021ж. дейін), D-О-4 санаты, № 02-04, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: мектеп бітірушілердің республикадағы, алыс және жақын шет елдердегі оқу орындарында білім алуы және тәжірибе алмасуы бойынша Халықаралық қорлармен және ұйымдармен білім мекемелерінің байланыс жұмыстарын жүзеге асырады. Кешкі мектеп, шағын жинақталған мектептер, мемлекеттік емес орта білім мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді. Мектептердегі шет тілдерінің оқытылуына бақылау жасайды. Үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру жұмыстарына жетекшілік етеді. «Өзін-өзі» тану пәнінің оқытылуына жетекшілік етеді. Бастауыш мектептердің жұмысына бақылау жасайды, бастауыш мектептер бойынша статистикалық есеп жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласында. Мамандығы: білім (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

5. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу кезеңіне байланысты демалыс уақытына 30.06.2021ж. дейін) D-О-4 санаты, № 05-03, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар дайындау саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік нысаналы бағдарламаларды жүзеге асырады. Дуалды оқыту жүйесі бойынша орта деңгейдегі білікті жұмысшы кадрлар мен мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді. Тәрбие саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарна жауап береді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында студентердіңбойында қазақстандық патриотизмді, ұлттық, мәдени-рухани құндылықтарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениеттін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш

     


Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»




_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)







_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения


















































_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау