Конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 137,41 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі137,41 Kb.
#3181
түріКонкурс


Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

  4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы




Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде



теңгеден

теңгеден

1

D-О-3

109932

148242

2

D-О-4

83 282

112 431


«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының м

атериалдық – техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № 05-01.



Функционалдық міндеттері: облыстағы білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын үйлестіреді және жауап береді. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға білім ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы ұсыныстар береді. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының барысына талдау жасайды. Ф-27,30,33 қосымшалар формасы бойынша статистикалық есептерді жасайды. Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, құрылысты және күрделі ағымдағы жөндеуді қажет ететін білім нысандарын анықтап, уақтылы облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс береді, мониторинг жүргізеді. Құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелері бойынша анықтамалық құжаттар, аналитикалық мәліметтер және білім беру ұйымдарының оқу жылына және жылу маусымына дайындығы туралы материалдар дайындайды. Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша басқарма алқасына, басшының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындайды.Алқа шешімдері мен басқарма бұйрықтарының, жоғары органдардың құжаттары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жеке жауапкершілік алады бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: экономика немесе аудит немесе қаржы немесе құқықтану немесе құрылыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, осы санатқа нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



2. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жоспарлау және жобалау бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №04-04.

Функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есептің, қаржыландырудың, бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді, білім басқармасы аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізеді. Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің орындалуын, шығыс сметасына сәйкес бюджеттік қаражаттың игерілу үрдісін бақылайды. Мемлекеттік сатып алу үрдісін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді. Тауарларды, жұмысты, қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс дайындайды және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу туралы азаматтық-құқықтық шарттардың жасалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын бақылайды. Басқарманың мемлекеттік сатып алу бойынша номенклатурасы мен жылдық жоспарын құрайды. Білім ұйымдарының алашақ және берешек қарыздары бойынша есепті қалыптастырады. Білім ұйымдарының инвентаризациясын қабылдайды. Алқа шешімдері мен басқарма бұйрықтарының, жоғары органдардың құжаттары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жеке жауапкершілікте болады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар саласында, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



3. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының орта білім бөлімінің бас маманы, санаты D-О- 4, 1 бірлік, № 03-04 (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылдың 10 сәуірге дейін).

Функционалдық міндеттері: дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету және шығармашылық дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, «Ақбота» интеллектуалдық марафонын, халықаралық «Кенгуру», «Русский медвежонок», «Золотое руно» және т.б. интеллектуалдық жарыстардың дайындығын ұйымдастырады және өткізеді.

Мемлекеттік емес орта білім мекемелерінің жұмысын үйлестіреді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін өңірлерге тарату мақсатында жұмыс істейтін базалық мектептер мен тірек мектептерінің жұмысын ұйымдастырады. «TIMSS» (4-8 сынып оқушылары арасында), «PISA» (15 жастағы оқушылар арасында) халықаралық зерттеулері бойынша жұмыстардың дайындығын ұйымдастырады және өткізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласында. Мамандығы: білім саласында (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



4. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, № 06-03 (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2017 жылдың 1 қазанына дейін).

Функционалдық міндеттері: техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар дайындау саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік нысаналы бағдарламаларды жүзеге асырады. Барлық типтегі және меншік түріндегі колледждердің қызметін ұйымдастыру мен бақылауды қамтамасыз етеді: мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждеріндегі оқу-өндірістік жағдайына, жалпытехникалық, әлеуметтік пәндердің оқытылуына бақылау жасайды.

Өз құзырлығы деңгейінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы заңдылықтың, ТжКБ мекемелерінде мемлекеттік стандарттардың сақталуына бақылау жасауды ұйымдастырады, мемлекеттік білім тапсырысын құрау бойынша ұсыныстар әзірлеп, енгізеді, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде мемлекеттік білім тапсырысының орындауына бақылау жасайды.Кәсіптік –техникалық білім мекемелерінде жаңа технологияларды енгізу бойынша жүргізілетін эксперимент жұмыстарының барысына басшылық жасайды. Колледждер бойынша статистикалық және басқа (қаржылық есеп берулерден басқа) есеп берулер жасайды. «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы бойынша жұргізілетін жұмыстардын колледждердегі ұйымдастырылуына және орындалуына жетекшілік етеді.

Басқарманың алқа мәжілісіне, техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің жұмысы бойынша басшының қатысуымен өтетін жиналыстарға жетекшілік ететін сұрақтары бойынша талдау материалдарын, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдері мен басқарма бұйрықтарының, жоғары органдардың құжаттары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: - білім саласында немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе халықаралық қатынастар немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



5. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қорғаншылық пен қамқоршылық бөлімінің бас маманы, санаты Д-О-4, 1 бірлік, №10-02.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының орындалуы бойынша жиынтық ақпарат әзірлеп, тиісті мемлекеттік органдарға есеп жолдайды. Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының орындалуын бақылайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы қаулыларды әзірлеп, мәжіліске ұсынады. Облыс бойынша асырап алынған балалар туралы мәліметті әділет департаментіне есеп береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын облыстық әкімдігінде рәсімдеп, әділет органдарына бекітеді және тіркеу жұмыстарын ұйымдастырады. Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі органдардан ай сайын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға төленген жәрдемақы туралы ақпарат жинақтау, тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.

Өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша арыз-шағымдар, және ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық талаптарды сақтайды. Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе халықаралық қатынастар немесе психология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

6. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жалпыға міндетті орта білім беруді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №07-02 (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылдың 17 ақпанына дейін).

Функционалдық міндеттері: мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады, мектебі жоқ және тиісті мектебі жоқ елді мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдау жұмыстарына мониторинг жүргізеді. Оқушылар қозғалысының есебіне жауап береді. Көмекке мұқтаж балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін саласы бойнша мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуына жауапты. Талдау материалдарын, анықтама қағаздарын, ақпараттар, статистикалық есеп берулерді әзірлеуді қамтамасыз етеді. Басқарманың алқа мәжілісіне, жетекшілік ететін сұрақтар бойынша басшының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар әзірлейді. Алқа мәжілісінің шешімдері мен басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының, құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласында немесе құқық саласында. Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
жүктеу 137,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау