Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 161,35 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі161,35 Kb.
#7752
түріКонкурс

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.




Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

Е-4


77 452

104 935

«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050066, Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2А, анықтама үшін телефондар: 384-27-63/ факс: 384-27-63, e-mail: site.zhetysu@a-a.kz, d.imanova@almaty.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:




  1. Көріктендіру бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттер:Бөлімге атқарылған міндеттердің орындалуына лауазымды жауапты болып табылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша заңмен бекітілген мерзімде жауап беруін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, өкімдері, Үкіметтің шешімдері мен өкімдері, Алматы қаласы әкімінің және Жетісу ауданы әкімінің санитарлық тазалау саласындағы құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандағы санитарлық тазалау жұмыстарын үйлестіру және қадағалау, әкімшілік келісім шартқа сәйкес биодәретханаларды мерекелік іс-шараларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қамтамасыз етуін қадағалау. Алматы қаласы әкімінің аппараты, жергілікті басқару комитеті және әлеуметтік желілерден санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша келіп түскен фотоматериалдармен жұмысты үйлестіру мен қадағалау. Аудандағы санитарлық тазалау саласындағы бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын қадағалау. Аудандағы санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша техникалық жағдай (техникалық сипаттаманы) мемлекеттік сатып алу өткізу бойынша жұмысын ұйымдастыру. Алматы қаласының және аудандық жүйелік қызмет басқармаларымен бірлесе жұмыс тобы және комиссияның жұмыстарына қатысады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру жұмыстарын, көріктендіру, жасылдандыру, санитарлық тазалық, көше жарықтандыру мен құрылыс саласындағы нормативтік-құқық актілерінін орындалуын және өз бетімен құрылыс және жер иегендіру бойынша жұмыстардың орындалуын қадағалайды. Аудандағы жол инфрақұрылымының (көшелер, жаяу жүргішілер жолы) күрделі, орта, ағымдық жөндеуді және осы нысандардың құрылысын қажет ететін көшелерді анықтау, Автокөлік жол басқармасымен келісім шартқа отырған ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Нысанның сүру актісін келісімдейді. Санитарлық тазалау саласында алдымдық жоспар дайындайды. Бөлім басшысына апталық атқарылған жұмыс бойынша есептік ақпарат дайындайды. Аудандық комиссияның жұмысына қатысуы. Алматы қаласы әкімінің аппараты және аудандық әкімшіліктің іс-шараларына қатысу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағыбілім. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

  1. Әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттер:1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Жетісу ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерді есепке қосу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Денсаулық сақтау мекемелердің жұмысын үйлестіреді. Ауданының тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы қызметі және ветеринарлық инспекцияның жұмысын үйлестіреді. Алматы қаласы аппарат әкіміне есеп беру ақпаратын уақытылы ұсынуын қамтамасыз етеді. Жоғарыда тұрған органдардың халықты әлеуметтік қорғау сұрақтарындағы құжаттарын уақытылы қарастыруын қамтамасыз етеді. Қайырымдылық акцияларды, түскі ас және концерттік бағдарламамен дайындауын және өткізуін үйлестіреді. Алматы қаласының, аудан әкімі аппараттарының өткізетін іс-шараларға қатысады. Алматы қаласы және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларын орындау туралы апта сайын мәліметін уақытылы ұсынуын қамтамасыз етеді. Үйлестіретін мекеме мен қызметтермен өткізілетін іс-шараларға қатысады. Бөлімге түскен аудандағы заңды және жеке тұлғалардан түсетін өтініштерін уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің үйлестіретін орынбасарының әртүрлі қызметтердің, ұйымдарымен, мекемелермен өткізетін жиналыс, іс-шаралардың дайындалуын және өткізуін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлердің болмай қалған жағдайда орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы білім. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

  1. Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттер:Қылмыскерлік пен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік, қалалық, аудандық Бағдарламаның орындалуын жұзеге асырады. Қылмыскерлік пен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады. Материалдардың түсуіне байланысты, уақытылы комиссия қарауына шығарады. Комиссия шешімінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері үшін жалпыға бiрдей құқықтық оқуды жүргізуді ұйымдастырады. Қылмысқа қарсы күрес аясында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы, заңдылықты, құқық тәртіптілігін және қоғам қауіпсіздігін әрі қарай күшейтуіне, қылмыскерлік пен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік өңіраралық Бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады. Осы іске барлық мемлекеттік органдарды, аудан тұрғындары мен қоғамдық құрылымдарды еліктіреді, қылмыскерлік пен жемқорлыққа қарсы күресті алдын алуда құқық қорғаушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың жауаптылығын және рөлін көтереді. Сотта, сондай-ақ құқықтық сұрақтарын қарастырған жағдайда басқа органдарда, азаматтық үдіріс бойынша аудан әкімі аппаратының мүддесін өкілдік етеді. Бөлімде іс - қағаздарын жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы білім. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» № 40 бұйрығының (әрі қарай - Қағидалар)2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға3-қосымшағасәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;



«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);



9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңстандартынасәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңстандартынасәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, жоғарыда аталған мекен-жайы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратынатапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде әкім аппаратының электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейАлматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан


__________________________

__________________________

__________________________

__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізуқағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғаміндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________________

_____________________________________________________________________________


__________________ ______________________________________________

(қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан


"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"





ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)



_____________________________________________


тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________


лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)





ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ




Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения







Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)







Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения







Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)







Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками







Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)







Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)







Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)







Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні/ Дата

Қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения





















_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата


_______________
күні/дата

жүктеу 161,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау