Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Е-4 санаты үшін: жоғары білім.
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
| Е-4 |
77 452
|
104 935
|
«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050066, Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2А, анықтама үшін телефондар: 384-27-63, e-mail: site.zhetysu@a-a.kz, d.imanova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысының еңбек демалысы кезінде оның міндеттерін бас маман атқарады. Аудандағы коммуналдық мекемелер: сумен қамтамасыз ету, су тарту, электр қуаты, жылу, табиғи газбен, басқа телекоммунакациялардың жұмысын қамтамасыз ету, және басқа инженерлік желілердің ағымдық пен күрделі жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары. Аудандағы қазу жұмыстарын және соңынан қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы үйлестіруін бақылау. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарының заңды мерзімде қаралуын және азаматтардың қабылдауын қамтамасыз етеді. Жұмыс іс-қағаздарын уақытылы әкім аппаратының мұрағатына тапсырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыс ғылымдар немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Көріктендіру бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Бөлімге атқарылған міндеттердің орындалуына лауазымды жауапты болып табылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша заңмен бекітілген мерзімде жауап беруін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, өкімдері, Үкіметтің шешімдері мен өкімдері, Алматы қаласы әкімінің және Жетісу ауданы әкімінің санитарлық тазалау саласындағы құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандағы санитарлық тазалау жұмыстарын үйлестіру және қадағалау, әкімшілік келісім шартқа сәйкес биодәретханаларды мерекелік іс-шараларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қамтамасыз етуін қадағалау. Алматы қаласы әкімінің аппараты, жергілікті басқару комитеті және әлеуметтік желілерден санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша келіп түскен фотоматериалдармен жұмысты үйлестіру мен қадағалау. Аудандағы санитарлық тазалау саласындағы бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын қадағалау. Аудандағы санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша техникалық жағдай (техникалық сипаттаманы) мемлекеттік сатып алу өткізу бойынша жұмысын ұйымдастыру. Алматы қаласының және аудандық жүйелік қызмет басқармаларымен бірлесе жұмыс тобы және комиссияның жұмыстарына қатысады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру жұмыстарын, көріктендіру, жасылдандыру, санитарлық тазалық, көше жарықтандыру мен құрылыс саласындағы нормативтік-құқық актілерінін орындалуын және өз бетімен құрылыс және жер иегендіру бойынша жұмыстардың орындалуын қадағалайды. Аудандағы жол инфрақұрылымының (көшелер, жаяу жүргішілер жолы) күрделі, орта, ағымдық жөндеуді және осы нысандардың құрылысын қажет ететін көшелерді анықтау, Автокөлік жол басқармасымен келісім шартқа отырған ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Нысанның сүру актісін келісімдейді. Санитарлық тазалау саласында алдымдық жоспар дайындайды. Бөлім басшысына апталық атқарылған жұмыс бойынша есептік ақпарат дайындайды. Аудандық комиссияның жұмысына қатысуы. Алматы қаласы әкімінің аппараты және аудандық әкімшіліктің іс-шараларына қатысуы.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыс ғылымдар немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 2А үй, 407 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Кандидаттармен әңгімелесу Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (407 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 04 қазанына 12 қазаны аралығында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |