Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Санат
|
Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты
|
|
min
|
max
| Е-4 |
77 452
|
104 935
|
«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050066, Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2А, анықтама үшін телефондар: 384-27-63, e-mail: site.zhetysu@a-a.kz, d.imanova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Білім беру және тілдерді дамыту бойынша жұмыстарды жетекшілік етеді. Туризм және тілдерді дамыту, әскери бөлім және әскери комиссариат сұрақтары бойынша аудан әкімі мен жоғары тұрған органдардың үйлестірушілік құжаттарын уақытылы орындалуын ұйымдастырады. Бөлімге азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады. Алматы қаласы Әкімі аппаратына есептік ақпараттарды уақытылы беруін қамтамасыз етеді. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың өтініштері мен сауалнамаларына жауапты уақытылы беруін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілдер саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға, тілдерді дамыту бойынша ұйымдарда «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар, жұмыс кездесулер, кеңестер, мәдени-көпшілік және басқа да іс-шараларды өткізуге ықпал етеді. Мәдениет және білім беру сұрақтары бойынша аудан әкімі мен жоғары тұрған органдардың басқарушылық құжаттарын уақытылы орындауын ұйымдастырады. Алматы қаласының Әкімі аппаратына есептік ақпараттарды уақытылы өткізуін қамтамасыз етді. Бөлім бастығы болмаған жағдайда бөлім бастығының міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар саласындағы жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Аудандағы коммуналдық мекемелер: сумен қамтамасыз ету, су тарту, электр қуаты, жылу, табиғи газбен, басқа телекоммунакациялардың жұмысын қамтамасыз ету, және басқа инженерлік желілердің ағымдық пен күрделі жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары. Аудандағы қазу жұмыстарын және соңынан қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы үйлестіруін бақылау. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарының заңды мерзімде қаралуын және азаматтардың қабылдауын қамтамасыз етеді. Жұмыс іс-қағаздарын уақытылы әкім аппаратының мұрағатына тапсырады. Бөлім басшысының еңбек демалысы кезінде оның міндеттерін бас маман атқарады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Қаржы-шаруашылық қызметінің сұрақтары бойынша аудан әкімінің шешім, өкімдері мен басқа да жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың орындалуын іске асыру. Құндылықты материалдарды, сақтау және оларды есептен шығаруды бақылайды және қатаң есеп жүргізуді қамтамасыз ету. Негізгі қаражаттарды есептеу карточкалары, құндылықты тауарлы-материалдардың шығыны мен кіріс журналын жүргізу. Мектеп жасына дейінгі мекемелер мен бөбекжайларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету. Мектеп жасына дейінгі мекемелерді қаржыландыру жөніндегі құжаттарды уақытылы жинауды қамтамасыз ету (орындалған жұмыс актісі, салыстырылып тексерілген актілер, қаржыландыруға байланысты өтінімдер, тендерлік құжаттардың жинағы). Мектеп жасына дейінгі мекемелерде бюджеттің орындалуы туралы есептер (ай сайынғы, тоқсандық, жылдық). Аудан әкімі аппаратының ғимаратында бөлмелерді жалға алаушыларға, ұйымдарға коммуналдық қызметтерге шот қою және келісім-шарттарды жасауды, бөлім бойынша барлық орындалатын шаруашылық және банктік операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізуді қамтамасыз ету. Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық басқармасында банктік операцияларды уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету. Бөлімде іс-қағаздарын жүргізу. Аудан әкімі аппаратының және әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің материалды-техникалық құндылықтарын толық түгендеуді жүргізу. Аппараттың ведомстволық мұрағатына құжаттарды дер кезінде беруін қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратымен өткізетін іс-шараларға қатысу. Бөлімде іс жүргізуді қамтамасыз ету.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Көріктедіру бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Бөлімге атқарылған міндеттердің орындалуына лауазымды жауапты болып табылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша заңмен бекітілген мерзімде жауап беруін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, өкімдері, Үкіметтің шешімдері мен өкімдері, Алматы қаласы әкімінің және Жетісу ауданы әкімінің санитарлық тазалау саласындағы құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандағы жасылдандыру жұмыстарын үйлестіру және қадағалау, әкімшілік келісім шартқа отырған кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын қадағалау. Алматы қаласы әкімінің аппараты, жергілікті басқару комитеті және әлеуметтік желілерден санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша келіп түскен фотоматериалдармен жұмысты үйлестіру мен қадағалау. Аудандағы көше жарықтандыру саласындағы бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын қадағалау. Аудандағы көше жарықтандыру бойынша техникалық жағдай (техникалық сипаттаманы) мемлекеттік сатып алу өткізу бойынша жұмысын ұйымдастыру. Алматы қаласының және аудандық жүйелік қызмет басқармаларымен бірлесе жұмыс тобы және комиссияның жұмыстарына қатысады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру жұмыстарын, жасылдандыру саласындағы нормативтік-құқық актілерінін орындалуын қамтамасыз етеді. Санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша айлық және сенбілік ұйымдастыруы мен үйлестіруін қамтамасыз етеді. Көше жарықтандыру саласында алдымдық жоспар дайындайды. Ауданда көше жарықтандыру нысандарын қажет ететін көшелерді анықтау жұмысын жүргізеді. Бөлім басшысына апталық атқарылған жұмыс бойынша есептік ақпарат дайындайды. Аудандық комиссияның жұмысына қатысуын қамтамасыз етеді.Алматы қаласы әкімінің аппараты және аудандық әкімшіліктің іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының (әрі қарай - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 2А үй, № 407 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (№ 407 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 15 ақпанынан 23 ақпаны аралығында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |