«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ақжайық ауданы әкімі аппараты,
090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй, 9 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71136) 91-8-23, эл.мекенжай: akimakzhaik@inbox.ru. Бос мемлекеттік әкімшілшік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
1. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Е-3 санаты индексі 02-01, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102436 теңгеден 138248 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Гуманитарлық ғылымдар», «Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес», «Құқық» мамандықтары бойынша жоғары білім.
Функционалдық міндеттері: Аудандағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жұмыстарын жүзеге асыру, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Аудандағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жұмыстарына қажет материалдық-техникалық және қаржы мүлкімен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының, Үкіметтің заң актілерінің, облыс, аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын ұйымдасыр және бақылау. Аудан әкімі аппаратының жоғары тұрған мемлекеттік органдармен және бағынышты құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық-талдау байланысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Құпия және қызмет бабында пайдалану үшін белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізу. Терроризмге қарсы аудандық комиссияның құжаттарын жүргізу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;*
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
2. Мерген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты индексі 31-01, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ аппаратындағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының, мемлекет басшысының, Үкімет, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын және аудан әкімдігінің, аудан әкімі орынбасарларының өткізген кеңес отырыстарында туындаған тапсырмалары-ның уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және бақылау. Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс жоспарын әзірлеу, орындалуын қадағлау. Нотариалдық іс – әрекеттер жасау, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру; Шаруашылық кітаптарын жүргізу және шаруашылық кітаптарды электрондық базаға салу, барлық статистикалық есептерді тапсыру; Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру және соған байланысты есеп беру; Жеке қосалқы шаруашылығы бар - жоғы туралы анықтама беру. Сайлаушылар базасымен жұмыстану. Ауылдық округ әкімінің өкімдерін және шешімдерін әзірлеу, өз қызметі бағытында орындалуын бақылау және Әділет органдарына тіркеуден өтетін нормативтік құқытық актілердің уақытылы ұсынылуын ұйымдастыру. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмыс және алынған іс – шаралардың орындалуын бақылау. Аппаратта құқықтық оқуды жүргізу. Ауыл әкімі аппаратындағы кадрлық жұмыстармен айналысу және іс- қағаздарын жүргізу. Мемлекеттік награда жұмыстарымен айналысу. Әскер жасындағы әскерге шақырушылардың және әскери міндеттілердің есебін жүргізу. Аудандық қорғаныс бөліміне жасөспірімдерді тіркеу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;*
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
нысан бойынша жазылған өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап
5 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
30.03.2016 ж
Достарыңызбен бөлісу: |