Конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты»



жүктеу 253,5 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі253,5 Kb.
#25056
түріКонкурс






Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарламасы


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:


Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

Е - 4

77452

104935

Е-R-4

73288

99105


«Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ (101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Пушкин к., 7, анықтама үшін телефондар: 8(71039) 5-40-50, 5-45-74, факс: 8(71039) 5-40-30, электрондық пошта: a.baekeshova@karaganda-region.gov.kz, d.bolzhurova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 7-12, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Президент актілерін, Үкімет қаулыларын, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын, шешімдерін, облыс және қала әкімінің, олардың орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмалары мен өкімдерінің уақытылы және жеткілікті орындалуын жауапкершілікке алады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы.  Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ақпараттық-насихаттық және ағартушылық қызметті жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мүдделі ведомствалармен өзара іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Әкімге қол қойылу ұсынылған шешімдердің жобасы, өкімдер, қаулылар, қала әкімдігінің қаулылары және өзге де құқықтық құжаттарда заңнама талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асырады және құқықтық сараптама жүргізеді.

Алқаби отырысына кандидаттардың бастапқы тізімін қалыптастырады.


Медиация институтын енгізу туралы, полиция учаскелік пункті жанындағы Қоғамдық Кеңес институтын, ХЕД (халықтың ерікті достастығы) енгізу туралы тапсырмаларды орындайды. Аумақтық Кеңестің жұмысын ұйымдастырады.

Мектептерде құқықтық білім беру жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Қала әкімдігінің жанындағы құқықтық оқытулар бойынша Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Қолданыстағы заңнаманы бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, теледидар), құқықтық оқытулар ұйымы арқылы насихаттауды ұйымдастырады және жүргізеді.



«Заң» дерекқорын үнемі жаңартуды қамтамасыз етеді.  «Электрондық құжатайналым жүйесі» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Әкім аппаратының басшысы мен бөлім басшысы тағайындаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Еңбек және Азаматтық кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

2. «Приозерск қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 19-4).

Функционалдық міндеттері: Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ветеринариялық іс-шараларды өткізу туралы қызығушылық танытқан тұлғаларға ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Ветеринария саласында қабылданатын әкімшілік қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобасын дайындайды. Ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу бойынша құжаттарды дайындайды және жануарлардың індеттері анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлайды, жануарлар ауруларының алдын-алу, диагностикасы және сою бойынша деректерді жинауды жүргізеді. Бекітілген стандарттар мен регламентке сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және олар туралы мәліметтерді компьютерлік дерекқорларға енгізу. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары бойынша мәліметтер жинайды. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заң талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. «Электрондық құжатайналымы» ақпараттық жүйесімен және «Әкімдіктің қызметін басқару және жоспарлау» интражелі порталымен жұмыс істейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «ветеринария» мамандықтары бойынша (ветеринарлық медицина, ветеринариялық санитары). Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (ветеринария: ветеринарлық фельдшер- инспектор, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

3. «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 15-1).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады. Қалалық спорттық-бұқаралық ic-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді және іске асырады. Халық арасында қалалық жарыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша облыстық спартакиадаларға, облыстық, Республикалық жарыстарға қатысу үшін қалалық құрама командаларды дайындауды ұйымдастырады. Президенттік тестілерді ұйымдастырады және өткізеді. Қала аумағында дене шынықтыру, спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді. Белгіленген регламенттер мен стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түскенде уақытылы орындалуын бақылайды. Қала аумағында халық арасындағы бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуға көмек көрсетеді. №2 ДШ (№2 ФК), дене шынықтыру және спорт бойынша есептерді дайындайды және тапсырады. «Электрондық құжатайналым жүйесі» бағдарламасымен жұмыс істейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт). Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт:,) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

4. «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 14-3).

Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбиелеу процестеріне қатысты жұмыс кешенін басқарады. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының орындалуын бақылайды. Орта, мектепке дейінгі, мектептен тыс білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады. Бағыттайтын сұрақтары бойынша ақпараттық-аналитикалық жұмыстарды жинайды, мониторинг жүргізеді. Білім беруді дамыту, тамақтандыруды ұйымдастыру, жазғы демалыс мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, балаларға әлеуметтік көмек пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарын бағыттайды. Бағыттайтын сұрақтары бойынша статистикалық есеп беруді бақылайды. Тамақтандыруды ұйымдастыру, жазғы демалыс, сауықтыру мен жұмыспен қамту бойынша мектепке дейінгі білім беру орындарына мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты. Бекітілген стандарттар мен регламентке сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Меморандумдар, ғылым мен білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын, Приозерск қаласын дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді. Лауазымдық құзыреті шегінде бөлім басшысы және басшының орынбасарымен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, бастапқы әскери дайындық, дефектология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу, Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша), бастауыш білім беру, педагогика және психология, бастапқы әскери дайындық, дефектология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

5. «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 16-2).

Функционалдық міндеттері: Қалада өтіп жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму үрдістерін талдайды, қорытады және зерттейді.

Аймақ халқының қоғамдық пікірін, әлеуметтік шиеленісті ошақтарды анықтау мониторингін жүргізеді. Қаланың сыртқы безендірілуін идеологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастырады, аймақтың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттауды қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала аумағында пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Жастар саясаты бойынша қалалық іс-шаралар бағдарламасын ұйымдастырады және әзірлейді. Қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады.

Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы аналар кеңесінің, әйелдердің істері мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының жұмысын жүргізеді.

Приозерск қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының орындалуын үйлестіреді.

Бағыттайтын сұрақтары бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарастырады.

Бөлімнің ресми веб-сайтында жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмысты жүргізеді. «Әкімдіктің қызметін басқару және жоспарлау», «Электрондық құжатайналым жүйесі» бағдарламаларында жұмыс істейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «білім» мамандықтары бойынша (тарих) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих, филология) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (тарих) және немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих, филология) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «ҚР мерекелер туралы», «Саяси партиялар туралы», «ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік

қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап



7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Нысан

Өтініш

Мені____________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс

телефоны_____________________________________________________________________________________________________


________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))



«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата


жүктеу 253,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау