Конкурс жариялайды. 60500, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі үй



жүктеу 95,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі95,5 Kb.
#20916
түріКонкурс




Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

060500, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі 4 үй.

Анықтама үшін телефондар: 8 (71238) 2-11-96 факс 2-11-99, электрондық пошта мекен-жайы: Kizilkoga_akimat@mail.ru
1.Аудан әкімі аппаратының басшысы, санаты Е-2, жалақы мөлшері еңбек сіңірген жылдарына қарай 134851 теңгеден 182456 теңгеге дейін.

Лауазымның функционалдық міндеттері:

Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат жұмысын жоспарлау және орындалысын ұйымдастыру. Елбасының, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің, аудандық әкімдіктің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру. Аудан әкімінің ауылдық округтер әкімдерімен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен бірлесе қызмет атқаруын қамтамасыз ету. Аудан әкімін аппараттың құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету. Облыс және аудан әкімдерінің тапсырмасы бойынша облыс әкімі апппараты мен жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара байланысын қамтамасыз ету жөніндегі аппараттың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ облыс және аудан әкімдері тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау. Құжаттамамен қамтамасыз етудің орындалуын бақылау мен тексеруді жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, аудан әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппараттың мемлекеттік қызметшiлерiн көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы аудан әкіміне ұсыныс жасау. Іс жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қадағалайды, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік кесімдерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізу. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және бағыттау (жалпы бөлімнің, ұйымдастыру-бақылау, құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің, кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің). Аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ауданның және аппараттың мемлекеттік қызметкерлерімен жүйелі түрде аппарат оқуын өткізуді ұйымдастыру. Аудан әкімінің келісімі бойынша, құрылымға және лимиттер көлемінде аудан әкімі аппаратының штаттық кестесіне өзгерістер енгізу. Электронды үкіметті ұйымдастыру және енгізу, бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік марапаттауларға ұсыну және марапаттаулар бойынша жұмыстарды үйлестіру. Барлық деңгейдегі сайлау органдарына сайлауларды өткізуге даярлықты ұйымдастыру. Электрондық құжат айналымын жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету. Комиссияларға төрағалық ету, жұмысын ұйымдастыру: аттестациялау, конкурстық, еңбек өтілін бекіту. Ішкі тәртіп ережелерін бекіту, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ауданның мемлекеттік қызметкерлерінің өз уақытында қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату курстарында оқуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімі аппаратының бюджеттік өтініштерді, қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын бекіту және нақтылау; барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру, шарттар жасасу. Аудан әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлерін қаржыландыру жоспары және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізілуін бақылау. Аудан әкімі аппаратындағы бюджеттік мүмкіндіктерді мақсатты қолдануды бақылау. Аудан әкімі аппараты ғимаратының өрт қауіпсіздігі мен электрмен және жылумен қамтылуы бойынша заңнама нормаларын сақтауды, сондай-ақ олардың қалыпты жағдайда ұсталуын бақылау. Аудан әкімі аппараты әкімшілік ғимаратының күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру және кешкі уақытта, мереке және демалыс күндері нысанға кіруге адамдарды жіберуді реттеу. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды, оны Әділет органдарында тіркеуді, ресми жариялануын бақылауды және тіркелген актілерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қызметтік құжаттамаға қол қою. Қолданыстағы заңнамаларда және аудан әкімінің аппараты туралы ережеде айқындалған басқа да өкілеттіктерді, сондай-ақ аудан әкімі және аудан әкімдігі жүктеген өзге де міндеттерді атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білім; Экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, инженерлік, бухгалтерлік, қаржыгерлік.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды Kizilkoga_akimat@mail.ru электрондық пошта адресіне не «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы арқылы электрондық түрде берулеріне болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық түрде берген азаматтар әңгімелесу басталғанына дейін екі сағаттан кешіктірмей құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкустық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

_________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 95,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау