Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 69,52 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі69,52 Kb.
#13777
түріКонкурс

«Б» корпусының төменгі болып табылатын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-5 санаты үшін: Жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-5

64960

88279


«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ (090100, Орал қаласы, Д. Нұрпейісова көшесі, 19 үй, 2 қабат, 204 кабинет, анықтама телефондары: 8(7112) 51-51-20, факс 8(7112) 50-56-90, e-mail: zko.dzpp@economy.gov.kz) «Б» корпусының мемлекеттiк бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсты жариялайды:

1. Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 санаты, 4 бірлік, №24-5-14, 18, 24, 25);

Функционалдық міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (гигиена, санитария, эпидемиология; медициналық-профилактикалық іс; қоғамдық денсаулық сақтау), стандарттау, сертификаттау және метрология, санитарлық фельдшер, медицина (фельдшер, фармацевтика).

2. Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші мамандары (С-R-5 санаты, 7- бірлік):

- Ақжайық аудандық басқармасы - 1 бірлік № 12-10;

- Бөрлі аудандық басқармасы - 2 бірлік, № 14-13,14;

- Зеленов аудандық басқармасы – 1 бірлік, № 17-12;

- Казталов аудандық басқармасы – 1 бірлік, № 18-7;

- Қаратөбе аудандық басқармасы – 1 бірлік, № 19-6;

- Шыңғырлау аудандық басқармасы – 1 бірлік, № 23-6;

Функционалдық міндеттері: Зерттеудің зертханалық әдістерін жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, ұйғарымдардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Инфекциялық, соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты сырқаттанушылық жөніндегі есептерді қабылдау және деректерді өңдеу. Ақпараттық бюллетеньдерді, сапа көрсеткіштерін жасау, инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың ошақтарында профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, өтініштерді тіркеуді, есепке алуды және орындалу сапасын қамтамасыз ету. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және құжаттамалық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету. Жергілікті желі мен электрондық құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандыра өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасымен жұмыс жасау. Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді есепке алу талондары мен карточкаларын жүргізуін бақылауды қамтамасыз ету. Басқарма қызметкерлерінің шаруашылық субъектілердің тіркелуін бақылауын және есепке алуын жүргізуі. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Ісқағаздарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Құрылымдық бөлімше бойынша статистикалық құжаттаманы жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (гигиена, санитария, эпидемиология; медициналық-профилактикалық іс; қоғамдық денсаулық сақтау), стандарттау, сертификаттау және метрология, санитарлық фельдшер, медицина (фельдшер, фармацевтика)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;    

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.    Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 69,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау