Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің
Азаматтық қоғам істері комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.*
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-3
|
154 071
|
208 205
|
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 5 қабат, «Б» блок, 509 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-13-32, электрондық адрес g.toizhykova@diakom.gov.kz Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Ведомствоаралық үйлестіру басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік, № 05)
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінің, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқарма қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу; комитет қызметін жоспарлауға қатысу; басқарманың жоспарларын әзірлеу және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; басқарма ережесін, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; комитеттің мәселелеріне қатысты министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу;Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі мәселелері жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы консультативті-кеңестік органдардың жұмысын үйлестіруге қатысу; ҮЕҰ дерекқорына енгізу үшін Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес берілген мәліметтерді тексеру жұмысын ұйымдастыру; ҮЕҰ дерекқорын қалыптастыру жөнінде жұмыс ұйымдастыру; қазақстандық, халықаралық және шетелдік донорлардың әлеуметтік саладағы қызметі туралы талдамалық, анықтамалық және басқа да материалдардың әзірлеуін қамтамасыз ету; мемлекет мен ҮЕҰ өзара әрекет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жұмысын ұйымдастыру; Министр, жауапты хатшы, вице-министр мен Комитет төрағасының сөйлейтін сөздеріне, баяндамаларына материалдар дайындау; басқарма қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; басқарма құзыретіне қатысты заңнама, бағдарлама, Үкімет қаулыларын әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; жетекшілік ететін мәселелері бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, екі шетел тілі, тарих, педагогика және психология) немесе гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы, тарих, халықаралық қатынастар, философия, мәдениеттану) немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, қоғамдық байланыс, психология, аймақтану, экономика, қаржы) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша.Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, ішкі саяси процестерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі керек.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |