Көкшетау қаласы. 2017 жыл. Мазмұны



жүктеу 0,55 Mb.
бет3/3
Дата03.02.2020
өлшемі0,55 Mb.
#28084
1   2   3





Балаларға арналған мерзімдік басылымдар:Кітапхана-адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім – адам баласының ортақ қазынасы».Сондықтан да кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды,түрлі газет – журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп,рухани азық алып, дөңгеленген дүниеден хабардар болады. Баспасөз дегеніміз - мезгіл-мезгіл басылып шығатын газет-журналдар.Оқушылардың газет-журналдар оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру,төл басылымдарға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға ықпал жасау,ақпараттық мәдениетін өрістету.Балалар басылымдары жас ұрпақтың ақылшы досы,айнымас серігі,дем берушісі дүниені танып білуге көмектеседі,ой-арман,қиял-мұраттарына,мақсат парыздарына жетелейтін ақпарттық құрал.Кітапханалық сабақта ақпараттық басылымдар туралы сұрақ-жауап арқылы балаларға жеткізеді.

Библиографиалық – анықтамалық ақпараттар бөлімінде оқушылардың кітапханалық – библиографиялық білімдерін тереңдету, сөздіктерді, энциклопедияларды дұрыс пайдалана білуге үйрету,олардың алуан түрлерін көрсету,сөздіктерді пайдалану негізінде дағдыларымен шеберліктерін қалыптастыру сабақтың мақсаты етіп алынады.Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.Ө ткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да,әдебиетті де,басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.Талай оқиғалардың куәсі,талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар. Ұстаздар мен оқушылардың ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыруда кітапхана орны ерекше,сондықтан да кітапхана ісіндегі басты бағыттардың бірі-жарнама қызметі оқу мен ағартуға деген ынтаны арттыруда зор ықпалын тигізіп,оң нәтиже беріп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше. Оқушылардың тілін меңгеру барысындағы білімін бекітіп, қоғамдағы қарым-қатынасты аңғартып , қазақтың мәдени өмірінен хабардар болуды пікірталас арқылы сөйлеу тілін дамытуды көздеген дебат сабағының міндеттері: оқушыларды берілген тақырыпқа қатысты талдау жасай білу, кітапханадан негізгі ақпаратты таба білу, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін сұрыптау мен жүйелеу мақсатындағы дағдыларын қалыптастыру; тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға үйрету. «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз, заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары - бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Өйткені оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі.

Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы - кітапхана.Сондықтан да, мектеп кітапханасын - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.



Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана ошағы да осы міндетті бірге атқарады.

ХХІ ғасыр мәдениеттің, білім мен ғылымның ғасыры. Осы білімді, мәдениетті жас ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани қазынасы кітап қорын сақтап қалу, мына біз, мектеп кітапханашыларының парызы, алға қойған басты міндеті мен мақсаты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» - деген сөздерін алға қойып, жас ұрпақтың Отанға деген, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Олардың бойына ана тілге деген қызығушылығын кітап оқу арқылы нығайту.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту біздің басты міндетіміз. Қазіргі заманда адамзаттың түгелге дерлік интернет желісіне бағынышты екенін білеміз. Осы мәселені алға қою мақсатында жұмыстанып келеміз.



Оқушылар осы бағдарламалық курсты меңгеріп шығатын болса, онда кітапхана мүмкіншілігін пайдалану арқылы тұлғаның жан-жақты үздіксіз дамуын қалыптастырамыз. Ақпараттық мәдениет-кітапқа, кітап оқуға деген ынтасы, сүйіспеншілігі оянады , түрлі ақпараттық дерек көздерімен жұмыс жасай біледі және оларды тиімді пайдалануға, өз бетімен білімін алуға үйренеді .Электронды оқулықтармен жұмыс жасауды үйренеді ;Алған білімді өз бетімен қорытындылай алады; Бүгінгі оқушы, ертеңгі елін, жерін сүйетін,тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын тұлға қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Асылбекова, Ш. Жаңа кезең. // Кітапханасы элемі. – 2013. №3.

  2. Әділбекова, М. Жастардың қазақ тілінде кітап оқуының жағдайы //

  3. Мектептегі кітапхана. - 2014 №2. Б. 11-14.

  4. Бердіғалиева, Р. Кітапхана ісі туралы заң. // Егемен Қазақстан. - 2013. -25

қаңтар- Б 4.

  1. Бақытқызы, Р.Ұлағат — ұлттық тәрбиеде. // Ұлағат —2013. №2. Б. 50-51.

  2. Базыбаева, М. М.Жұмабаевтың психологиясының мұрасы. // Ұлағат

2013. №8. Б. 47-48.

  1. Байсымбекова, Ж. Өркениеттегі кітапхана қандай болу керек? //

Қазақ әдебиетті - 2015. №6. Б. 11.

  1. Ғисанов, Т. Жастар игілігі үшін еңбек етеміз. // Кітапхана элемі. - 2004. - №2-

34-35 Б

  1. Есалы, А. Ең қүнды қазына: Қазақстан Ұлттық кітапханасының

құрылғанына 90-жыл // Егемен Қазақстан - 2011 - 18 қараша.

  1. Есенқызы, П. Ауылдық кітапханаларда балалар мен жасөспірімдерді

ақпарат пен дамыту мәселелері. // Кітапхана. - 2015 - №1 - 9 -11 Б

  1. Жалғасбайұлы, А. Қазақстанда ақпаратты білім берудің мәселелері.

Ұлағат -2013 №2-Б. 26-27.

  1. Жасөспірімдер кітапханасының абономент бөлімі: Қазақстан Респ.

  2. Ибашов, С. Ж. Аймауытұлы еңбектеріндегі балалар психологиясы // - Ұлағат-

2013.№2. Б. 6-7.

  1. Иманасова, Ж. Адам қабілеті шексіз // Ақжелкен - 2000. №3. Б. 24-25.

  2. Қожахметова, А. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ // Ақжелкен - 2000.

  3. №10. -Б4-9.

  4. Муртазаева,С. Кітапхана және білім әдістемелік басылым // 2003ж

  5. Садырова, Ғ. Білім кілті кітапхана // Мектептегі кітапхана - 2004. №1.

Б. 22-23.

  1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған

бағдарламасы туралы. // Үкімет жарғысы — 2011-№2-Зб

  1. Шукиев, Б.А. Балалар кітапханасындағы құқықтық тәрбие жұмысы //

Кітапхана әлемі.-2015. №4.- Б.20.


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау