Көкпекті ауданынының 2012 жылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ақпарат



жүктеу 99,42 Kb.
Дата06.02.2018
өлшемі99,42 Kb.
#8874
    Навигация по данной странице:
  • АКДС 98,1


Көкпекті ауданынының 2012 жылғы

санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат.

ақпарат

2012 жылы Көкпекті ауданы бойынша жіті ішек инфекциясы-10 жағдай, соның ішінде бактериалогиялық этиологиялық тағайындалған 14 жасқа дейінгі-8, Дизентерия-2, оның ішінде 14 жасқа дейін-2 жағдай тіркелді. 2011 жылмен салыстырғанда 1 дизентерияға азайған.

2011 жылмен салыстырғанда жіті ішек инфекциясының этиологиялық тағайындалған түрі 3 жағдайға жоғарлаған, этиологиялық тағайындалмаған түрі 3 жағдайға төмендеген. Берілу факторлары- тамақтанудың 100% бұзылуы. Қызметтік құрам: балалар-8, АІІБ қызметкері-1, зейнеткер-1.

2012 жылы вирустық гепатитпен 22 жағдай тіркелді. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 20 жағдайға жоғарлап кеткенің көрсетеді. Яғни вирустық гепатиттің А түрімен- 20, С түрімен-1, С түрінің созылмалы түрімен-1 жағдай тіркелген. 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Тассай ауылында «Әуезов атындағы орта мектеп» КММ-ң оқушылары арасында вирустық гепатиттің А түрімен 19 жағдай тіркелді. Яғни оқушылар арасында-10 жағдай, оның ішінде 0 сыныптан-2 жағдай, 1 сыныптан – 1 жағдай, 2 сыныптан-4 жағдай, 3 сыныптан-1 жағдай, 5 сыныптан-1 жағдай, 8 сыныптан-1 жағдай, үлкендер арасында-1 жағдай, жұмыс істемейтін адамдар арасыннан-8 жағдай тіркелген. Үй ошақтарында 5-ші, 20-шы, 30-шы күндері 1 жағдаймен- 9 ошақ, 2 жағдаймен- 5 ошақ, инкубациялық кезеңде-1 жағдай тіркелген. 19 науқастардың ішінде ВГА-6 вакцинасын алғаннан кейін оқушылар арасында- 5 жағдай, 1- ұйымдастырылмаған бала (вакцина алғаннан кейін екінші күні-1, бесінші күні-1, жиырмасын күні-2, жиырма төртінші күні-1, жиырма сегізінші күні-1) науқастанған. Екі жағдай дәрігерге қаралған кезде анықталған. Қалған 17 жағдай Тассай ауылының дәрігерлік амбулаториясының медициналық қызметкерлері мен мектеп медбикесінің үйлерді тексеру барысында белсенді түрде анықталды. Аталған жағдайдың біреуі Астана қаласынан келген баладан анықталған. «Әуезов атындағы орта мектеп» КММ жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша, «Ауданаралық экономикалық соттың » шешімімен жабылды.

2012 жылы қышыма ауруымен 6 жағдай, тері қабаттарының қабынуы бойынша -17 жағдай тіркелді. Қышыма ауруымен ауырғандардың бесеуі жұмыс істемейтін адамдар, бір жағдай оқушыдан анықталған. Қатынаста 33 адам болған. Барлығы тексеріліп, олардан ауру анықталған жоқ. Сондай-ақ ұжымдастырылған ошақтар тексерілген. 2011 жылмен салыстырған тері қабаттарының қабынуы бойынша аурулар өсіп келе жатқаны байқалады, яғни 1 жағдайға өскені айқындалды. Қышыма ауруы 11 жағдайға төмендегені анықталды. Трихофития, қышыма ошақтарында эпидемиологияға қарсы барлық шаралар жүргізілді.

«ҚР халқын туберкелезден қорғау туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы1263 Қаулысын орындау барсында ҚР ДСМ МСЭҚК «Көкпекті ауданы бойынша басқармасы» ММ төмендегі жұмыстарды атқарылды:

- 2011-2013 жылға арналған аудан әкімінің бекітуімен туберкелезбен күреске арналған жоспар құрылды..

- Манту реакциясының әсеріне тексерілетін балалар саны-3766, оның ішінде тексеріллгендері-3096, яғни 82,2 % (вирустық гепатиттің тіркелуіне байланысты және карантиндік аурулармен ЖРВИ-ң жоғарлап кетуіне байланысты) құрайды. Сондай-ақ қауіп-қатер тобындағы балалардың 2412 тексерілді. Туберкелез ошағындағы қатынастағы балалар-99, яғни 100% тексерілді. (1836 адамнана 1836 тексерілді, 2011 жылы- 100 % құрады). Жалтарыспен анықталғандар-129 және гиперергиялық реакциясымен – 33 адам тексерілді. 162 тексеріліп, оларға ем берілді (2011 жылы 168 адам).

2012 жылы Көкпекті ауданында медциналық қызметкерлердің қатысуымен 12.01.2012 жылғы № 33 санитарлық ережемен жұмыстар жүргізіліп, осы бұйрыққа сәйкес әдістемелік ұсыныстар дайындалды. 37 дәрігер, 85 орта медициналық қызметкерлердің қатысуымен 4 семинар өткізілді.

Есеп кезеңінде туберкелездің 41 жаңа жағдайы анықталды, оның ішінде демалу мүшелерімен-34 жағдай, өкпеден тыс 7 жағдай тіркелді. 2011 жылмен салыстырғанда 14 жағдайға төмендеген. Сондай-ақ демалу мүшелерімен 15 жағдайға төмендегені байқалып отыр.

Туберкелездің БК+ түрімен 7 жағдай тіркелді. Барлығы 55 адам тіркеуде тұр және аудан бойынша аурудың көрсеткіші 173,8 тең.

Ауданда туберкелезден өлгендердің саны-2, бұл көрсеткіш 6,1 %. құрайды. Балалар арасында -2, жасөспірімдер-2.

Туберкелездің деструктивті формасы тіркелген жоқ.

Анықталған 41 жағдайдың 23-і профилактикалық тексеру кезінде анықталды, 18-і дәрігерге қаралу барысында анықталған. Барлық ошақтардың тексерілуі фтизиатордың қатысуымен өткізілді. Ошақтардағы қатынастағы адамдар -110, және аталған 110 адамның барлығы тексеруден өткізілді. БК+ ошақтарындағы 7 адам , олардың қатынасындағы 25 адам, оның ішінде 10 бала және 2 жасөспірім дәрігерлік тексеруден толық өтті. Туберкелездің ұсақ түйіршікті формасымен 21 адам есепте тұр. Қазіргі уақытта 10 адам емделіп жатыр. 2012 жылы флюорграфиялық әдіспен 13647 адам тексерілді, оның ішінде міндетті контигентте -7780 адам. Аталған контигентте 4 адамда туберкелез анықталды. Диагностикалық бактериоскопиямен 454 адам тексеруден өткізіліп, 4- адам оң нәтиже көрсетті( туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын адамдар анализі). Эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес белсенді науқастардың 1 тобында – 12 науқас, 2 топта-17 науқас. 3 топта-18 науқас тұр.

2012 жылы ауданда барлығы сарп ауруы бойынша 11 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 29 жағдайға төмендегені байқалады.

Сарп ауруының алдын-алу жұмыстары «Кешендік жоспармен» бұйрыққа сәйкс жүргізіледі. 2011-2013 жылға арналған «Кешендік жоспар» аудан әкімімен бекітілді, сондай-ақ «2012-2015 жануарлардың сарп ауруынан алдын- алу және күресу бойынша» кешендік жоспары аудан әкімінің орынбасырымен бекітілді.

- Сарптың алдын-алу бойынша сұрақтар 2012 жылы 30 наурызда аудан әкімінің отырысында қаралды.

- Мал дәрігерлері, медициналық қызметкерлер және шаруа қожалықтарының басшыларының қатысуымен семинар жиналыстар өткізілді..

- 2012 жылы 06 маусымда «Ауданда сарп ауруының эпизооттық жағдайы туралы» бұқаралық тыңдау өткізілді.

- №1, №2 Медициналық бірлестіктердің терапевтерімен, педиатрлардың қатысуымен медициналық Кеңес өткізілді.

- Көкжайық ауылында адамдармен жануарлар арасында сарптың алдын-алу бойынша Әкімдіктің көшпелі отырысы өткізілді.

- Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының 2012 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің отырысында тыңдалды.

- Аудан прокуроры К.Т. Бапиновқа Кенесова Д 2009 ж.т., Каинова Р 30.03.1996ж.т, сондай-ақ Кабдылхан Ержан 1996 ж.т., Муратов А, Мусаева Д. және Өскемен қаласының тұрғыны В.Черепановаға(11.12.2000 ж.т.) қатысты сарппен ауырғандықтары туралы ақпараттар жіберілді.

Алғашқы жедел жәрдем көмек көрсететін мекемені жоспарлы тексеру барысында мал өсірушілердің алдын-ала медициналық қаралудан өтпеуіне байланысты 3 хаттама дайындалып, 5 АЕК-тен 24270 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Тұрақты мал өсірушілер және олардың отбасыларынан 176 адам, оның ішінде серологияға -176 адам, яғни 100% тексерілді. Күздік диспансеризацияға 40 адам, оның ішінде 5 –мал өсірушілер, 35-мал дәрігерлері және мал соятын орында істейтін адамдар жатқызылды.
2012 жылдың 20 наурызынан бастап барлық селолық округтерде малдарды сарп ауруына тексеру жұмыстары жүргізілді.. Барлығы 238380 ұсақ мал тексеріліп, оның 2138 сарпқа оңды нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ 833 бас өртеліп, 1305 бас союға берілді. 97350 ірі қарадан 576 оңды нәтиже көрсетіліп, оларды Семей қаласындағы ет комбинатына келісім шарт бойынша өткізілді.

Есеп барысында сарптың 498 ошағы тіркеліп, оның ішінде 3-адам, 469-мал, адам+жануар-26 болған. Анықталған ошақтар селолық округтердің мал дәрігерлерімен бірлесіп, тексерілді.

Барлық анықталған 3 топта 699 адам қатынаста болған. Олардың барлығы серологиялық тексеруден өткізіліп, 100 % қамтылды. Олардың ішінде оңды нәтиже көрсеткен 1:25,1:50 титрасымен 7 адам. Сарптың алдын-алу мақсатында төмендегі санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді: 23-дәріс, 400-әңгімелесу, 23-сан. бюллетендер таратылды және 26,1 санитарлық бұрыштар толтырылды, аудандық газетке мақалалар берілді.

Медициналық қызметкерлердің қатысуымен семинар өткізілді (17-дәрігерлер, 51 орта медициналық қызметкерлер).

Ауданда «Иммунопрофилактика» кешендік бағдарламасын орындау мақсатында 5 жасқа дейінгі балаларды екпелермен қамтамасыз ету шаралары жүргізілді.

2012 жылы 7 дәрігерлік амбулаторияда, 37 медициналық пунктерде, 1 аудандық орталық ауруханада, 1 аудандық ауруханада алдын- алу екпелерімен қамтамасыз етілді. 2- аудандық аурухана, 25-МП, 7-ДА бақылаумен қамтылды. Санитарлық ереженің бұзылуына байланысты 39 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Көшпелі бригадалармен алдын-алу екпелері дайындалды. Екпе жасайтын 10 көшпелі бригадамен 37 елді мекендер қамтылды. Екпелер ЕАМ-де стационарлы түрде жүргізілді. Тоңазытқышпен 100% қамтылды. Бұл жағдай вакциналарды жеткізу және сақтау мәселелерін шешуге әсерін тигізді. Барлық көшпелі бригадалар термоконтейнерлермен және тоңазытқышты элементтермен толықтай қамтылды. 2012 жылы барлығы 222 көшпелі бригада шығып, 5213 екпе жүргізілді. Бұл көрсеткіш 40 %. Және стационарлық жағдайда 60 % құрады.

Көшпелі бригадалар тағайындаған вакциналар аудандық № 2 аурухананың қоймаларындағы тоңазытқыштарда сақталады және айына бір рет беріледі. ЕАМ-де 100 %. тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. Мекемелері жоқ 13 медициналық пунктер тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. Термоконтейнерлер барлығы 57. Егу құжаттарымен 100% қамтылған.

.

2012 жылы профилактикалық екпелермен облыстық деңгейде 95 % - 100 % қамтылды. .



Вакцинациялар

%

Ревакцинациялар

%

АКДС

98,1

АКДС

100


ОПВ

97,3

АДС (6-7 лет)

99,3

ВГВ

97,3

ККП 6 лет

99,3

КОРЬ

98,3

АД-М (12 лет)

100

ПАРОТИТ

98,3

АДС-М (16-17 лет)

98,5

КРАСНУХА

98,3

ХИБ


100

ХИБ.

98,1

ОПВ


98,3

Көкпекті ауданында 31638 адам тұрады (2011 жылы 35224). орталықтандырылған су құбырынан ауыз суды 15030 адам , яғни 47,5 %, 16608 (52,5 %) адам жеке меншік құдықтарынан су пайдаланады. Ауданда орталықтандырылған төрт су құбырлары жұмыс істейді: Кокпекты ауылында, Самар ауылында, Сарыбел және Палатцы ауылдарында.

Көкпекті, Самар селоларында суды зарасыздандыру бактеридцидтік орнату арқылы жүргізіледі. Барлық су құбырларының жүйесінде күздік залалсыздандыру іс-шаралары және тексерулер жүргізілді. Бактериалогиялық тексеруге 96 (2011 жылы-111) сынама алынды.Олардың санитарлық ережеге сәкес еместері анықталмаған. Санитарлық химиялық тексеруге 96 (2011 жылы-99)сынама алынып, сан. ережеге сәйкес еместері анықталмаған. Он үш су құбырларын жоспарлы тексеруден өтті. Анықталған кемшіліктерге 13 хаттама толтырылып, 67372 теңге көлемінде қаулы шығарылды.

Бактериологиялық тексеруге мониторингке сәйкес тоғыз (2011 жылы- 4 сынама)сынама алынды. Санитарлық химиялық тексеруге 9 сынама алынды. Аталған сынамалардан санитарлық ережеге сәйкес еместері анықталған жоқ. Ауданда екінші категориялы екі су қоймалары жұмыс атқарады..ЛПК-2 сәйкес 2 су сынамасы алынып, тексерілді. Сондай-ақ сан.химиялық тексеруге 2 сынама алынды және нормаларынан ауытқу болған жоқ.

Көкпекті ауданы бойынша 42 мектеп жұмыс атқарады. Олардың 24- орта, 13- негізгі, 5-бастаушы мектептер (2011 жылы 44-мектеп, оның ішінде 24 орта, 13 –негізгі, 5-бастаушы мектептер). Ажа ауылында 50 орынды мектеп, Ак-ой ауылында Пушкина орта мектебіне 80 орынды орта мектеп, Мамай ауылында 80 орынды мекетеп құрылысына жер таңдалып, және олардың жобалары қаралды.

Отыз мектепте медициналық кабинеттер бар және олар медбикелермен қамтылған. Кіші топтамадағы мектерде аудандық аурухананың медициналық пунктерінің фельдшерлері қызмет көрсетеді.

Жазғы демалыс кезінде 19 мектепте (2011 жылы-21) 4 кезеңдік жазғылагерлер ұйымдастырылды. Мектеп директорлары, медициналық қызметкерлер және тағам бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Жалпы білім мекемелінде ыстық тамақпен қамтамасыздандыру», « Тамақтан уланудың алдын-алу», тақырыбында семинарлар өткізілді. Ыстық тамақпен 4220, яғни 96% қамтылды.

Оқушыларды медициналық тексеруден өткізуге ортаншы санаттағы мамандар тартылады. Ағымдағы жылы 4401-тексеріліп, 100%-қамтылды. 5 күн оқитын мектептер жоқ. Орташа есеппен алғанда бір сыныпта 15-25 оқушыдан. Бір ауысымда -25 мектеп, екі ауысымда -17 мектеп жұмыс істейді.

Есеп кезеңінде 41 мектеп жоспарлы тексеруден өтті. Мониторингке сәкес КТО-ға 19 сынама, калориялыққа 42 сынама, оның ішінде сәйкес емес-2, НД-121, оның ішінде сәйкес емес-2, БГКП-670 шайынды, оңды нәтиже көрсеткен-3. Анықталған бұзушылықтарға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 125 хаттама толтырылып, 852686 теңге көлемінде айыппұл салынды. 11-ұйғарым берілді.

Көкпекті ауданында 215 нысан бақылауда тұр. Сауда кәсіпорындары -150, қоғамдық тамақтану орындары-26, тамақ өнеркәсіптері-26, сауда базарлары-1, басқада тамақ өнеркәсіптері-1.

«Көкпекті ауданы бойынша МСЭҚК басқармасы» бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру барысында төмендегі айыппұлдар салынды:

- 2012 жылы – 423 хаттама 2748982 теңге, өндірілді- 417 хаттамадан 2651902 теңге.

- 2011 жылы – 330 хаттама 1635984 теңге, өндірілді – 323 хаттамадан 1590624 теңге.

Сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндіру үшін жіберілді:

- 2012 жылы – 23 хаттама 223284 теңге, өндірілд - 18 142384 теңге

- 2011 жылы – 14 89208 теңге, өндірілді – 14 89208 теңге.

2012 жылы 118 адам (2011 жылы -43 адам) жұмыстан уақытша шектелді.



ШҚО мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына 14 талапты арыздар жіберілді. Қанағаттандырылған арыз -13 (Туберкелезге қарсы аурухана-1, 1-дәмхана, 1-жартылай фабрикат, 3-дүкен, 1-кондитерлік цех, «Балауса-Көкпекті -1» спорттық-сауықтыру лагері).

ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша

Көкпекті ауданның басқарма бастығы Г.Абдрасулова
жүктеу 99,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау