28 сәуір күні - 1 мамыр Қазақстан Республикасының халқының бірлігі күніне арналған іс –шара өтті.Өскелен ұрпақты интерноционациализмге тәрбиелеу, ауданда мекендеген ұлт өкілдерінің салт – дәстүрімен насихаттау мақсатында мұражайда халық достығына арналған көрмелер ұйымдастырылды.Іс – шараға Романовка , Шәріптоғай , Куйбышев атындағы негізгі мектептерінің оқушылары қатысты.
Мұражайдың халықтар достығы залында тақырыптық көрме қойылды.Көрмемен таныстырылып өтті.Мұражай қорын сақтаушы Смаилова.К.Р ауданда мекендеген казах, орыс , кавказ ,неміс ,болгар, татар ұлт өкілдерінің тарихы мен салт дәстүрлерімен таныстырылды.
Экскурсовод Қазақстан Республикасында құрылған ассамблея туралы мәлімет жасап,ел басы Н.А.Назарбаевтың рөлін атап өтті.26.04.2017 ж ассамблеяның 26 сессиясы отырысы өткізілетіні туралы баяндады.Соныңда сұрақтарға жауап берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |