Деперсонализация - науқас өз денесін танымайды, артық қол,аяқ болуына немесе олардың ұзын, қысқа болуына шағымданады.
Жадының (ес) бұзылулары
Ес бұзылуының байқалуы әртүрлі. Осы мақсатпен ес патологиясының басты түріне жіктейміз.
Дисмнезия. Оған гипермнезия, гипомнезия, амнезияжатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке - жеке тоқталсақ:
Гипермнезия - жадының күшеюі, ақпаратты есте сақтаудыңәлсіздігімен үйлесетін күшейтілген еске түсіру. Гипермнезиясыбар ауруларда бұрынұмытылып кеткен нәрселер есіне түседі.
Гипомнезия жадының әлсіреуі, есте сақтау қабілетінің бұзулуы кезінде байқалады. Ауру тек жарқын, анық және маңызды сәттерді ғана еске түсіре алады. Гипомнезияның ең жеңіл сатысы - санды, күнді, есімдерді есте сақтау қабілетінің төмендігі.
Амнезия - жадының жоғалуы, бұл оқиғалардың, жағдайлар менфактілердің толығымен естен шығып кетуі. Амнезияның төмендегідей түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |