«Кәсіби адаптация» бүл.жүмысқа жаңа түскен адамның ез ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алгашқы кезеңі ендірістік практика кезеңінде, негізгі жағы нақты жүмыс үстінде жүзеге асады. Мамандық таңдауда қазақ жастары Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі жэне өнер таңдау» (1926) атты еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуына болады. Автор «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мүның кез-келгеніне икемділік қажет, бүл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нэрсе» - дейді.
§6.7 Медицинада менеджер қызметінің психологиялық
ерекшеліктері
Менеджер тұлғасына қойылатын талаптар
Қазіргі таңда мейірбикелерді дайындаудың көп деңгейлі жүйесі біржолата үйымдастырылған. Денсаулық сақтау жүйелеріндежоғары мейірбикелік сала білімі бар мамандардың саны біртіндеп үлғаюда. Біршамасы «мейірбикелік істің менеджері» біліктілігі бар мамандарды денсаулық сақтау саласының тэжірибесінде қолданудың басқа эдістерін көреді.
Педагогикалық менеджмент жоғары білімді бикелерді оқытатын факультеттердің бітірушілері үшін жұмыс көзі багытының бірі болып табылады. Кейбір мамандар орта буынды медицина қызметкерлерін даярлауда медициналық колледждерде, ЖОО-ның медицина кафедраларында оқытушылық қызметпен айналыса отырып, белсене жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, мейірбике ісінің менеджерлері эр түрлі қырындағы «Емделушілер мектебінің» жүмыс басқаруды жүзеге асыра отырып, санитарлық - ағарту жэне алдын ала емдеу мекемелерінің білім беретін қызметімен белсене жүмысы жүргізуі керек.
Ұйымның басқару стратегиясында қабылданған омірлік жетістіктер мен өңдеулердің негізгі жауапкершілігін тікелей менеджер алып жүреді. Ол - жоспарларды қүратын, қашан және нені істеді ғана емес, сонымен қатар берілген тапсырмаларды кім жэне қалай орындайтынын (қызметкерлерді басқару), басқару циклының барлық кезеңдеріне қатысты жүмыс процедураларын анықтайтын, бақылауды іске асыратын маман.
Мақсаттарды анықтау мен оның жетістіктерінің тэсілдерін таңдау, кэсіпорын жүмысындағы міндеттердің басымдылығын анықтау менеджердің міндетіне кіреді. Ол ұйымның даму стратегиясының өңдеуіне, өз кәсіпорынының жағдайының динамикасының талдауына жэне болжамына жауап береді. Ол оқиғаны болжауы, жоспарлауда икемділік керсетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |