Талдау - бұл заттар мен құбылыстарды ойша беліктерге ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттердібөліп көрсету.
Жинақтау - бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас объектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады.
Абстракция - бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракциялауүрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мысалы, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі-анықтықты алып, жалпы сол туралы ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |