§ 1 Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар.
Жоғарыда қарастырылған екі мысалға қайтып оралайық:
№1-ші мысалда шамасының мүмкін мәндері 0,1,2,......,100 болатын. Бұл мәндерден, қатар тұрған екеуінің арасында ешқандай басқа мәннің жоқ екенін көреміз, яғни бұл жағдайда, кездейсоқ шама жеке-жеке, бір-бірінен жекеленген мүмкін мәндер қабылдайды.
№2-ші мысалда кездейсоқ шамасы аралығында жатқан кезкелген мәнді қабылдауы мүмкін. Және де бұл мәндерді бір-бірінен арасында мән жоқ болатындай аралықпен бөлуге болмайды.
Анықтама. Дискретті (үзілісті) кездейсоқ шама деп, мүмкін мәндері бір-бірінен жекеленген, өзіне тиісті ықтималдығы анықталатын кездейсоқ шамаларды айтады.
Дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері шекті немесе шексіз бола алады.
Анықтама. Үзіліссіз кездейсоқ шама деп, шекті немесе шексіз аралықтағы барлық мәндерді қабылдай алатын кездейсоқ шаманы айтады.
Үзіліссіз кездейсоқ шаманың мүмкін мәндерінің саны шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |