Клиническая медицина



жүктеу 74,9 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі74,9 Kb.
#14446


54 

Клиническая

 медицина 

К. Б. Жактаева, Р. Д. Шақабаева, И. Б. Бурдикова, Н. И. Филяровская, Т. П.  Лопарева   

ЕТЖЕҢДІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМЫ 

 

Жұмыста әртүрлі семіздік түріндегі 8 және 18 жас аралығындағы 106 балалар мен жасөспірімдердің 



метаболикалық  синдромының  анықталу  нәтижелері  ұсынылған,  клинико-биохимиялық  зерттеулердің 

талдауы  экзогенді-конституциональдық  семіздік  жағдайында  метаболикалық  синдромның  негізгі  маркер-

лері транзиторлық артериальдық гипертензия және гиперурикемия науқасына шалдыққан 18,6% балалар-

да анықталған, ал абдоминальдық (висцеральдық) семіру жағдайында метаболикалық синдромның негізгі 

диагностикалық белгілері анықталған (бастапқы артериальдық гипертензия, гиперурикемия, гиперхолесте-

ринемия, гиперлипидемия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы) –  науқастардың 46,4%. 



Экология

 и гигиена 

Е. Ж. Отаров 

 

БАЙЫТУ КЕШЕНІ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ 

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ 

 

ҚР ДСМ Қарағанды мемлекеттік медицина 



академиясы 

 

Қазіргі  заманғы  тау-кен  өндірісі  еліміздің 



жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруде 

озық,  заманауи  әдістерге  сүйенеді.  Қазбаны  өн-

діру  жұмыстары  кезінде  көптеген  автономды  ке-

шенді-автоматтандырылған  жүйелерді  қолдана-

ды.  Олардың  техникалық  толыққанды  жарақтал-

мауы,  қолдану  кезіндегі  ережелердің  бұзылуы, 

сол  жұмыс  орындарындағы  жұмысшыларға  жа-

ғымсыз  еңбек  жағдайы  арқылы  қауіп  төндіреді. 

Байыту  кешендеріндегі  қауіптілік  көздері  болып 

мынадай өндіріс факторлары қаралады: шу діріл, 

шаң, еңбектің ауырлығы мен кернеулігі және т.б. 

факторлар [1, 2].  

Жұмыстың мақсаты  – кенді байытуға қаты-

сатын  жұмысшылардың  жаңа  жұмыс  жағдайын-

дағы еңбек сипатына гигиеналық баға беру.  

ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН 

МАТЕРИАЛДАРЫ 

«Қостанай  минералы»  АҚ  қарасты  байыту 

кешенінің  негізгі  кәсіп  иелерінің  жұмыс  ауысы-

мындағы  еңбек  үрдісінің  ауырлығы  мен  кер-

неулігінің  деңгейлері  өндірістік  жағдайда  зерт-

телінді. Зерттеу мәліметтерін талдауда еңбек үр-

дісінің ауырлығы мен кернеулігінің қауіптілік кла-

сын  анықтау  үшін  қолданылатын  басшылық 

құралына сүйендік.  

ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ 

Байыту  цикліне  қатысатын  руда  қабылдау 

және  байыту  цехы  жұмысшыларының  жұмыс 

ауысымындағы  хронометраждық 

зерттеулер 

әдістемелік  нұсқауларға  байланысты  жүргізіліп, 

алынған  мәліметтер  нәтижелері  1  диаграммада 

пайызбен берілген.  

Кенді қабылдаушы хризотил-асбест рудасы 

карьерден  кенді  дайындау  цехының  кабылдау 

бункеріне түсуін, сол жерде хризотил-асбесті бар 

кеннің  жиналуын  реттейді.  Қабылдап  жинағыш 

бункерлерінің  саны  екеу.  Кенді  қабылдаушы 

ауысым  басында  жұмыс  көлемін  анықтайды. 

Өзінің  жұмыс  орнында  келген  кенді  бункерлерге 

қабылдап  алады.  Бункерлерге  кенді  қабылдау 

барлық жұмыс уақытының 81,3%, көлемін алады. 

Кен  қабылдаушының  жұмыс  орны  бункердің 

үстінде  ұйымдастырылған.  Жұмыс  басында  және 

жұмыс  соңында  бункер  айналысында  шашылып 

қалған  тау  массаларын  күрекпен,  сыпырғымен 

жинайды.  Бункер  аумағын  тазалықта  ұстайды. 

Бункердің  жұмысын  іске  қосып,  тоқтатып  отыра-

ды.  Қол  және  кеуде  бұлшық  еттерінің  көмегімен 

ауысымына 38885-ке дейін стереотипті қимылдар 

жасайды.  Жұмыс  қалпын  ұстап  отыру  ауысым 

уақытының  55%  құрайды.  Кенді  қабылдаушы 

кеннің  бункерге  түсуін  қадағалау  үшін  аусымына 

105 рет еңкейеді. Дайындық және аяқтау жұмыс-

тары  барлық  жұмыс  уақытының  40  минутын 

немесе  8,3  %,  негізгі  жұмыс  операциялары  – 

81,3%  (390  минут),  технологиялық  үзілістермен 

байланысты  жұмыссыз  тұру  –  50  минт  немесе 

10,4% құрайды.  

Сонымен,  кен  қабылдаушының  еңбек  жағ-

дайын  сипаттайтын  еңбек  үрдісінің  ауырлығы 

бойынша  3  кластың  2  дәрежесіне  жатқызылса, 

жұмыс  кернеулігі  көрсеткіші  бойынша  2  класқа 

жатқызылды.  

Уату-ұнтақтау-сұрыптау  машинасының  ма-

шинисті (УҰСММ) жұмыс басталарда  ауысымдағы 

атқарылатын  жұмыс  көлемін  анықтайды.  Жұмыс 

аймағында  орналасқан  електер,  конвейерлер, 

циклондар,  электрлі  сүзгілер,  уатқыштар,  қорек-

тендіргіштер  жұмыстарын  бақылайды.  Конвейер-

лерден  түсіп,  шашылып  қалған  кен  массаларын 

жинайды. Аталған қондырғылардың жұмыс режи-

мі  кезінде  болатын  жөндеу  жұмыстарын  жүргі-

зеді. Ауысым бойы електердің қолғаптарын ауыс-

тырады.  Ауысымында  30  қолғаптан  6  қолғапқа 

дейін  ауыстырады.  Мұндай  жұмыстар  уату-

ұнтақтау-сұрыптау  машинасының  машинистінің 

негізгі  жұмыс  уақытының  1  сағатынан  бастап  5 

сағатына  дейін  алады.  Басқа  жұмыстар  мен 

араластырып,  арасында  көтеретін  және  көтеріп 

таситын жүктің салмағы 30 кг асады. Технология-

лық  үрдіс  ерекшелігіне  байланысты  жұмыс 

ауысымына  жұмысшы  денесі  102  реттен  астам 

еңкейеді. Ал негізгі жұмыс операциялары ауысым 

уақытының 68,75 % (330 минут) құрайды. Дайын-

дық  және  аяқтау  жұмыстарына  (басқару  пультін 

тексеру,  құрал  жабдықтарын  түгендеу,  жұмыс 

орнын  жиыстыру,  т.б.)  6,25  %  немесе  30  минут 

уақыт  жұмсалады.  Ал  технологиялық  үзілістер 

мен әртүрлі себептермен тоқтатулар ауысымдағы 

жұмыс  уақытының  18,75%  (90  минут)  алады. 

Технологиялық үзілістер кезінде атқарылатын қо-

салқы  жұмыстарға  (қондырғылардың  дұрыс  жұ-

мыс  істейтіндігін,  бүтіндігін  дер  кезінде  бақылап, 



55 

Медицина и экология, 2008, 2 



Клиническая

 медицина 

Экология

 и гигиена 

профилактикалық  тексеруден  өткізіп,  майлап 

отыру)  ауысым  уақытының  10,5%  кетеді.  Түскі 

тамаққа  қарастырылған  үзіліс  30  мин  немесе 

6,25% құрайды.  

Сонымен,  уату-ұнтақтау-сұрыптау  машина-

сы  машинистінің  еңбек  жағдайын  сипаттайтын 

еңбек  үрдісінің  ауырлығы  бойынша  3  кластың  2 

дәрежесіне  жатқызылса,  жұмыс  кернеулігі 

көрсеткіші бойынша 2 класқа жатқызылды.  

Уатушының  жұмыс  орнындағы  атқарыла-

тын  жұмыстың  қысқаша  сипаттамасы.  Таспалы 

конвейермен жеткізілген кен массалары тасымал-

данады.  Руда  елекке  түсіп,  жіктеледі  және  әрі 

қарай  өтеді.  Кен  ККД  1500/180  конусты  үлкен 

уатқышына  түсіп,  уатылып,  келесіде  КСД  2200 

конусты орташа уатқышы арқылы КМД 2200 мар-

калы  конусты  ұсақ  уатқыштан  ГИТ  -51Н  елегіне 

барып,  екшеленіп,  жіктеліп,  ары  қарай  тасымал-

данады.  Жұмыс  уақытында  уатушының  негізгі 

қызметі  елеу  қондырғыларының  жұмысын  қада-

ғалап  отыру.  Ол  үнемі  жұмыс  үстіндегі  елеуді 

бақылап,  кемшіліктері  мен  ақауларын  анықтап, 

жөндеу  қызметіне  мәлімет  береді.  Уатушының 

қызметтік  міндеттеріне  уатқышты  басқару  пуль-

тінің көмегімен іске қосу, тоқтату, үзілген таспаны 

жалғау сияқты қол жұмыстарын атқару кіреді. Қол 

және кеуде бұлшық еттерінің көмегімен ауысымы-

на 38844-ке дейін стереотипті қимылдар жасайды. 

Елеуіш және уатқыш жұмыстарының ерекшелігіне 

байланысты  уатушы  жұмыс  ауысымына  105  рет 

еңкейеді.  Негізгі  жұмыстарға  кететін  уақыт 

ауысым  уақытының  74,5%  (357  минут)  құрайды. 

Тех-нологиялық үзілістер кезіндегі қосалқы жұмыс

-тарға елеу тетіктерін профилактикалық мақсатта 

тексеріп,  майлау  тәрізді  жұмыстардың  үлесіне 

барлық  жұмыс  уақытының  11%  немесе  53  минут 

тисе,  дайындық  және  аяқтау  жұмыстарына 

ауысым уақытының 8,3% немесе 40 минут жұмса-

лады. Реттелген үзіліс 30 минут.  

Сонымен,  уатушының  еңбек  жағдайын  си-

паттайтын  еңбек  үрдісінің  ауырлығы  бойынша  3 

кластың  2  дәрежесіне  жатқызылса,  жұмыс  кер-

неулігі  көрсеткіші  бойынша  2  класқа  жатқы-

зылды.  

Вентиляциялық  –  аспирациялау  қондыр-

ғысының  (ВАҚ)  машинисті  жұмыс  басталарда 

жұмыс  аймағында  орналасқан  қондырғыларды 

аралап  бақылайды.  ВВО-1359  діріл  –  ауа  тазарт-

қышы  мен  аспирациялық  циклондар  жұмысында 

кездесетін  ақауларды  жөндейді.  Технологиялық 

үрдістерді  қадағалайды,  жұмыс  орнын  тазалықта 

ұстайды. Технологиялық үрдістерді аралап бақы-

лауға  жұмыс  уақытының  3,5  сағаты  кетсе,  дай-

ындық  және  жұмыс  орнын  жинау  жұмыстары  50 

минутқа (10,4%) созылады.  Қол және  иық буын-

дарына  жергілікті  статикалық  жүктеме  ретінде 

40500  жетсе,  аусымына  дененің  еңкеюі  105-ке 

жетеді.  Дайындық  және  аяқтау  жұмыстары 

ауысым  уақытының  50  минутын  (10,4%)  алса, 

негізгі жұмыс операциялары – 71,9% немесе 345 

минут,  технологиялық  үзіліс-терге  байланысты 

қосалқы  жұмыстар  -  11,5%  немесе  55  минутты 

құрайды. Реттелген үзіліс 30 минут немесе 6,2%.  

Сонымен,  вентиляциялық  –  аспирациялау 

қондырғысы  машинистерінің  еңбек  жағдайын 

сипаттайтын  еңбек  үрдісінің  ауырлығы  бойынша 

3 кластың 2 дәрежесіне жатқызылса, жұмыс кер-

неулігі  көрсеткіші  бойынша  2  класқа  жатқызыл-

ды.  


Өлшеп  орау  машинасының  (ӨОМ)  маши-

нисті  жұмыс  басталар  алдында  жұмыс  аймағын-

дағы  технологиялық  қондырғылардың  жағдайын 

байқайды.  Жаншу  камерасын  іске  қосып,  қап-

тарды  дайын  өнім  келетін  тесіктерге  кигізеді. 

Бітеліп  қалған  жаншу  камераларын  асбесттен 

тазартады.  Кейбір  уақыттарда  қаптар  жыртылып 

жұмыс  орнында  дайын  өнім  шашылып  қалғанда, 

жұмыс  орнын  жинап,  ретке  келтіреді.  Қапты 

кигізіп,  толтырып  отыру  машинистің  жұмысты 

игеру  деңгейіне  байланысты.  Жұмыс  уақытының 

6  сағатынан  астам  уақытын  машинист  тік  тұрып 

өткізеді.  Негізгі  жұмыстар  ауысым  уақытының 

81,3%-н немесе 390 минутты құрайды. Негізгі жұ-

мыстан тыс уақытта қондырғылар тетіктерін про-

филактикалық  мақсатта  тексеруге  кететін  қосал-

қы жұмыстармен айналысады. Стереотипті жұмыс 

қимылдары  ауысымына  48500-ге  жетеді.  Жұмыс 

уақытының 74% тік тұрып жұмыс жасайды. Дене-

нің  еңкеуі  жұмыс  ауысымына  105–ті  құрайды. 

Дайындық  және  аяқтау  жұмыстарына  ауысым 

уақытының  5,2%  немесе  25  минут  жұмсалады. 

Технологиялық үзілістер – 5,2% құрайды. Реттел-

ген түскі үзіліс 40 минут немесе 6,2%.  

Ќорытындылай  келе,  өлшеп  орау  машина-

сы  машинистінің  еңбек  жағдайын  сипаттайтын 

еңбек  үрдісінің  ауырлығы  бойынша  3  кластың  2 

дәрежесіне  жатқызылса,  жұмыс  кернеулігі 

көрсеткіші бойынша 2 класқа жатқызылды.  

ҚОРЫТЫНДЫ 

Сонымен,  уатушылар,  уату-ұнтақтау-сұ-

рыптау  машинасының  машинистері,  уатушылар, 

вентиляциялық  –  аспирация  қондыр-ғысының 

машинистері  және  өлшеп  орау  маши-насының 

машинисті  жұмысшылар  категориясына  жататын 

мамандық 

иелерінің 

жұмыстары 

кешенді 


механикаландырылғанына қарамастан ауыр дене 

жүктемесімен қатар, өндірістің жағымсыз фактор-

лары  (жайсыз  микроклимат  параметрлері,  қар-

8,3


6,25

8,3 10,4


5,2

81,3


68,75

74,5


71,9

81,3


6,256,2 6,2 8,3

10,4


18,75

11 11,5


5,2

0

10



20

30

40



50

60

70



80

90

100



п

а

й



ы

зб

е



н,

 %

Дайындыќ 



ж±мыстары

Негізгі ж±мыс

Регламенттелген ‰

зілісТехнологиялыќ  ‰

зіліс

Руда ќабылдаушы



У¦СММ Уатушы

ВАЌ машинисті

¤ОМ машинисті

1 сурет. Байыту цикліне қатысатын жұмысшылардың 

атқаратын жұмыс түрлеріне байланысты кететін  

ауысым уақытының ұзақтығы, пайызбен 




56 

Клиническая

 медицина 

қынды  шу  мен  жоғары  деңгейдегі  жалпы  діріл, 

жоғарғы  концентрациядағы  шаңдану)  әсері  жағ-

дайында еңбек етеді. Сондықтан, аталған жұмыс-

шылар  тобының  еңбек  жағдайларын  үнемі  зерт-

теп, бағалап отыру олардың денсаулығын сақтау 

және  жұмысқа  қабілеттілігі  мерзімін  неғұрлым 

ұзарту  шараларын  дайындауда,  өзекті  мәселе 

ретінде ерекшеленеді.  

ӘДЕБИЕТТЕР 

2.  Головкова Н. П. Условия труда и профессио-

нальная заболеваемость на  предприятиях горно-

металлургического  комплекса  /Н.  П.  Головкова, 

А. Г. Чеботарев, Л. М. Лескина //Медицина труда 

и пром. экология.  2006. – №12. – С. 6  11. 

1.  Косенко  Г.  Г.  Условия  труда  и  заболевае-

мость  с  временной  утратой  трудоспособности 

рабочих  при  открытой  добыче  полиметалли-

ческих  руд  //Медицина  и  экология.  –  1998.   

№4. – С. 18 – 22. 

 

Поступила 11.02.08 



Экология

 и гигиена 

Ye. Zh. Otarov 

HYGIENIC ESTIMATION OF WORKING CONDITIONS OF WORKERS CONCENTRATING COMPLEX 

 

The  physiological  estimation  of  character  of  work  of  working  basic  trades  of  a  concentrating  complex  in 



modern working conditions is spent. It is taped, that working conditions of working basic trades of a concentrat-

ing complex, on character corresponds to a harmful 3 class of labour process.  



Е. Ж. Отаров 

ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА УСЛОВИЙ ТРУДА РАБОЧИХ ОБОГАТИТЕЛЬНОГО КОМПЛЕКСА 

 

Проведена физиологическая оценка характера труда рабочих основных профессий обогатительного 



комплекса  в  современных  условиях  труда.  Выявлено,  что  условия  труда  рабочих  основных  профессий 

обогатительного комплекса по характеру соответствуют вредному 3 классу трудового процесса.  



Л. В. Карташова, Н. С. Умбеталина,  

Е. Н. Сраубаев 

 

СТРУКТУРА ЛЕТАЛЬНЫХ ИСХОДОВ  

ОТ ЗАБОЛЕВАНИЙ СЕРДЕЧНО-СОСУДИСТОЙ 

СИСТЕМЫ В ИСПРАВИТЕЛЬНЫХ  

УЧРЕЖДЕНИЯХ 

 

УКУИС  по Карагандинской  области 



 

Несмотря  на  значительный  прогресс  кли-

нической  медицины,  сердечно-сосудистые  забо-

левания (ССЗ) по-прежнему доминируют в струк-

туре  заболеваемости  и  смертности  в  развитых 

странах. В 1991 г. Dzau и Braunwald предложили 

концепцию  сердечно-сосудистого  континуума, 

представляющего  собой  цепь  последовательных 

событий,  приводящих  в  финале  к  развитию  сер-

дечной недостаточности и смерти больного.  

Целью  исследования  явилось  изучение 

структуры  летальных  исходов  от  заболеваний 

сердечно-сосудистой  системы  у  лиц,  содержа-

щихся в исправительных учреждениях (ИУ) Кара-

гандинской области. 

МАТЕРИАЛЫ И МЕТОДЫ 

Материалом  для  изучения  явились  случаи 

28 летальных исходов осужденных, содержащих-

ся  в  ИУ  Карагандинской  области  в  2005  –  2007 

гг., в возрасте от 18 до 60 лет. Женщины соста-

вили  10,8%,  мужчины  89,2%,  средний  возраст  – 

39±2  г.  Диагноз  установлен  на  основании  ре-

зультатов  патологоанатомического  исследова-

ния.  

РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБСУЖДЕНИЕ 

В период с 2005 по 2007 г. в исправитель-

ных  учреждениях  Карагандинской  области  за-

фиксировано  164  летальных  исхода,  из  них  в 

2005 г. – 28 (17,1%), в 2006 – 60 (36,6%), в 2007 

– 76 (46,3%). Отмечается четкая тенденция уве-

личения  смертности  среди  лиц,  содержащихся  в 

ИУ, в изучаемый период (рис. 1). 

Сравнительный  анализ  смертных  случаев 

среди  осужденных,  содержащихся  в  ИУ,  и  след-

ственно-арестованных  лиц,  содержащихся  в 

следственных изоляторах области, выявил анало-

гичную  ситуацию.  За  период  с  2005  по  2007  г. 

среди  следственно-арестованных  лиц,  содержа-

щихся в следственных изоляторах, зарегистрири-

ровано  увеличение  случаев  летальных  исходов 

от 9% в 2005 году до 54,5% в 2007 г. Вероятно, 

возрастание  смертных  случаев  обусловлено 

наличием  различных  отягощающих  факторов, 

среди  которых  ведущими  являются  табакокуре-

ние,  употребление  алкогольсодержащих  напит-

ков,  наркотических  средств,  социальная  и  мате-

риальная  незащищенность,  психологические  ак-

центуации  характера  и  хроническая  психотрав-

мирующая стрессовая ситуация. 

17 ,1


36 ,6

46,3


0

5

1 0



1 5

2 0


2 5

3 0


3 5

4 0


4 5

5 0


ч

а

ст



о

та

 (



%

)

200 5



200 6

2 007


ч ас т о т а с м е р т е л ьн ых с л уч ае в у  л и ц , с о д е р ж ащи хс я  в И У

Рис. 1. Частота смертельных случаев среди лиц,   



содержащихся в исправительных учреждениях 

жүктеу 74,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау