Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі



жүктеу 6,11 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата20.11.2018
өлшемі6,11 Mb.
#22502
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Кітаптан есімде қалғаны – ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры-

сы  –  ақшаның  банкте  сақталғаны.  Өйткені  ол  жерде  ақша  өседі.  Ата-анамның 

айтуынша,  мен  енді  ақшаға  басқаша  қараймын,  оны  жинап,  ұсақ-түйекке 

жаратпаймын.  Сонымен  қатар,  біз  қарындасым  екеуміз  өз  ақшамызды  банкке 

салдық. Енді пайыздардың арқасында мен қалаған нәрсені ала аламын. 

Даня, 12 жас

Менің есімде қалғаны – балаға қаншама заттың қажет екенін көрсететін мысал. 

Бала  өскен  сайын  оның  талаптары  да  көбейеді.  Ал  адам  үлкен  болғанда  оған 

анағұрлым  көп  нәрсе  керек  болады.  Мен  инфляция  жайлы  көп  нәрсе  білдім 

және  ақшаны  банкте  сақтаған  ең  тиімді  екенін  үйрендім.  Ақша  үйде  бостан-

босқа  жатса,  оны  зиянды  ауру  жеп  қояды,  ол  ауру  бағаны  өсіреді.  Ол  ауруды 

ауыздықтамаса, жүз жылдан кейін нанның бағасы миллион теңге болады.

Мен өз ақшамды анам жұмыс істейтін банкке салдым. Ол жерде маған пайыздар 

береді. Басында менде 2 700 теңге болған, сосын ол ақша 3 000 теңгеге дейін өсті. 

Ол ақшаға мен кішігірім планшет сатып алдым.

Маған  ақша  бұрынғыдан  да  қатты  ұнайтын  болды.  Қалағанымның  бәрін  бір 

мезетте алғым келеді. Компьютер, телефон, электронды кітап.  Бірақ мен барлық 

нәрсені  бірден  алу  мүмкін  емес  екенін  білемін.  Кітапты  оқып  шыққалы  мен 

ақшаға  ұқыпты  қарайтын  болдым.  Енді  мен  ақшаны  жинаймын.  Тіпті  ата-анам 

осына байқады.

 Варя, 9 жас

Қаржылық сауаттылық – бүгінгі күннің талабы, қазіргі қоғамда толық қамды өмір 

сүрудің ажырамас нышаны...

Қаржы ілімін оңай, әрі түсінікті тілмен жеткізетін кітаптар тек ересек адамдарға 

ғана емес, сонымен қатар балаларға да керек. 

Қол  жетімді,  ерекше  көркемделген  «Қаржы  әлеміне  саяхат»  кітабы,  ондағы 

өмірден алынған заманауи, әрі нақты мысалдар күрделі қаржы терминологиясын 

ұғынуды жеңілдетеді. 

Р. Елемисов

Э. ғ. д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚ және ХЭ кафедрасының профессоры

Бұл кітап оқулық іспеттес. Оны қоршаған әлем («Қоғам» бөлімі) және математика 

арасындағы  пәнаралық  модуль  аясындағы  оқулық  ретінде  қарастыруға 

болады.  Оның  мақсаты  –  балаларға  ең  алдымен  әр  түрлі  ақпарат  көздерімен 

жұмыс ітсеуді үйрету, осыған байланысты әмбебап оқу қабілеттерін дамыту. Ең 

маңыздысы – көптеген тапсырмаларды орындау барысында бала ата-анасымен, 

немесе басқа отбасы мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі, олармен қойылған 

тапсырмаларды талқылайды, арманға жету жолын бірге іздейді. 

Елена Жук,

Оқу ісінің меңгерушісі, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі 

АОУ «Гимназия №40», Калининград қ.





Евгения Блискавка

Каражат


лемiне саяхат

Балаларға арналған отбасылық қаржы туралы 

өзін-өзі оқыту құралы

«Издательский дом «Lem» баспасы

Алматы, 2014

е



УОК 087.5

ББК 65.26

Б69

Блискавка, Е.



Қаражат әлеміне саяхат. Балаларға арналған отбасылық қаржы туралы өзін-өзі оқыту 

құралы / Евгения Блискавка. – А.: «Издательский дом «LEM»» 

ЖШС

, 2014. – 80 б.



ISBN 978-601-239-310-1

Бұл кітап балалардың қаражат туралы сауатын ашуға арналған оқулық болып табылады. 

Оның мақсаты – балаңызға ақшаның мәнін және оның құндылығын жетімді тілмен жеткізу, 

еңбекті бағалауды үйрету, неліктен қалағанның бәрін алу мүмкін емес екендігін түсіндіру 

және басқа да күрделі сұрақтарға жауап беру. Ең бастысы – осы кітаптың көмегімен сіз 

балаңызбен бірге өз ақшаңызды басқаруды үйрене аласыз. Соның арқасында ерте ме, кеш 

пе, барлық армандарыңызға қол жеткізесіз! 

УОК 087.5

ББК 65.26



Мазмұны

Алғы сөз. 



 

6

Кіріспе. Арманыңның орындалуы 



7

Құпия 1. Ақша қалай пайда болды? 

11

Құпия 2. Ақшаны қалай санап, қалай тексеру керек? 



17

Құпия 3. Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары 

23

Құпия 4. Арманыңа апарар жол 



31

Құпия 5. Ақшаны қалай «бағындыру» қажет? 

37

Құпия 6. Ақшаны «тұзақтардан» қалай сақтауға болады? 



41

Құпия 7. Ақшаны қалай «өсіруге» болады? 

45

Құпия 8. «Жүгіретін» ақша! 



51

Құпия 9. «Жұмыс істейтін» ақша! 

57

Құпия 10. Жайсыздықтан қорғанудың құны қанша? 



61

Құпия 11. Адам өз болашағын қалай қамтамасыз ете алады? 

65

Құпия 12. Қарызға алу жолдары  



69


6

Алғы сөз


Әрбір  ата-ана  өз  балаласы  үшін  еш  нәрсені  де  аямайды.  Бұл  –  ақиқат.  Біз 

балаларымызға өз білгенімізді үйретіп, олармен тәжірибемізбен бөлісеміз, олардың 

өмірде үлкен жетістікке жеткенін тілейміз. Жақсы мектеп пен мұғалімдерді таңдап, 

жоғарғы оқу орнына түсуге көмектесіп, еңбек жолында бағыт-бағдар беріп, алғашқы 

табысына балаша қуанатын да біз, ата-ана. 

Осыған қарамастан, әдетте, біздің назарымыздан тыс қалып жататын бір жайт 

бар. Ол – балаға ақшаны ұқыпты пайдалану жолын үйрету. Негізінде, қолдағы 

қаражаттың үлкен-кішілігіне қарамастан, біз оның мүмкіндіктерін толық пайдалана 

бермейміз. Алайда, бұл қабілеттің тұрмыстағы маңыздылығы зор. Себебі, салым-

дар мен несиелерді дұрыс пайдалана отырып, ақшаны үнемдеуге, ал оңтайлы 

инвестиция жасай отырып, оны көбейтуге болады. Ал егер бюджетімізді ұдайы 

жоспарлап, одан ауытқымай отырсақ, біз көздеген мақсатымызға тезірек жете ала-

мыз. Осыған орай балаға жастайынан қаражат туралы дұрыс тәлім-тәрбие беру 

қажеттілігі туындайды.

Бұл оқулық балаға ақшаны санауды, үнемдеуді және сақтауды үйретеді, жеке 

бюджетті дұрыс жоспарлау арқылы аз ақшадан көп ақшаны қалай жасауға бо-

латынын  көрсетеді.  Және  де  осының  барлығы  қарапайым  мысалдар  арқылы 

түсіндіріледі. Себебі, жетістікке апарар жол әрдайым қарапайым әрекеттер мен 

әдеттерден басталады. Тіпті, азулы қаржыгерлердің өздері карьераларын санамақ 

таяқшаларынан бастаған.

Бұл оқулық тегін таратылады. Біздің мақсатымыз – өз білгенімізді қызығушылық 

танытқан әр адаммен бөлісу. Сондықтан да кітаптың авторлары жеке қаржылық 

жоспарлау саласындағы үздік мамандар болып табылады. Біздің ойымызша, кітап 

әдемі, заманауи және ыңғайлы болып шықты. Берілген тапсырмаларды оқулықтың 

өзінде орындауға болатындығы балаларға ұнайды, ал ата-аналар өз балаларымен 

өткізген көңілді, әрі пайдалы уақытын бағалайды деген ойдамыз!

Банк Хоум Кредит



жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау