Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмүнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қогам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысына ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сын тұрғысына ойлау жобасының әдіс-тәсілдері өқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жүмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіңдегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |