Кіріспе Зерттеу өзектілігі



жүктеу 0,57 Mb.
бет3/3
Дата14.11.2017
өлшемі0,57 Mb.
#441
1   2   3

ІІІ. Қорытынды бөлім

Бұл тақырыпты зерттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, драматург, сыншы, философ, көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері, әлемнің көптеген елдеріне танымал болған Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы, қоғамдағы орны мен жан-жақтылығы, шебер саясаткер ретіндегі рөлі, мемлекет көлеміндегі атқарып жатқан іс-әрекеттері, ұлт пен халық жағдайына, тіліне деген оның жанашырлығы көрсетілді. Оның ел көлемінде, ұлтаралық қатынастың нығаюы мен жалпы әлеуметтік – экономикалық дамудың шеңберіндегі атқарған, атқарып жатқан еңбегі аз емес.

Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев терең мазмұнды ой-пікірлерін, қоғамдық-саяси көзқарастары мен ой толғаныстарын, дїниетанымын ғылыми философиялық тұрғыдан зерттеп, сараптау қажеттігін заңды құбылыс. Ойшыл философтың қоғам мен мемлекет қайраткері ретінде және зор шығармашылық еңбегі арқылы халқымыздың әлеуметтік және рухани дїниесіне, мәдени өміріне қосқан їлесі зор. Оның қаламынан туған дїниелерде қамтылған ұлттық болмыс мәселелері: мәдениет пен тіл, діл мен дін, тұрмыс-салт пен тарихи жады және болашақ, сонымен қоса басқа да сан алуан идеялары автордың дїниетанымдық көзқарас ерекшеліктерінің кїрделілігі мен ауқымдылығының айғағы. Әбіш Кекілбайдың еңбектері тарихи сырға толы әрі ерекше мәнге ие. Қаламгер әр тїрлі тақырыпты жан-жақты талқылап, жеткізе біледі. Оның балалық шағынан бастап, есейіп, мемлекет қайраткері санатына келген тұсының өзінде жадынан бір сәтке де шығармашылығы қалған емес. Бала кїнгі қиыншылықтарын өз шығармаларында тұлға өмірімен сипаттай білді. Соғыс зардабын тартқан ауыл бейнесін, азып-тозған ауыл тұрғындарының сипатын ерекше суреттеп, оған жан бітірді. Оның шығармалары жан-жақты тақырыптарға арналып жазылған. Тіпті, «Абылай хан» пьесасының өзі шетелдік жазушылардан кем қалмады. Әбіш Кекілбай шығармаларының негізгі тақырыптары тәуелсіздік, елдік, әділеттілік, бостандық, дін, діл, мәдениет пен өркениет, әлеуметтік және экономикалық жағдай, жалпы әлемдік даму, қазақ халқының тарихы, салт-дәстїрі мен менталитеті тұрғысында жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Әбіш Кекілбаев туындыларын философиялық деңгейде байыптау қазақ философиясының тұтастығы мен мирасқорлығын көрсете келіп, халқымыздың дїниетанымдық ерекшеліктері арқылы әлемдік мәдени кеңестік бірлігінен орын алады және өзінің ой кешу дәрежесі бойынша халқымыздың рухани болмысын бїкіл әлемге таныстырудың тұлғасы ретінде танылады.

Тек қана қазақ жерінде емес, сонымен бірге шетелдік деңгейде танымал болған Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызды алар орны ерекше.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдениеттік орталығында 2007 жылдың 28 қарашасында көпшілік көңілін көншіткен іс-шара өткен болатын. Ол – «Қазақ зиялылары туралы антология» сериясымен дїниеге келген, бїгінде қазақ әдебиетінің абызына айналған жазушы Әбіш Кекілбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған екі бөлімнен тұратын фильмнің тұсау кесері. Фильм авторы – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы мен шығармашылық топ діттеген жерден шықты. Алғашқы кадрлерінен жазушының кіндік қаны тамған, табиғаты таңғажайып ертегілер елінде жїргендей әсер беретін Маңғыстау өлкесін көз алдыңа әкелген фильмде қазақтың білгілі азаматтарын сөйлете отырып, Әбіш Кекілбайұлының өз толғамдары арқылы жазушының адамдық бейнесін, суреткерлік тереңдігін, перзенттік махаббатын, азаматтық биіктігін, ар-ұжданының тазалығын, кісілік қалыбын, ойының кемелдігін, парасат тұғырының бекемдігін көрсеткен.

Әбіш Кекілбайұлының қоғам қайраткері ретінде сіңірген еңбегі аз емес. Еліміз өз тәуелсіздігін алған тұстан Әбіш Кекілбайұлының саясатқа белсене араласуына ерекше сипаттағы әріптесі, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастау болды десек қателеспеген болар едік. Қоғам қайраткері ретінде оның экономикалық, мәдени, тіл салаларында еткен еңбегі ауыз тола айтарлықтай. Оған қоса Әбіш Кекілбайұлының көлемді мақалалары қаламгер ретінде ерекше бағаланады.

Еліміз тәуелсіздік алған кїннен бастап қабылданған барлық заңдарға өз ой-пікірін білдірді, жалпы оның қатысуынсыз ешбір заң қабылдабады десе де болады. Қазақ халқының, мемлекетіміздің тағдыры шешілген көптеген тарихи құжаттардың қабылдануында депутат Әбіш Кекілбайұлының орны ерекше.
«Құрметті Әбіш Кекілбайұлы, Сізге Президенттің Бейбітшілік пен татулық сыйлығын беру туралы шешім қабылдағанымды қуана хабарлаймын.

Туған халқыңыз, бїкіл Қазақстан жұртшылығы Сізді республикамыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, тамаша сөз зергері ретінде таниды, қадірлеп, қастер тұтады.

Бұл абырой биігіне тәнті Сіз табиғат ана молынан сыйлаған ақыл парасатыңыздың, қажымас қайратыңыздың, дара дарыныңыздың арқасында жетіп отырсыз.

Сөз танитын адамды тәнті етпей қоймайтын кітаптарыңыздағы ордалы ойлар, терең толғаныстар, Сіздің мемлекеттік, қоғамдық қызметіңізде жаңаша жалғасып, жарқырай көрінгені – халықтың игілігі». Нұрсұлтан Назарбаев.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. http://www.google.kz

  2. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, Алматы 2002ж, ІЇ-том

  3. Парасат 1999ж, №11-12 желтоқсан ( 1-3б )

  4. Парасат 1999ж, №11 желтоқсан ( 3б )

  5. Социалистік Қазақстан 1989ж, 14 мамыр

  6. Халық Кеңесі 1990ж, №1



  7. http://www.mail.kz/ru

  8. http://www.rambler.kz

  9. http://www.ak orda.kz

  10. http://www.asnana.kz

  11. Ана тілі 1999ж , 30 желтоқсан ( 5б )

  12. Егемен Қазақстан 1999ж, 3 желтоқсан ( 4б )

  13. Егемен Қазақстан 1996ж, 26 наурыз ( 3б )

  14. Жалын 1997ж, №1 ( 42б )

  15. Ақиқат 1993ж, №8 ( 57б )

  16. Қазақ әдебиеті 2005ж, 21-27 қаңтар

  17. Қазақ тілі мен әдебиеті 2006ж, №8 ( 92-95б )

  18. Егемен Қазақстан 2005ж, 5 қараша ( 3б )

  19. Егемен Қазақстан 2005ж, 14 қыркїйек

  20. Ізденіс 2001ж, №4-5 ( 52-54б )

  21. Егемен Қазақстан 2002ж, 6 сәуір ( 4б )

  22. Егемен Қазақстан 2007ж, 11 шілде ( 5б )

  23. Қазақ әдебиеті 2000ж, 24 наурыз

  24. Егемен Қазақстан 1997ж, 14 наурыз

  25. Арай 1989ж, №11

  26. Қазақ әдебиеті 1999ж, 3 желтоқсан

  27. Жас алаш 1999ж, 4 желтоқсан

  28. Жас қазақ їні 2001ж, 6 желтоқсан ( 3б )

  29. ХҚТУ хабаршысы 2001ж, №4

  30. Егемен Қазақстан 1999ж, 8 қазан

  31. Ұлт тағылымы 2001ж, №3 ( 35б )

  32. Егемен Қазақстан 2001ж, 1 желтоқсан ( 3б)

  33. Жұлдыз 2007ж, №1 (153б)

  34. Оңтїстік Қазақстан 2007ж, 19 маусым ( 2б )

  35. Кекілбай Ә. «Махаббат мұнарасы», Алматы «Раритет» 2005ж

  36. Кекілбай Ә. «Ханш – Дрия хикаясы», Алматы «Атамұра» 2003ж

  37. Кекілбай Ә. «Шандоз», Алматы «Арыс» 2004ж

  38. Кекілбай Ә. «Азаттықтың ақ таңы», Алматы «Қазақстан» 1998ж

  39. Дїйсенбаева Ж. «Кекілбай прозасы халық аңыздар және көркемдік шешім», Алматы 1999ж

  40. Джуанышбеков Н. «А.Кекильбаев: очерк жизни и творчества», Алматы 2004г

  41. Кекілбай Ә. «Заманмен сұхбат», Алматы «Жазушы» 1995ж

  42. Кекілбай Ә. «12 томдық шығармалар жинағы», Алматы 1989ж,

ІЇ-том

  1. Жас алаш 1998ж, 25 маусым

  2. Астана ақшамы 1998ж, 28 шілде

  3. Егемен Қазақстан 2005ж, 15 сәуір

  4. Егемен Қазақстан 2003ж, 5 қыркїйек

  5. Егемен Қазақстан 2003ж, 9 қыркїйек

  6. Егемен Қазақстан 2003ж, 10 қыркїйек

  7. Егемен Қазақстан 2003ж, 11 қыркїйек

  8. Егемен Қазақстан 2006ж, 26 наурыз

  9. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 10-томдық, Алматы 2005ж, ІХ-том «Кеңес дәуірі» (229-757б)







жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау