3. Тақырып. Трасология
Трасологияның түсінігі және оның мәселелері. Трасологияның ғылыми негізгі ережелері. Іздердің классификациясы.
Қолдың іздері. Папиллярлы сызықтар және өрнектер. Объектіде қалған майлы тер іздерін табу, бекіту және алу техникасы. Оның көшірмесін түсіріп алу. Пороскопиялық зерттеу.
Аяқтың және аяқ киімнің іздері, олардың криминалистік маңызы. Аяқтың іздерін өлшеу, олардың үлгісін алу. Аяқтың іздерінен қалған жол іздері, оның элементтері. Тістің, тырнақтың және басқа да іздерді табу, бекіту және алу.
Бұзу құралдарының іздері және олардың криминалистік маңызы. Бұзу құралдары іздерінің түрлері, оларды бекіту және алу әдістері. Іздердің үлгісін дайындау. Құлыптарды, пломбыларды криминалистік әдістермен зерттеу.
Көліктің іздері, олардың криминалистік маңызы. Көліктің іздерін өлшеу және олардың үлгісін алу.
Трасологиялық іздерді зерттеу арқылы шешілетін идентификациялық және диагностикалық мәселелер.
3-тақырып. Іздер (Трасология)
1 - сабақ. Қолдың және аяқтың (аяқ киімнің) іздері.
Студенттерге көзге көрінбейтін және әлсіз көрінетін саусақтың ізін физикалық әдіспен айқындап бекіту тәсілін үйрету.
Қол іздерімен жұмыс жасау. Қол іздерін әртүрлі әдістермен анықтау және бекіту. Анықтаушы реактивтерді, бояушы ұнтақтарды және қоспаларды дактилоскопиялық із көшіруші пленкаларды қолдану. Шыныға түскен саусақ іздерін арнаулы ұнтақ арқылы айқындап, оны дактилоскопиялық пленкаға түсіру.
Аяқтың және аяқ киімнің іздері.
Аяқ іздерінің жолын және жеке іздерді қарау және бекіту. Көлемді болып түскен аяқтың ізінің қалыпын гипстің көмегімен жасау.
2- сабақ. Көлік құралдарының және бұзу құралдарының іздері.
Көлік құралдарының іздерін қарау. Көлік құралдарына топтық тиістілігін сипаттайтын және оның қозғалыс бағытын куәландыратын белгілерді анықтау.
Көлік құралының ізін ерекшеліктеріне қарай отырып, ол қай маркалы екендігін, моделін анықтау. Бұл із бойынша схемалық суретін салып, ерекшеліктерін көрсету.
Бұзу іздерін қарау және бекіту. Бұзу құралдарын қарау және сипаттау.
СӨЖ тапсырмалары:
Альбомға дактопленкаға түсірілген қол саусағының ізін жапсырманың ішіне салып оқиға болған жердің хаттамасының үзіндісі ретінде оның жалпы және жеке белгілерінің сипаттамасын, табу, алу және бекіту әдістерін көрсету.
Аяқ ізінің гипс көшірмесінің хаттама үзіндісі ретінде сипаттап көрсету. Аяқ іздерінің жолын схема түрінде альбомға сызып белгілерін айқындау. Өлшемдерін енгізу.
Көлік және бұзу құралдарының фотосуреттерін, олардың ереже бойынша сипаттамасын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |