Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары



жүктеу 0,68 Mb.
бет111/151
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40509
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151
ʳð³ñïå î?ûðìàíäàð?à ?ñûíûëûï îòûð?àí «Êðèìèíàëèñòèêàäàí ýëåêòðî

Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары

  1. Жауап алудың түсінігі, мәні және түрлері.

  2. Жауап алудың (куә, жәбірленуші, сезікті, айыпкер, сарапшы, және кәмелетке толмаған субъектілер) процесуалдық шарттары.

  3. Жауаптың қалыптасуының психологиялық процесі.

  4. Жауап алынатын адаммен психологиялық байланыстың қалыптасуы.

  5. Жауап алудың дайындық жұмыстары.

  6. Жауап алудың тактикалық жағдайлары, оның ерекшелігі субъектілері бойынша.

  7. Қайшылықсыз жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер.

  8. Қайшылықты жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер.

  9. Кәмелетке толмаған куәлар, жәбірленушеден, сезіктілер мен айыпкерлерден жауап алудың тактикасы.

  10. Жауап алудың нәтижелері бойынша бекітудің тәртібі.

  11. Бақылау сұрақтары және жалпы өткен тақырып бойынша қорытынды шығару.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет. 2010 жыл.

  2. Васильев Л. Н. , Корнеева Л. М. Тактика допроса при расследовании преступлений. М,1981.

  3. Доспулов Г. Г. Психология допроса на предварительном следствии. М, 1976.

  4. Доспулов Г. Г. Психология допроса в уголовном процессе. Алматы, 1999

  5. Еркенов С. Е., Султанов С.И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. Данекер 2002

  6. Жәкішев Е. Г., Исаев А. А., Тапалова Р.Б., Найманова Г. Х., Темірболат Н.С. Криминалистика КазНУ 2005

  7. Корнеева Л. М., Ордынский С.С., Розенблит С. Я. Тактика допроса на предварительном следствии. Минск, 1978.

  8. Коновалова В. Е. Допрос: тактика и психология. Харьков, 1999

  9. Порубов Н.И. Научные основы допроса на предварительном следствии. Минск,1978.

  10. Соловьев А.Б. Процессуальные, психологические и тактические основы допроса на предварительном следствии. М., 2002

  11. Усманов У.А. Тактика допроса (справочник), М., 2001

Есептер:
1. 2010 жылы 25 шілдеде Хасановтар пәтерінде болған ұрлық уақытында, үй иелері үйде болмай аулада балалар ойнап журген: Кабилова Роза 8 жас және Сангинов Кәрім 7 жас.


Іс материалдарымен анықталғандай, олар қылмыскерлер Хасановтар пәтеріне кіргенін және одан чемодан және түйінмен шыққанын, оларды көшеде үйдің жанында тұрған жеңіл машинаға салғанын көрген. Осыған байланысты Роза және Кәрімнен куә ретінде жауап алу қажеттілігі туындады.
Бұл жауап алу қандай жағдайда жүргізілуі керек және оған кім қатысу керек?
Жауап алу жоспарын жасаңыз және Роза мен Кәрімге қойылу керек сұрақтарды құрастырыңыз.

2. Тергеуші тауарларды ұрлау жүзеге асырылған дүкеннің терезесінің ішкі жағының әйнегінде сезікті Васильевтың саусақ және алақан бөлігінің іздері бар дактилоскопиялық сараптаманың қорытындысын жауап алу кезінде оған жария етті. Сезікті былайша жауап берді: «Сонымен не бопты? Ол іздер ол жерде ұрлық жасалғанға дейін екі-үш күн бұрын мен дүкенге кірген кезде қалған. Сол кезде мен терезеге жақындап, далаға қарадым, себебі маған терезенің жанынан менің танысым Петр Коршиков өтіп бара жатқандай болып көрінді. Осы уақытта мүмкін мен терезе әйнегін ұстаған шығармын».


Бұл жауап алу барысында тергеушімен жіберілген тактикалық қателікті анықтаңдар. Осы жағдайда дактилоскопиялық сараптаманың қорытындысын қалай қолдану керек еді? Жауап алуда дәлелдемелерді қолданудың негізгі ережелері қандай? Жіберілген қатені түзетуге болады ма және жауап алудың келесі бөлімін тактикалық жағынан қалай дұрыс құрастырған жөн?

3. Айыпталушы Крючков. П.И өзінің көршісі Ларинды пайдакүнемдік мақсатпен өлтірген кінәсін мойындамай, бұл қылмыс орын алған кезде ол өзінің досы Сергеевпен Немчинова Ольга деген танысының үйінде сағат 20.00 ден 24.00. сағатқа дейін қонақта болғанын, содан кейін мейрамханаға барғанын көрсетті. Бұл мәліметті куә ретінде Сергеев пен Немчинова куәләндырды.


Айыпталушы мен куәлардың берген жауаптарын тексеру мақсатымен жауап алу барысында қандай тактикалық әдіс-тәсілдер қолданасыз? Сұрақтар шеңберін көрсетіңіз.
4. Кірпіш заводының клубында жастар кешінде азамат М. Судариков мас күйінде тігін фабрикасының жұмысшысы азаматша А. Зиминаны билеуге шақырады. Ол өз кезегінде мас адамдармен билемейтінін айтты. Азамат М. Судариков болса оған қол жұмсады. Тәртіп сақшылары Р. Раджупов пен А. Гусеев М. Судариковқа өзімен бірге штабқа баруын ұсынды. М. Судариков пышақты алып Р. Раджуповтың мойнына жарақат келтірді. М. Судариков көшеге шығып қашуға тырысты, өтіп бара жатқан А. Александров пен В. Рыбников қашпақшы болған қылмыскерді ұстап полиция басқармасына жеткізді. М. Судариковқа тағылған айып бойынша істі тергеушіге жеткізді. Осы іске қатысты куә ретінде жауап алу үшін кім шақырылуы қажет? Олардың әр қайсысына қандай сұрақтар қойылуы тиіс.

5. Азамат К. Жапаков тонау мақсатында М. Құрбановты өлтіру ісі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Айыпталушы өз қылмысын мойындаған жоқ және қылмыс жасаған күні ол інісінің үйінде болғанын айтты. К. Жапаковты ұстағаннан кейін үйіне тінту тергеу әрекеті жүргізілді. Тінту кезінде ер адамның қанға боялған жейдесі табылды.


Жауап алудың жоспарын құрастырыңыз. Сұрақтарды қарастырыңыз.

6. Тергеуші куә ретінде жауап алу үшін азаматша С. Сагибованы шақырды. Жауап алу 25 наурыз 2016 жылы ізсіз жоғалған көршісі С. Самойловқа қатысты еді. Жоғалған С. Самойловтың өліміне қатысы бар негіз бойынша сезікті ретінде М. Омаров ұсталды. Тергеуші куә С. Сагибоваға келесі сұрақты қойды:



  1. Айтынызшы, шындығында да С. Самойлов М. Омаровқа таңертен 25 наурыз күні 2016 ж. келіп, содан соң онымен кеткен, одан кейін С. Самойловты ешкім көрмеді ме?

  2. Сіздің есіңізде емес пе, С. Самойловтың үстінде көк түсті плащ және оның қолында үлкен емес чемодан болмады ма?

  3. М. Омаров сізге айтпады ма С. Самойлов екеуінің арасында келіспеушілікке қатысты өлтіремін деп қорқытқаны туралы?

Сұрақтар дұрыс қойылған ба? Сұрақтардың дұрыс тұжырымдамасын көрсетіңіз.



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау