Кинематика


(Ж:автобус және таксидің жүрген жолы мен орын ауыстыруы бірдей.)



жүктеу 1,35 Mb.
бет6/59
Дата27.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#39874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Кинематика

(Ж:автобус және таксидің жүрген жолы мен орын ауыстыруы бірдей.)

  1. Материялық нүкте 20м/с бастапқы жылдамдықпен және бастапқы жылдамдыққа қарсы 0,5 м/с2 үдеумен қозғалады. 0,5 мин ішіндегі жолы мен орын ауыстыруы (Ж:375м; 375м)

  2. Жүк көтергіш оңтүстіктен солтүстікке 40 м және бір уақытта жүк көтергішпен бағыттас шығыстан батысқа 30м қозғалса, жүктің Жерге қатысты орын ауыстыруы (Ж:50м)

  3. Қайық ені 50 м өзенді көлдеңінен жүзіп өтті. Ағысы қайықты 300-қа өзен жағасына бұратын болса, қайықтың өзен жағасына қатысты орын ауыстыру (tg 300=1,75) (Ж:87м)

  4. Қайық ені 50 м өзенді көлдеңінен жүзіп өтті. Өзеннің ағысына қайықты 300 бұрышқа бұрып жіберді. Қайықтың жағадан жағаға қатысты орын ауыстыруы (sin 300 = 0,5 cos 300 = 0,87) (Ж:100м)

  5. Велосипедшінің жылдамдығы 36км/сағ, желдің жылдамдығы 2м/с. Желмен бағыттас қозғалған велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің жылдамдығы (Ж:8 м/с)

  6. Ұшақтың ауаға қатысты жылдамдығы 900 км/сағ. Егер қуалай соққан желдің жылдамдығы 50 км/сағ болса, ұшақтың Жерге қатысты жылдамдығы (Ж:950 км/сағ)

  7. Бір автомобиль оңтүстіктен солтүстікке 80 км/сағ, ал екінші батыстан шығысқа 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Екінші автомобильдің біріншіге қатысты жылдамдығы (Ж:100 км/сағ)

  8. Велосипедшінің жылдамдығы 18 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 4м/с. Желге қарсы қозғалған соққан желді велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің жылдамдығы (Ж:1м/с)

  9. Ағыс жылдамдығы 3,24 км/сағ. Ені 120м өзенді жүзгіш суға қатысты 5км/сағ жылдамдықпен, ағысқа перпендикуляр бағытта қозғалады. Жүзгіштің жағаға қатысты орны ауыстыруы (Ж:143 м)

  10. Катер екі пункттің арасын өзеннен төмен ағыс бойынша 8 сағатта, кері 12 сағ жүріп өтті. Катердің тынық судағы дәл сондай қашықтықты жүзіп өту уақыты (Ж:9,6 сағ)

  11. Автомобиль батыс бағытта 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Оған басқа автомобиль қарсы, сондай жылдамдықпен қозғалуда. Біраз уақыттан соң автомобильдердің ара қашықтығы 10 км-ге тең болады. Олардың кездесу уақыты (Ж:225 с)

  12. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд терезесінің алдындағы жолаушы 32,4 км/сағ жылдамдықпен қарсы өткен поезды 10 с бойы көреді. Қарсы кездескен поездың ұзындығы (Ж:290м)

  13. Ұзындықтары 800 м және 200 м екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және 108 км/сағ жылдамдықтары мен өзара параллель темір жолда қозғалып келеді. Бірінші поездың екіншісінің жағынан өту уақыты (Ж:20с)

  14. Қозғалмай тұрған жолаушы метрополитен экскалаторымен 1 мин, ал қозғалмайтын эсклатор арқылы жолаушы 3 мин көтеріледі. Қозғалыстағы эксалатор арқылы жолаушының көтерілу уақыты (Ж:45 с)

  15. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы жол бойымен, дәл сол бағытта 5 м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы (Ж:10м/с)

  16. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Осы жолмен,дәл сол бағытта 5м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты 10 мин ішінде жүрген жолы (Ж:6000 м)

  17. Автомобиль Жерге қатысты 15м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Автомобилдің 10 мин ішіндегі Жерге қатысты жүрген жолы (Ж:9000 м)

  18. Жүргізуші уақыттың бірінші жартысында 60 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Барлық бөліктегі орташа жылдамдық 65 км/сағ. Жолдың екінші жарты бөлігіндегі орташа жылдамдығы (Ж:70 км/сағ)

  19. Поезд бірінші 10 км-ді 36 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 10 км-ді 40 км/сағ орташа жылдамдықпен, үшінші 10 км-ді 60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы (Ж:43,2 км/сағ)

  20. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км/сағ жылдамдықпен, екінші жартысын 30 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы (Ж:24 м/с)

  21. Поезд жолдың бірінші ширегін 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 40 км/сағ. Жолдың қалған бөлігіндегі поездің жылдамдығы (Ж:36 км/сағ)

  22. Екі дененің теңдеулері х = 5 - t және х = -10 + 0,5t берілген. Денелердің кездесуге дейінгі координаты мен уақыты (Ж:-5м; 10с)

  23. Екі дене бір түзу бойымен қозғалғанда олардың қозғалыс теңдеулері х= 40 +10t және х =12 + 12t берілген. Денелердің кездесуге дейінгі орны мен уақыты (Ж:14 с, 180 м).

  24. Автомобиль өз сапарында уақыттың төрттен бір бөлігі 36 км/сағ, ал қалған уақыт бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалса, оның орташа жылдамдығы (Ж:49,5 км/сағ)

  25. Поезд орнынан 0,75 м/с2 үдеумен қозғалды. 15 км-ді жүріп өткен уақыты (Ж:200 с)

  26. Дене қозғалыс басталғаннан соң сегізінші секундта 30 м жолды жүріп өтті. Дененің үдеуі (Ж:4 м/с2)

  27. Ғарыштық ракета ғарыш айлағынан 45 м/с2 үдеумен ұшты. 1000 м ара қашықтықты ұшып өткен соң, оның жылдамдығы (Ж:300 м/с)

  28. Қозғалыстағы дене уақыт өтуіне қарай х = – 2 + 4t – 3t2 заңымен өзгереді. Бастапқы координатасы, бастапқы жылдамдық проекциясы мен үдеу проекциясы (Ж:-2м, 4м/с, -6м/с2)

  29. Қозғалыстағы дененің координатасы уақыт өтуіне қарай х = –2 + 4t –3t2 Берілген дененің жылдамдық теңдеуін жазыңыз. (Ж:υ = 4 – 6t)

  30. Ұзындығы 30 м жүгіру алаңында спортшы 2,5 м/с2 үдеумен жүгірді, содан соң бірқалыпты қозғалады. 100 м қашықтықтағы спортшының уақыты (Ж:10,6 с)

  31. 10 с ішінде автомобиль 400 м жол жүріп өткенде жылдамдығын 3 есе арттырды. Егер автомобильдің қозғалысы бірқалыпты үдемелі болса, онда оның үдеуі (Ж:4 м/с2)

  32. Cурет бойынша 5 c ішіндегі дененің орын ауыстыруы



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау