Кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім астана қаласы «5» ақпан 2018 ж



жүктеу 0,87 Mb.
бет1/5
Дата14.05.2018
өлшемі0,87 Mb.
#12460
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің

кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ
Астана қаласы «5» ақпан 2018 ж.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Салалық келісім (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім және ғылым саласының қызметкерлері мен жұмыс берушілері тараптарының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және мүдделерін келістіру мақсатында жасалды.

1.2. Осы Келісімнің тараптары:

мемлекет атынан – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі мәтін бойынша – «Министрлік»);

жұмыс берушілердің атынан – «Атамекен» ҚР ҰКП (бұдан әрі – Жұмыс берушілер);

қызметкерлердің атынан – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ (әрі қарай мәтін бойынша – «Кәсіподақ»).

1.3. Әлеуметтік әріптестік институттарының бірі ретіндегі Келісім қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін, сала ұйымдарының – жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді қамтамасыз етеді.

1.4. Осы Келісім Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында баяндалған міндеттерге, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, ҚР Үкіметі, қызметкерлер және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімнің ережелеріне негізделеді.

1.5. Министрлік, Жұмыс берушілер, Кәсіподақ (бұдан әрі мәтін бойынша – «Тараптар») алдағы уақытта білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын шарттық реттеу, әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде өзара іс-әрекетті дамыту жөнінде келісімге келді.

1.6. Министрлік пен Жұмыс берушілер Кәсіподақты сала ұйымдарындағы ұжымдық шарттар мен әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде ұжымдық келіссөздерге, салалық келісімдер жасауға құқылы және республикалық мәртебесі бар, білім және ғылым саласы қызметкерлерінің уәкілетті өкілі ретінде мойындайды, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілеттік етуге қатысты оның қызметін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттеледі.

1.7. Тараптар осы Келісімнің мәртебесін білім және ғылым жүйесіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі принциптерін белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

Осы Келісімнің іс-әрекеті мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлер мен олардың білім және ғылым жүйесіндегі өкілдеріне қолданылады.

1.8. Осы Келісімнің негізгі ережелері салалық облыстық, қалалық және аудандық келісімдерге, сонымен қатар сала ұйымдарының қызметкерлері мен жұмыс берушілері арасындағы ұжымдық шарттарға қосу үшін міндетті негіз болып табылады.

Ұйымдардың ұжымдық шарттарында еңбек заңнамасымен, еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де актілермен және осы Келісіммен белгіленген қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерінің деңгейін төмендететін жағдайлар болмайды. Ұйымның ұжымдық шартында оның қызметінің ерекшеліктерін, қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен басымдылықтар, белгіленген заңдармен, еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілермен және осы Келісіммен салыстырғанда неғұрлым қолайлы еңбек жағдайлары, сондай-ақ еңбек заңнамасына және осы Келісімге сәйкес қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары, жеңілдіктер мен кепілдіктер белгіленуі мүмкін.

1.9. Осы Келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар Салалық комиссияны және осы Келісімге қол қойған басшыларды жазбаша түрде хабардар етеді. Тараптар ұсынылған ақпаратқа талқылау жүргізіп, тиісті шешімдер қабылдайды.

1.10. Барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдарымен қабылданатын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның шешімдері мен бас, салалық және оңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес болуы қажет.

1.11. Осы Келісім Тараптары кәсіптік білім ұйымдарында білім алушылардың (кәсіподақ мүшелері) құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері келісімдер мен ұжымдық шарттарға тіркелетін қосымша келісімдермен ресімделеді деп келісті.

1.12. Тараптар осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастама жасаушы Тарап келесі тарапқа Келісімді жасау тәртібіне сәйкес келіссөздер жүргізуді бастау жөнінде жазбаша хабарлама жібереді.

Тараптар қабылдаған Келісімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамамен және осы Келісімнің ажырамас бөлшегі болып табылатын қосымша келісіммен ресімделеді.

1.13. Тараптар осы Келісім шарттарының орындалу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде салалық және кәсіподақтық басылымдарында, Министрліктің, Жұмыс берушілер мен Кәсіподақтың ресми сайттарында жариялауға келісті.



2. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ

КЕЛІСІМ ТАРАПТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҮЙЛЕСТІРУ
2.1. Осы Келісімнің Тараптары өздеріне төмендегідей міндеттемелер қабылдайды:

2.1.1. Әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында бір-бірлеріне еңбек қатынастарының мәселелері бойынша, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, осы келісімді реттеу нысаны болып табылатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдер мен нормативтік құқықтық актілер туралы уақытында және толық ақпарат жіберу.

2.1.2. Салалық өңірлік келісімдер мен ұйымдардағы ұжымдық шарттардың жасалуына, нәтижелілігі мен әрекеттілігін арттыруға барынша жәрдемдесу;

2.1.3. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің заңнамамен белгіленген тәртібін қадағалау, жанжал тудыруға әкеп соғатын себептерді болдырмау үшін, оларды шешудің соңғы шарасы –қызметкерлердің ереуілге жүгінуінің алдын алу мақсатында барлық мүмкіндікті пайдалану.

Еңбек келіспеушіліктерінің, ұжымдық еңбек дауларының, ереуілдердің алдын алу жөнінде бірлескен іс-шаралар өткізу.

2.2. Қажет болған жағдайда, Салалық комиссияның шешімімен тепе-теңдік бастама негізінде:

- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес;

- Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі кеңес;

- келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу мен қабылдауға қатысу үшін бақылаушылар топтарын;

- кадрлар әлеулеті мен біліктіліктерін дамыту жөнінде үйлестіру орталығын құру.



2.3. Министрлік:

2.3.1. Жұмыс берушілер мен Кәсіподақтың өкілдерін еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік салалық бағдарламалар жобаларын әзірлеу жөніндегі алқалық басқарушы органдарға, комиссияларға және басқа да жұмыс органдарына (топтарына) қосады.

2.3.2. Жұмыс берушілермен және Кәсіподақпен еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелері бойынша консультациялар жүргізіп, Кәсіподаққа оның сұранысы бойынша қызметкерлердің саны мен құрамы, еңбек ақы төлеу жүйелері, персоналдар санаты бойынша орташа жалақы мөлшерлері, еңбекті қорғау және оның жағдайлары бойынша көрсеткіштер, қызметкерлер санын (штаттарды) бұқаралық қысқарту жөніндегі шараларды жоспарлау мен жүргізу, білім және ғылым саласында қаржылай қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдер туралы ақпаратты, әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі басқа да қажетті ақпаратты ұсынады.

2.3.3. Министрліктің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде Жұмыс берушілерге, Кәсіподаққа бұл туралы алдын ала хабарлап, олардың және Салалық комиссияның пікірлерін ескереді.



2.3.4. Жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары өкілдерінің білім беру ұйымдары басқармасы органдарының (ғылыми, қамқоршылық, бақылау, педагогикалық кеңестер және т.б.) жұмысына қатысуына мүмкіндік жасайды.

2.3.5. Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының рейтингін анықтау кезінде, өлшемдердің бірі ретінде ұжымдық шарттың және онымен бекітілген әлеуметтік пакет құнының болуын ескереді.



2.4. Кәсіподақ:

2.4.1. Министрлік пен Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша Кәсіподақтың саны мен құрылымы, оның ұйымдары туралы, еңбек заңнамасының орындалуына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылаудың нәтижелері туралы, саладағы әлеуметтік әріптестік көрсеткіштері туралы статистикалық және өзге де ақпаратты ұсынады.

2.4.2. Жұмыс берушілердің өкілдерін еңбек заңнамасының, кәсіподақтар туралы заңнаманың негіздеріне, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестікті құқықтық реттеу мәселелеріне белсенді оқытуды жүргізеді.

2.4.3. Жасалған салалық өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттардың есепке алынуын қамтамасыз етіп, оларға талдау жасап, әлеуметтік әріптестік саласындағы озық тәжірибелерді қорытып таратады.



2.5. Жұмыс берушілер:

2.5.1. Тараптарға келісімді әзірлеу, жасау және өзгерту, олардың орындалуын бақылау мақсатында ұжымдық келіссөздер жүргізуге қажет әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша қолда бар ақпаратты ұсынады.

2.5.2. Жасалған келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

2.5.3. Әлеуметтік әріптестік жүйесіне білім және ғылым саласының мемлекеттік емес ұйымдарын тарту жөнінде жұмыс жүргізеді.

2.5.4. Жұмыс берушілердің келісімдермен, сондай-ақ ұжымдық шарттармен көзделген міндеттемелерді орындауына жәрдемдеседі.

2.5.5. Жұмыс берушілерге еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттейтін заңнамаларды қолдану, еңбек құқығының нормаларынан тұратын жергілікті құқықтық актілерді әзірлеу, ұжымдық шарттарды, келісімдерді жасау, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелерінде көмек көрсетеді.

2.5.6. Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда кәсіподақтардың құқықтары мен кепілдіктерін қадағалап, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңына, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіподақ жүзеге асыратын заңнаманың орындалуын бақылауға жәрдемдеседі.

2.6. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарынан туындайтын әріптестік Тараптарының барлық өзге міндеттемелері өңірлік салалық келісімдер мен білім және ғылым ұйымдарында ұжымдық шарттарды жасау кезінде реттеледі және нақтыланады.


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2016-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТАРАПТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Тараптар өздеріне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

3.1.1. Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірлескен іс-әрекеттерді белсенді жүргізу.

3.1.2. Педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, педагог кадрларды экономикалық және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жөнінде бірлескен жұмысты жалғастыру.

3.1.3. Ғылыми талдаулар мен зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыруды арттыруға бағытталған мақсатты жұмыс жүргізу.



3.2. Министрлік:

3.2.1. Жыл сайын Салалық комиссияға Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат беруге міндеттенеді;



3.3. Кәсіподақ:

3.3.1. Мемлекеттік бағдарламамен белгіленген міндеттерді шешуге еңбек ұжымдарының бірігуі, еңбек тәртібін күшейту үшін кәсіподақ жұмысының қолда бар нысандарын пайдалануға;

3.3.2. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін өз құзыреті шегінде тиімді қорғауды қамтамасыз етуге;

3.3.3. Кәсіби конкурстар, акциялар, БАҚ-пен бірлескен жобалар, форумдар, слеттер, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдағы педагогтің жағымды имиджін қалыптастыру жөнінде жұмысты дайындауға және жүргізуге қатысуға;

3.3.4. Кәсіподақ мүшелеріне тегін заңгерлік және кеңестер беру аясын кеңейтуге, кәсіподақ ұйымдарының қызметін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді;

3.4. Жұмыс берушілер:

3.4.1. Білім және ғылым сапасы мен тиімділігін арттыру, сала ұйымдары қызметінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге;

3.4.2. Кәсіподақпен бірге еңбек заңнамасы және әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша басшыларды, мамандар мен қызметкерлерді оқыту жүйесін ұйымдастыруға;

3.4.3. Кәсіподақтарға келісімдермен және ұжымдық шарттармен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте, еңбек ұжымдарында әлеуметтік-мәдени және өзге де жұмыстарды өткізу үшін қаражаттың бөлінуін қарастыруға міндеттенеді.


4. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
Тараптар растайды:

4.1. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Бас келісіммен, осы салалық келісіммен, өңірлік келісімдермен, ұйымдардың ұжымдық шарттарымен реттеледі.

4.2. Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгертулер мен бұзу тәртібі ҚР Еңбек кодексіне, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, сала ұйымдарының жарғыларына (ережелеріне) сәйкес анықталады және қолданыстағы еңбек заңнамасымен, сондай-ақ Бас, салалық, өңірлік келісімдермен, ұжымдық шарттармен салыстырғанда, қызметкерлердің жағдайын төмендете алмайды.

4.3. Еңбек шартын жасау, аттестаттау өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында көзделген барлық өзге жағдайларда педагог, ғылыми-педагог қызметкерлерге біліктілік талаптары «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандарты негізінде белгіленеді.

Тараптар кәсіптік стандартпен реттелмеген жағдайларда, Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Үлгілік біліктілік сипаттамалары ережелері қолданылады деп келісті.

4.4. Педагог қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі (педагогикалық жұмыстың) оқу жоспары, оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санына, кадрлармен қамтамасыз етуге, кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, сол ұйымдағы басқа да нақты жағдайларға орай белгіленеді.

Педагог қызметкердің оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында көрсетіледі және тек еңбек шартына қосымша келісім жасау арқылы ғана тараптармен өзгертілуі мүмкін.

4.5. Жекеменшік ұйымдарда педагог қызметкерлерге оқу жүктемесін белгілеу кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген нормативтік оқу жүктемесі қолданылады.

4.6. Оқу жүктемесін алдын ала бөлу жаңа оқу жылында сыныптарды, топтарды және оқу жүктемесін анықтау үшін оқу жылы аяқталғанға дейін және қызметкерлер еңбек демалысына шықпай тұрып аяқталады.

Жұмыс беруші педагог қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына шыққанға дейін, олардың жаңа оқу жылына арналған алдын ала оқу жүктемесімен жазбаша түрде таныстыруы қажет. Оқу жылының басталуымен нақты оқу жүктемесі білім алушылар контингентін жинақтау нәтижелеріне, оқу жоспарларының өзгеруіне байланысты алдын ала бөлінген жүктемемен білім беру ұйымындағы штаттық кестенің өзгеру себебі бойынша сәйкес келмеуі мүмкін.

4.7. Аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагог қызметкерлерге жаңа оқу жылына оқу жүктемесін белгілеу кезінде, ереже бойынша, оның көлемі және сыныптарда, топтарда пәндерді оқытуды жалғастыруы сақталады. Оқу жылының басында педагог қызметкерлерге белгіленген оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы ішінде әкімшіліктің бастамасымен оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағаттар санын азайту, сыныптар санын қысқарту жағдайларын ескермегенде, оны келесі оқу жылына белгілеу кезінде де азайтыла алмайды.

4.8. Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына байланысты, педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі бірінші және екінші оқу жартыжылдықтарында әр түрлі болуы мүмкін.

4.9. Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі заңнамамен нормативтік анықталған көп немесе аз көлемде тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді.

4.10. Аталған ұйым педагог қызметкерлер үшін негізгі жұмыс орны болып, оқу жүктемесімен кемінде бір жалақылық ставкамен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, сол ұйымда негізгі жұмысымен қатар қосымша жұмыс атқаратын тұлғаларға, сондай-ақ басқа білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне (білім басқармалары органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың қызметкерлерін қосқанда) оқытушылық жұмыс беріледі.

4.11. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысындағы педагог қызметкерлерге оқу жүктемесі жалпы негіздемеде белгіленеді және осы мерзімде оны орындау үшін басқа қызметкерлерге беріледі.

4.12. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс жасамайтын күндерге жоспарланбайды.

4.13. Педагог қызметкердің оқу жылы ішінде оқу жүктемесін еңбек шартында немесе ұйым басшысының бұйрығында келісілген оқу жүктемесімен салыстырғанда азайту немесе көбейту:

а) тараптардың өзара келісімі бойынша;

б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен:

- оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту, сыныптар, топтар санын қысқартуы;

- өндірістік қажеттілікке байланысты, уақытша орнында жоқ қызметкерді алмастыру үшін оқу жүктемесінің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда қызметкердің келісімінсіз көбейтілген оқу жүктемесін орындау ұзақтылығы күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет);

- қызметкерлерге олардың мамандығы мен біліктілігін ескере отырып, бос тұрып қалған жағдайдың барлық уақытына сол ұйымнан немесе сол жердегі басқа ұйымнан кемінде бір айға басқа жұмыс тапсырылуы (ауа райы жағдайларына, карантинге және бөгде жағдайларға байланысты сабақтарды тоқтату);

- бұрын осы оқу жүктемесін орындаған педагог қызметкердің жұмысында еңбек дауын қарайтын органмен қалпына келтіруі;

- бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысын үзген немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін әйелді жұмысқа қабылдауы мүмкін.

4.14. Құрылымдық бөлімшелер басшылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері еңбек шартымен анықталған жұмыспен қатар, еңбек шартына қосымша келісім бойынша сол ұйымда штаттық лауазымсыз қоса атқару жағдайында сыныптарда, топтарда, үйірмелерде, секцияларда оқытушылық жұмысты жүзеге асыруға құқылы.

Аталған тұлғаларға, сондай-ақ басқа білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшелердің) педагог, басқарушы және өзге де қызметкерлеріне, ұйым қызметкерлеріне (білім саласында басқаруды жүзеге асыратын органдар және оқу-әдістемелік кабинеттер, орталықтар қызметкерлерін қосқанда) оқытушылық жұмыс беру, егер аталған білім беру ұйымы (құрылымдық бөлімше) мұғалімдер, оқытушылар, өзге қызметкерлер үшін негізгі жұмыс орны болып, мамандықтары бойынша жалақының кемінде бір ставкасы көлемінде оқытушылық жұмыспен қамтамасыз етілсе ғана жүзеге асырылады, сонымен бірге бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының пікірін есепке алу қамтамасыз етіледі.

4.15. Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына уәкілетті органның рұқсатымен басқарып отырған ұйымдарында пәндерден сабақ беру бойынша қоса атқару немесе қосымша жұмыс істеу жағдайымен кемінде 0,5 нормативтік оқу жүктемесі көлемінде толық ақы төлеумен қосымша педагогикалық жұмыс берілуі мүмкін.

4.16. Профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесінің көлемін қызметкердің біліктілігіне және кафедра бейініне байланысты білім беру ұйымы өз бетінше анықтайды және оқу жылында 700 сағаттан аспауы тиіс.

4.17. Педагог қызметкерлердің маңызды еңбек жағдайларын жұмыс берушінің бастамасымен өзгертуге, ереже бойынша, тек жаңа оқу жылында қызметкердің еңбек функциясын өзгертпей өз жұмысын жалғастыруы кезінде (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы) ұйымдастырушылық және технологиялық еңбек жағдайларының өзгеруіне (сынып-жинақтардың, топтар мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) сандарының өзгертілуі, оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттары санының өзгеруі, тәжірибе жүргізу, ұйым жұмысы ауысымының өзгеруі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының және т.б. өзгеруі) байланысты жол беріледі.

Аталған ереже білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына қолданылмайды.

4.18. Оқу жылы ішінде еңбек келісімінің маңызды шарттары тараптардың еркінен тыс ерекше жағдайларда ғана өзгертілуі мүмкін.

Еңбек шартының жағдайларын өзгерту туралы жұмыс беруші қызметкерге, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарламаның неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмеген болса, кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

Егер қызметкер жаңа жағдайдағы жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші оған біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін ұйымдағы басқа жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда – қызметкердің біліктілігі мен денсаулығын ескере отырып орындай алатын төмен дәрежелі бос қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты жазбаша түрде ұсынуға міндетті.

4.19. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасасқан кезде, оны осы келісіммен, ұжымдық шартпен, білім беру ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен және ұйымның қолданысындағы еңбек мәселелері жөніндегі өзге де актілермен қолын қойғызып таныстыруы тиіс.

Аталған ереже мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға, егер олармен еңбек шарттары жоғары тұрған мемлекеттік ұйымдармен жасалған болса, қолданылмайды.

4.20. Қызметкермен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздемелер бойынша іске асырылуы мүмкін. Кәсіподақ мүшесі-қызметкермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабында көзделген кез келген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу кезінде, Жұмыс беруші алдын ала бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін алуға міндетті. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын, білім және ғылым саласы ұйымының басшысымен еңбек шартын бұзу жағдайында, білім және ғылым ұйымы басшысымен еңбек шартын бұзу құқығына ие жоғары тұрған басшы дәлелді пікір алу үшін, қарамағында еңбек ұжымында құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы бар аумақтық кәсіподақ ұйымының атқарушы кәсіподақ органына жүгінуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне ведомстволық бағынысты білім және ғылым саласы ұйымының басшысымен еңбек шартын бұзу кезінде, егер аталған басшы кәсіподақ мүшесі болып табылса, Қазақстандық салалық кәсіподақ төрағасының немесе оның орынбасарының дәлелді пікірі сұратылады.

4.21. Білім беру ұйымдарының басшылары өздеріне қызметкерлердің жеке деректерін сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығаруға міндеттеме алады.

Жұмыс берушілер қызметкердің жеке деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндетті:

1) қызметкердің жеке деректерін үшінші тарапқа қызметкердің жазбаша келісімінсіз хабарламау;

2) қызметкердің жеке деректерін алуға тек арнайы уәкілетті тұлғаларға рұқсат ету. Бұл ретте, аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана алуға және құпиялылық режимін сақтауға құқылы;

3) қызметкердің жеке деректерін, қызметкер таныс болуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес, ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыру.


5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
5.1. Тараптар мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім және ғылым қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуді, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31желтоқсандағы №1193 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, еңбекке ақы төлеудің мерзімді-сыйлықақы нысаны қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы еңбекке ақы төлеу мәселелері бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып бекітілген кәсіпорынның өзі әзірлеген Еңбекке ақы төлеу ережелерімен реттеледі.

Өзге ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім және ғылым ұйымдары мен жекеменшік ұйымдар еңбекақы төлеу жүйесін өз қалаулары бойынша қолданып, ережесі кәсіподақ ұйымдарымен келісіледі.

5.2. Меншік түріне қарамастан білім және ғылым жүйесінің қызметкерлеріне тарифтік ставканың (айлықтың) ең төменгі мөлшері, ҚР Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен және осы Келісіммен белгіленген еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауы тиіс.

5.3. Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде төленеді. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс.

5.4. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және:

- лауазымдық айлықтан (тарифтік ставка);

- еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме және қосымша ақылардан;

- ұйымның жергілікті нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да төлемдерден тұрады.

5.5. Бюджеттік ұйымдарға өкілдік ететін Жұмыс берушілер өздеріне, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31желтоқсандағы №1193 қаулысымен белгіленген мөлшерде, мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша және үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды.

Қызметтерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақы (қызмет көрсету аумағының кеңеюі) қызметкердің лауазымдық айлығынан 50 % мөлшерінде тағайындалады. Бұл шектеу нормативік оқу жүктемесі белгіленген педагог қызметкерлер үшін қолданылмайды.

Тараптар қызметтерді қоса атқаратын немесе қызмет көрсету аймағының кеңеюі ретінде сабақ беретін мұғалімдердің, оқытушылардың және басқа педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін көбейтуді қарастырмайтын болып келісті. Аталған тұлғалардың нақты оқу жүктемесін көбейту барлық құқықтық салдарымен жұмысты қоса атқару ретінде қаралады.

5.6. Тараптар кабинеттерді (зертханалар, шеберханалар) меңгеру үшін төленетін қосымша ақыны, білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жыл сайын тамыздың 20-нан 30-ы аралығында өткізілетін оларды аттестаттау нәтижесі бойынша тағайындайды деп келісті. Кабинеттерді (зертханаларды, шеберханаларды) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді. Егер, оқу жылының басында аттестаттау өткізілмеген болса, онда қосымша ақыны тағайындау өткен аттестаттау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

5.7. Тараптар даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі, тәрбиелеудің ерекше жағдайына немесе ұзақ емделуге мұқтаж балалармен, сондай-ақ жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін қосымша ақы алушылардың тізіміне:

- білім беру ұйымдарының басшылары;

- барлық лауазымдар мен мамандықтардың педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;

- педагог емес қызметкерлер: тәрбиешілердің көмекшілері, зертханашылар, барлық мамандықтағы медициналық қызметкерлер, кітапханашылар, аспазшылар және аталған санаттағы балалармен тікелей байланыстағы басқа да қызметкерлер кіреді деп келісті.

5.8. Тараптар оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде жұмыс уақыты үшін педагог қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүзеге асырылады деп ұйғарды.

5.9. Штаттық лауазымсыз педагогикалық жұмысты атқаратын педагог қызметкерлерге (мұғалімдер, оқытушылар, тәрбиешілер және т.б.) жаңа оқу жылының басында тарифтеу тізімі құрылады және бекітіледі. Тарифтеу комиссиясы құрылған жағдайда олардың құрамына кәсіподақ өкілдері кіргізіледі.

5.10. Жұмыс берушілер өздеріне ай сайын қызметкерлерге жалақы төлеу күні, әрбір қызметкерге оған тиесілі жалақының негізгі құрамы, ұсталынған ақшаның мөлшері мен негіздемесі, оның ішінде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары, төленуге тиісті жалпы сома туралы жазбаша түрде хабарлауға міндеттеме қабылдайды.

5.11. Жұмыс берушілер қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені қамтамасыз етуге көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен немесе «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына 24 және 25-қосымшаларға сәйкес қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша қызметкерлерге сыйақы беруді, жеке қосымша ақылар тағайындауды, материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Сыйақы беру тәртібі өңірлік салалық келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленеді.

5.12. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту:

- тиісті өтілге жеткен күннен бастап, егер құжаттар ұйымда болса немесе жалақы ставкасының (айлықтың) мөлшерін көбейтуге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап - мамандығы бойынша жұмыс өтілін көбейткенде;

- тиісті құжатты ұсынған күннен бастап – білім алғанда немесе білім туралы құжатты қалпына келтіргенде;

- келесі оқу жылының басталуымен – біліктілік санатын алғанда жүзеге асырылады.

5.13. Қызметкер жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған мерзімде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы мерзімінде, оның еңбекке төленетін ақысын және (немесе) жалақының ставкасын өзгертуге құқығы келген кезде, еңбекке ақы төлеудің анағұрлым жоғары разряды ставкасының мөлшерінен шығатын жалақыны төлеу, еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүргізіледі.

5.14. Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен белгіленетін оқытушылардың, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтеу тізімдері мен оқу жүктемесі, білім беру стандарттары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сыныптардың (топтардың) белгіленген шегінде толуын ескере отырып құрылады деген шешімге келді.

5.15. Әлеуметтік әріптестік тараптарына ұжымдық шарттарда жұмыс берушінің бастамасы бойынша күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу жүргізілетін жұмыс түрлерін, жұмыстағы үзілістер саны мен ұзақтығын, сондай-ақ қызметкерлерге осындай жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақылық төлем түрлері мен мөлшерлерін анықтау ұсынылсын. Өтемақылық төлемдер бекітілген еңбек ақы төлеу қоры шегінде, бірақ БЛА-дан 50 % кем болмайтын мөлшерде белгіленеді.

Жұмыс уақытын бөліктерге бөлгені үшін өтемақы жұмыс уақыттары оқу кестесімен анықталатын қызметкерлерге қолданылмайды.

5.16. Тараптар әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссияның отырысында құжаттар жобаларын міндетті түрде отырып, еңбек ақы төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісіп әзірлеу жөнінде уағдаласты.

5.17. Мүлікті қорғауды және қызметкерлерге берілген басқа құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлердің атқаратын немесе орындайтын лауазымдары мен жұмыстарының тізімі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы үлгілік шарт бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

5.18. Тараптар, жұмыс берушіге және қызметкерге байланысты емес себептер бойынша жұмыстың бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі мен ақы төлеудің талаптары еңбек, ұжымдық шарттармен анықталады және жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, жұмыс берушінің кінәсі бойынша – қызметкердің орташа жалақысынан елу пайыздан кем болмайтын мөлшерде белгіленеді деп келісті.

5.19. Тараптар кез келген себептерден, соның ішінде жан басына қаржыландыруды енгізуден туындаған білім саласы қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жағдайын өзгерту, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысандарын өзгерту әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия шеңберінде Тараптармен келісіледі деп шешті.


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау