Кәсіпорын мәліметттері негізінде есептелінген
Әдетте кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері сүйене, ағымдық талдау жасайды. “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-нiң кезеңдік бухгалтерлік баланс көрсеткіштерiне талдау жүргізе нақты жағдайын көруге болады. Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті = Ақша қаражаттары
Ағымдағы міндеттемелері
2005 ж. = 8619 = 0,011
722457
2006 ж. = 12936= 0,014
895714
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі 2006 жылы 127% жоғарлаған.Бұл ағымдағы міндеттемелерін өтеуде кәсіпорынның қабілетін көрсетіп отыр.
Жедел өтімділік = Ақша қаражат+ қысқа мерзімді салым.+дебиторл. қарыз.
коэффициенті Ағымдағы міндеттемелері
2005 ж. = 8619 + 77928 = 0,12
722457
2006 ж. = 12936 + 289905 = 0,34
895714
Жедел өтімділік коэффициенті 2006 жылы 283%- ға артып отыр.
Бұл да нашар көрсеткіш емес екені белгілі.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті = Ағымдағы активтер
Ағымдағы міндеттемелері
2005 ж. = 282250 = 0,39
722457
2006 ж. = 495375 = 0,55
895714
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2006 жылы 141 % өсіп отыр. Бұл – 2006 жылы ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден 2005 жылмен салыстырғанда үлес салмағы айырмасы.
Өтімділік коэффициентері кәсіпорынның төлем – қабілеттігінің негізі болып саналады. Сондықтан "ПолимерМеталл-Т" ЖШС-нiң төлем қабілеттілігі қанағаттандырарлық деуге болады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттері талданады.
8-кесте-Кәсіпорынның 2005-2006 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау
Көрсеткіштер
|
Есептеу формуласы
|
2005 ж
|
2006 ж
|
+; ― ауытқу
|
% өсу
кему
|
Тәуелсіздік коэффициенті
| Меншікті капитал
Баланс валютасы
|
-0,01
|
0,07
|
0,08
|
8есе
|
Тәуелділік коэффициенті
|
Қарыз капитал
Баланс валютасы
|
1,01
|
0,93
|
- 0,08
|
92
|
Қаржыландыру коэффициенті
|
Меншікті капитал
Қарыз капитал
|
-0,01
|
0,07
|
0,08
|
8есе
|
Қарыз және меншікті құралдардың қатынасы
|
Қарыз капитал
Меншікті капитал
|
-95,4
|
12,9
|
108,3
|
8есе
|
Босалқы қорлармен қамтылу коэффициенті
| Меншік.айналымкапитал
Тау.мат. қорлар
|
1,44
|
2,57
|
4,01
|
178
|
Кәсіпорын мәліметттері негізінде есептелінген
Қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 8-кестегі талдаулардан, "ПолимерМеталл-Т" ЖШС-нiң тәуелсіздік коэффициенті 2006 жылы 8 есеге өскенін байқаймыз. Тәуелсіздік көрсеткішіне кері тәуелділік коэффициенті 2006 жылы 0,08 төмендеген. Бұл негізінен баланс деректері бойынша қарыз капитал жағдайын көрсетеді.
Келесі қаржылық тұрақтылық көрсетіші қаржыландыру коэффициенті бұл – кәсіпорын қанша бөлігі меншікті капиталмен қаншасы қарыз капитал есебінен қаржыланғанын көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының ішінде тауарлы – материалдық қорлар орны ерекше. Кәсіпрпынның айналым капиталындағы тауарлы материалдық қорлар 2005 жылы 1,44-тен 2006 жылы 2,57-ге өскен. Бұл көрсеткіштерге талдау жасай отыра, кәсіпорынның қызметіне оң баға бере алмайтынымыз, себебі әр сала кәсіпорындарының ерекшеліктері бойынша тауар қоры неғұрлым төмен болса, оның тауар айналымының дұрысытығын көрсететіндігі белгілі.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржы-экономикалық жағдайды талдау арқылы оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Дегенмен, кәсіпорын нарықта өз орнын нығайта түседі деген ойдамыз.
2.3 “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң өнімді өткізу қызметінің тиімділігін талдау
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Өткені онда қарама-қайшылығы көп әлеуметтік-экономикалық объектіні, яғни нарықты алдын-ала болжау элементі бар. Жағдайлық талдаудың мазмұны мен формалары шаруашылық құрылымға, ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді болады және маңызды түрде ерекшеленеді. Нарықтың ішкі және сыртқы жағдайларын, тауарды, тұтынушыларды, бәсекелестерді және басқаларын зерттегеннен кейін өндіруші кәсіпорынның және оның тауарының нарықтағы орнын жақсарта алады, нарықта нық тұра алады, сонымен бірге тұтынушылармен байланысты жақсартып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алады. Табысты ұлғайту, пайда алу, өткізу көлемін және сәйкесінше өндіріс көлемін ұлғайту. Нәтижесінде ол нарық жағдайында өмір сүруге және кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын дайындауға мүмкіндік береді.
Маркетинг қызметін функционалды сипатына таңдалып алынған тауар түрлері және нарық саны ең алдымен фабриканың өзіне тиімді болуы тиіс. Бұл ұйымдастыру түрінде тауарлар нарықтары бірқалыпты болады.
5- сурет –“ ПолимерМеталл-Т” ЖШС-нің маркетинг бөлімінің құрылымы
Кәсіпорынның маркетинг бөлімінің құрылымына талдау жасасақ:
Маркетингті зерттеу бөлімінде – мұнда ең бастысы, ол әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу,
нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарларға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе нарыққа жаңа тауарларды дайындау, оны өңдеп шығаруда маңызды орын алады.
Баға бөлімінде – тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды.
Өткізу бөлімінде - өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттіліктеріне байланысты, өткізу кезінде тұтынушының талғамы мен қалауына да көңіл бөледі. Сонымен қатар көзделген табысқа жету үшін қанша өткізу арналарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда, т.б.
Жарнама бөлімінде - өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыларға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында жарнама тарату құралдырын пайдалану және оған көбірек көңіл бөлу. өнімдер туралы тұтынушыларға ақпараттар тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.
Маркетингті бақылау бөлімінде – бұл бөлім арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үшін үш жағдай жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылаулар жүргізіледі. “ ПолимерМеталл-Т” ЖШС-нің өндіретін тауарларының тұтыну сипаттамалары оның нарыққа ұсынған тауарларына, нарық жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса, соғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушының қанағатын қанағаттандырады.
“ПолимерМеталл-Т” ЖШС мен басқа да бәсәкелес кәсіпорындардың “сэндвич” панелі өнімінің бағасына талдау жасайтын болсақ келесі кестеге назар аударайық.
6-кесте-Бәсәкелестер өнімінің бағалары мен “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорынның өнімінің бағасымен салыстыру
Бәсекелестер
|
Бәсекелестер бағасы
|
Серіктестікпен салыстыру
|
“Электрощит” ЖШС Самара қаласы
|
52$
|
+2$
|
Металлқұраушы Челябинск зауыты
|
51$
|
+1$
|
PAROC компаниясы
|
58$
|
+8$
|
Кәсіпорын мәліметттері
Өнім негізінен отандық өндіруші ЖШС “ПолимерМеталл- Т” және ресейлік өндіруші Самарлық “Электрощит” өнімі болып табылады. Сонымен бірге Қытайдан әкелінетін панельдің көлемі нарықта 45,2% ішкі өндірісті құрайды, ал таза импорт 2006ж 25,8% құраған. Отандық өндірушілер өздерінің өндірістерін 2005 жылдан бастап белсенді жүргізе бастаған. 2008 жылға арналған болжамдар мәліметтеріне сүйенсек, сэндвич панельдің нарықтық көлемі 25%-ға өседі. Отандық өндірушілер 2005ж - 2006жылдары сэндвич панельді өндірістің көлемі 91 кв.м. құрады, оны құнымен есептегенде (орта есеппен 1 панельдің кв.м. 50$ АҚШ тұрады) 4550000 млн $ АҚШ) болды.
Қазақстанның құрылыс нарығының 45%-ын “ПолимерМеталл- Т” ЖШС өндірген өнімі алып отыр. Ал аса маңызды бәсәкелесі ресейлік зауыт “Электрощит”, “Термостепс - МТЛ” иеленіп отыр. 1 панельдің 1 кв.м. орта есеппен 51$ - 80$ АҚШ-на дейін. Қазақстанның құрылыс нарығының 45%-ын “ПолимерМеталл- Т” ЖШС өндірген өнімі алып отыр. Ал аса маңызды бәсәкелесі ресейлік зауыт “Электрощит”, “Термостепс - МТЛ” иеленіп отыр.
“ ПолимерМеталл-Т” ЖШС-нің маркетингтік талдамаларына тоқталып өтпес бұрын, ішкі және сыртқы орталарын зерттеуіміз қажет.
Нарықты зерттеу – маркетингтік зерттеулердегі өте кең тараған бағыт. Мамандардың пікірінше, нарықтық зерттеулерсіз нарықтағы қызметпен байланысқан маңызды шешімдерді қабылдауға арналған қажетті барлық ақпарытты жүйелі түрде жинақтау, талдау және салыстыру мүмкін емес. Осы нарықты зерттеу барысында кәсіпорын нарықта өз орнын табуға тырысады. Нарықта өз орнын тапқаннан кейін, енді тұтынушылардың талғамын, сұранысын білу қажет, яғни тұтынушыларды зерттеуі керек. Бұл тауарларды таңдау кезінде тұтынушылардың жетекшілікке алатын ынталандырушы факторларының бүкіл кешенін анықтауға және зерттеуге мүмкіндік береді. Объектілер ретінде жеке тұтынушылар, жанұялар, үй шаруашылықтары, сонымен бірге ұйымдар қарастырылады.
7-кесте - нарықты талдау
Нарық
|
Нарық құрылымы %
|
Алматы, Алматы облысы
|
64,03
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
10,8
|
Қызыл-Орда облысы
|
12,45
|
Батыс Қазақстан облысы
|
12,72
|
Кәсіпорын мәліметттері
Қазақстанда күшті шикізат пен ресурстық база (газ бен мұнай) қалыптасқан. Сэндвич панелі өнім ретінде саудалық желілер мен өндірістік кәсіпорындарда қолданылады және де Қазақстанның көптеген аймақтарында үлкен сұранысын тапқан, көбінесе Қазақстанның Батыс, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарын жатқызуға болады. Нарыққа қатысушыларды орта есеппен бағалағанда өндірілетін өнім Шығыс Қазақстан облысында – 10,8%, Батыс Қазақстанда – 12,72%, Қызылорда облысында – 12,45%, ал Алматы облысы 64,03% .
Өнімнің ерекшелігі – оның сапалылығы және қосымша эксплуатациялық шығынды қажет етпейді. 2005жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін 16267 м², ал 2006 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 46830м² сэндвич өндірілген, жалпы барлығы 63097м² құраған.
Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Жарнама үндеуі тауар артықшылығын атап көрсетуі, шынайы болуы, жарнамаланған тауардың бәсекелестер тауарынан несімен ерекеленетінін атап көрсету керек. Бұл серіктестікте басқа кәсіпорындар сияқты өнімін жарнамалайды.
Серіктестік баспа жарнамасы, баспасөз жарнамасы, жарнама сувенирлері, радио жарнама, сыртқы жарнама, интернет жарнамасы арқылы өнімдерін өткізіп, жеткізіп отыр. Компаниялардың тауарды нарыққа жылжыту саясатының қаржылық мүмкіндіктері мен маркетингтік мақсаттарға қатысты өзіндік ерекшеліктері бар.
8-кесте - Дайын өнімді тұтынушылар
Негізгі тұтынушылардың
тізімі
|
Сатылған өнім көлемі
|
Тауар аты
|
Төлеу шарты
|
Келісім ұзақтығы
|
Келісім
мерзімі
|
ЖШС Имсталькон Теміртау
|
9,36%
|
панельдер
|
60% алдын ала төлеу
|
2 жыл
|
01.02.07ж.
|
ЖШС НИПКИ Изумруд
|
10,27%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
27.04.07ж.
|
АҚ Имсталькон
|
13,56%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
2 жыл
|
09.02.07ж.
|
ЖШС Құндыз
|
0,75%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
26.02.07ж.
|
ЖШС Экспострой
|
5,54%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
01.06.07ж.
|
ЖШС VITA
|
3,14%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
21.06.07ж.
|
ЖШС Асқан kz
|
1,78%
| панельдер |
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
31.12.06ж.
|
ЖШС ИнтерБир
|
15,25%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
31.12.06ж.
|
ЖШС Интер Фуд
|
16,07%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
26.07.07ж.
|
ЖШС Интер Пиво
|
13,5%
|
панельдер
|
80% алдын ала төлеу
|
1 жыл
|
21.07.07ж.
|
Кәсіпорын мәліметттері
Маркетинг жоспары – маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады. Келесі кестеде “сэндвич” типті панельдің маркетингтік жоспары көрсетілген.
7-кесте - Маркетингтік жоспар
Көрсеткіштер
|
1 кв. 2007 ж.
|
2 кв. 2007ж.
|
3 кв. 2007ж.
|
4 кв. 2007ж.
|
“сэндвич”типті панель м²
|
35000
|
30000
|
30000
|
40000
|
Кәсіпорын мәліметттері
Кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын 2007 жылы 135000 м² өнім өндіру жоспарлауда.
Басқарылатын үрдістердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың функционалды формасының тиімділігін анықтайды. Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән. Осындай ұйымдастыру“ ПолимерМеталл-Т” ЖШС басқаруының қарапайымдылығына, басқару үрдісінің мамандануы мен стандартталуы, шешім қабылдау тиімділігін жоғарлытуға, қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне, басқару функцияларында қайталанудың болмауына әсер етеді.
8-кесте - Шикізаттарды жеткізіп берушілер
Жеткізушілер
|
Пайыздық үлесі
|
Сатып алынатын шикізат
|
Төлеу шарты
|
Келісім ұзақтығы
|
Келісім шарттың іс-әрекет мерзімі
|
HUNTSMAN
HOLLAND
|
6%
|
Әр түрлі клейлер
|
100%
алдын ала төлеу
|
2 жыл
|
31.12.2007ж. дейін
|
PAROC Co LTD
|
7,1%
|
Минплита
|
100% алдын ала төлеу
|
2 жыл
|
31.12.2007ж. дейін
|
SeAH Steel Corporation
|
55,9%
|
Құрыш
|
100% алдын ала төлеу
|
3 жыл
|
31.12.2007ж. дейін
|
АҚ Термостепс-МТЛ
|
31%
|
Минплита
|
100% алдын ала төлеу
|
2 жыл
|
31.12.2007ж. дейін
|
Кәсіпорын мәліметттері
Маркетинг бөлімінің міндеттерін талдай отырып, келесі шешімге келуге болады: кәсіпорындарда осы бөлім тек өткізушілік міндетін атқарып, басқалары маңызды болғанымен бөлім іскерлігінде көрініс алмайды. Бірақ маркетингтің барлық міндеттері бірыңғай әрекет еткен кезде ғана ол нәтижелер береді. Әзірше біздің байқауымызша, өткізу бөлімшелері маркетинг бөлімінде, күрделі зерттеулермен айналысуы қажет. Сонымен бірге айтып кететін жай, бөлім өз қызметін ақпараттық жүйені кірістірмейді, бірақ маркетингте уақытылы ақпараттың болуы жемісті қызметтің басты шарты. Нақты тауарлар рыногын зерттеу нарық жағдайын, оның даму болашағын анықтап, негізгі алға жылжулар және тұтыну, бәсекелестігін дамуын іздеуге бағытталып, берілген тауарға қолданылатын маркетинг міндеттеріне қатысты ұсыныстарды өңдеу мақсатында өткізу саясаты, баға, жарнама және де басқа да нарыққа ұсынылған тауарды жылжыту рәсімдердің ең басты жекеленген тауар бойынша ұсыныстар жасайды.
Сатып алынатын материалдар көлемі және жиілігін таңдауда шешуші фактор сапа болып табылады. Екінші орында баға тұрады. Құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар арасында сәйкес өнімді өндіріп, өткізушілер қатарында зерттеліп отырған кәсіпорын әйгілі бола бастағанын атап қажет.
Сонымен, нарық экономикасының әлемдік тәжірибесі халық шаруашылығы салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның жұмысының екі негізгі кезеңі – өндіру мен өнімді өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін, яғни маркетинг іс-әрекетін пайдалану қажеттігін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |