«КӘсіби шеберлік және психолог этикасы»



жүктеу 0,69 Mb.
бет1/3
Дата12.01.2020
өлшемі0,69 Mb.
#26370
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.66/02-2014



ПОӘК

«Кәсіби шеберлік және психолог этикасы»

Оқу әдістемелік пәннің бағдарламасы


Басылым №1

05.09.2014ж




«КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГ ЭТИКАСЫ»

5В050300 – «Психология» мамандығы студенттеріне арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
пәннің бағдарламасы

Семей 2015

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы “Психология” кафедрасының пед. ғылымының магистрі, аға оқытушы________ К.С.Адильжанова

« » 201 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында.

« ___» 201 ж. Хаттама №


Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.С.Сатиева
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті оқу- әдістемелік бюросының отырысында

« ___» _ 201 ж. Хаттама №


Төрағасы ___________ С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

« ____ » __ 201 ж. Хаттама №
ОӘК ___________ Г.К.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНПЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………....................................................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...................................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….............................

  4. Глоссарий.………….............................…………………....................................... .………....

  5. Курс форматы...................................................................................................................

  6. Курс саясаты

7. Лекция сабақтары..........................................................................................................

8. Семинар сабақтарының жоспары...............................................................................

9. СӨЖ жоспары...............................................................................................................

10. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі.....................................................

11. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...................

12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі............ ..............




  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу - әдістемелік кешені – «Кәсіби шеберлігі және психолог этикасы» пәні бойынша «Психология»-мамандығының студенттеріне осы курс бойынша дәріс беруші оқытушының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СС- семинар сабақтар, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына есебін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ- де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен игеруі мен йүге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынық/емтиханды алуға арналған.
2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Психология кафедрасының аға оқытушысы, пед. ғылымының магистрі Адильжанова К.С.

Уақыты 8.30 -18.30

Ауд 1210,1202




Уақыты 11.00-12.00

Ауд 1210,1202



Тел: 634822

Каб: №1212

Корпус:№1


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ

Пәннің мақсаты:

Студенттерге қазіргі кездегі практикалық психологияның өзекті мәселелері, әдістері және тәсілдерімен таныстыру, сондай –ақ , практикалық психологтардың іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін психологиялық құбылыстардың ғылыми практикалық талдауын жасауға білімдері мен іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру және кәсіби-практик психологтарды даярлау.



Пәннің міндеттері :

- студенттерге психотерапияның негізгі теоретикалық білімдерін қалыптастыру.

- практикалық психология негіздері бойынша психологиялық білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды жүйелеу және бағытталған психологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

- кәсіби-психологиялық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

- практикалық психодиагностика және психологиялық коррекция (түзету) ептілігін қалыптастыру және дағдысын дамыту;

- практикалық- психологиялық технология туралы жүйелі түсініктерді дамыту;



4. ГЛОССАРИЙ

Альтернативтік гипотеза – нәтижесінің мазмұны басқа гипотезадан өзгеше түсіндірілетін экспериментальды зерттеудің гипотезасы

Альтернативтік шешімдер – басқа шешімдер сияқты неғұрлым шындыққа жанасатын кейбір проблемалардың мүмкін болатын шешімдерінің бірі

Психодиагностикалық әдістемелердің құндылығы (валидность психодиагностической методики)– берілген әдістеме бойынша алынған нәтижелердің бастапқы ойға сәйкестілігі.

Іріктеу – зерттеу жүргізуге болатын адамдар тобы

Іріктеу дисперсиясы – эксперименталды және психодиагностикалық мәліметтерді таратудың математикалық-статистикалық көрсеткіші

Гипотеза – арнаулы дәлелдеулерді талап ететін, ғылыми негізделген қойылған проблеманың мүмкін болатын жауабы.

Потенциалды даму зонасы – Адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері

Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.

Биномалды бөлу – берілген жағдайдың математикалық моделі.

Нормалды бөлу – биномалды бөлудің шекті жағдайларының бірі.

Параметрлерді табу – жиынтықтың жалпы қасиетін көрсететін статистикалық бөлудің сипаттамасы.

ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник) Тәуелді ауыспалылық –

Тәуелсіз ауыспалылық -



Зерттеу объектісі – ғылыми зертеу жұмысы жүргізілетін объект

Зерттеу пәні – белгілі уақытта оқып-зерттелінетін зерттеу объектісінң бір жағы

Латиндік квадрат – тәуелсіз өзгергіштіктердің деңгейлерін позициялы теңестіруге негізделген кросс – индивидуалды эксперименттің / көпдеңгейлі эксперимент/ ең көп тараған схемаларының бірі.

Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.

Мәліметтер – хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.

Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.

Негізгі әрекет нәтижесі - тәуелсіз өзгергіштіктің тәуелді өзгергіштікке әсерін, күшін сандық көрсету.

Нормалды бөлу - үзіліссіз кездейсоқ шамаларды бөлу.

Нуль – гипотеза - тәуелсіз өзгергіштіктің шарттарының арасындағы айырмашылықтың болмауы жайлы гипотеза.

Өзара әрекет - факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.

Өлшеу көрсеткіштері - сыналушының іс - әрекетінің сандық сипаттамасы, тәуелді өзгергіштіктің мәнін анықтайды.

Өзгергіштік - өзгеретін кез келген болмыс, экспериментте көрінеді және тіркеледі.

Өлшеудің сенімділігі - қайталауда өлшеу нәтижелерінің көшірілуі.

Өлшеудің статистикалық қатесі - өлшенетін көрсеткіштіктердің кездейсоқ өзгерісінің үлесінің / дисперсия / осы көрсеткішті өзгеру жиынтығына қатынасы бойынша /жалпы дисперсия / салыстырмалы үлесі.

Проблема (мәселе)– шешімі талап етілетін күрделі ғылыми немесе практикалық сұрақ

Рефлексия – адамның өз-өзіне, өзінің бейнесіне, ойы мен сезіміне санасының шоғырлануы

Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект

Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі

Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері

Психологиялық тренинг - адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен

Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы

Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдерайма

Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

Статистикалық қорытынды–тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.

Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.

Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.

Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.

Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.

Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.

Эксперимент
– жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.


5. КУРС ФОРМАТЫ

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



6. КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

7. ДӘРІС САБАҚТАРЫ
1- лекция. Тақырыбы: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері.
Жоспары: 1. Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер

2. Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы.
Лекция мақсаты: ЖОО студенттеріне практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері туралы теориялық білім беру.
Лекция мәтіні

1. Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.

Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.

Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен практикалық психология көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін құрайды.

Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.



Қазіргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:

Клиникалық психология (ең көне бағыт);

Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;

Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;

Сот психологиялық эксперитиза;

Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.

Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.

Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.

«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.

Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.

Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.

Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.

Имидж (жарнама мен қоғаммен байланыс) психологиялық пәні – адамның немесе ұйымның қалдыратын әсерді қалыптастыру процесін, кейбір басқа әдістерді, тренингтерді оқытуды кеңес беру жолын басқару, сондай-ақ оларға маңызды адамдарға, нарыққа, шығарылатын іс - әрекеттерінің (идеяларының, тауарларының, қызметтерінің) нәтижелері. Бұл бағыт көбінде жаппай проблемалармен істес. Сондай –ақ «қолданбалы психология» және «практикалық психология» ұғымдарыныңи қазіргі заманғы әдебиетте теңдестірілетінін ойдан шығармаған дұрыс. Оның өзіндік негізі бар. Қолданбалы тікелей міндеттері бойынша практикалық болып бөлінеді.

Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтерін ұсынады: балалардың мектепке даярлығын анықтау, бизнесті, соның ішінде маркетинг пен жарнаманы психологиялық қамтамасыз ету, адамдардың топтық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде үйлесуін болжау. Олар саясаткерлер мен шаруа бастықтарына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, милиция қызметкерлері мен архитекторларға, жол қозғалысын ұйымдастырушыларға және де шешім психологиялық факторлардың ескерілуін болжайтын әскери мәселелер бойынша ұсыныстар береді.



Практикалық психология теориялық психологиядан да ерекшелінеді. Теориялық (академиялық) психология психика бөліміндегі заңдылықтармен ғылыми деректерді анықтаумен, адамның ішкі әлемі мен адамдардың өзара қатынастардағы «картаның» ақтаңдақтарды анықтап, оның орнын толтырумен айналысады.

Оның мақсаты – адам жайында заңды сенімді білім алу. Психология саласындағы теориялық білімдер ұзақ уақыт бойы ешкімге керексіз болып, мамандардың тек шектеулі шеңберін ғана қызықтыруы мүмкін. Олардың қатарына практикалық психолог жатады: ол теориялық психологиялық білімдерге ие болып, оларды нақты өмірлік ситуацияны зерттеуде сәйкес ықпалдардың жоспары мен процедурасын құрастыруда қолдануы тиіс. Жалпыланған ғылыми теория бұл психлогияға қарағанда сенімділігі тексерілетін практикалық психологтың ойлау тәсілі. Теорияда психологиялық көмек көрсетудің идеялары, ұйымдастырушы, өзекті ұстанымдары қамтылған. Сіз теорияны, әдістемелерді алып оларды тікелей клиентпен жұмыс барысында қолдансаңыз тәжірибені сөз етуге болады. Егер де сіздің әдістемелердің ауқымды қорыңыз әрі теория жайлы түсінігіңіз бар болса, сізді терапия мен кеңес берудің тәжірибесіне дайындығыңыз бар деп айтуға болады.

Сондай-ақ практикалық психология тек тәжірибелі емес, оны теориялық-тәжірибелі деп атауға болар еді, себебі оның өзіне тән әдістемелік негізі бар, әрі ол дербес теориялық зерттеулерді жүргізуді қамтиды. Академиялық психология үшін тәжірибелеуші психологтардың алатын психологиялық ақпараты өте пайдалы, жалпыланған психологиялық білімнің едәуір жоғары теориялық деңгейге жетуіне ықпал етіп, оны тексереді, толықтырады және нақтылайды. Ол адамдардың рухани өмірінің оқиғалары мен деректерін баяндауға бағытталғандықтан баршаның қызығушылығын тудыруда. Практикалық психология психологиялық ғылымдардың тұтастай жүйесі үшін қуатты қозғаушы ретінде қызмет етеді.

Мектептегі психология өзінің теориялық құраушысын төмендегіше сипаттайды. Ғылыми аспект мектептегі психологиялық қызметтің әдістемелік мәселерінің құралуын болжайды. Оның негізгі міндеті зерттеулерді жүргізуде, теориялық негіздемеде және мектептегі психологиялық қызметтің психодиагностикалық, психологиялық дамытушы әдістері мен бағдарламаларын құрастыруда. Бұл зерттеулердің академиялық зерттеушілерден айырмашылығы, оның қайсыбір психологиялық механизмдерді немесе заңдылықтарды анықтауында ғана емес, сондай-ақ сол механизмдер мен заңдылықтардың нақты бір баланың тұлғасын тұтастай қалыптастырудың аясында қалыптастыруының психологиялық жағдайларын анықтауында. Осындай зерттеулерді орындаушылығы мен қызметкер өзінің негізгі тапсырушысы ретінде практикалық психологқа бағдарлануы тиіс. Осылайша мектептегі психологиялық қызметтің эпитии аспектісі, оның іс-әрекетінің негізгі мақсатын ұсынады:

Оқушының мектептегі бітіру мерзіміне орай ересек өмірде өз бетінше қамтамасыз ететін психикалық тұлғалық және жеке дара дамуына барынша жоғары ықпал ету.

Практикалық психология айналысатын мәселелер психологиялық деп аталады. Психологиялық мәселе бұл клиенттің психологиялық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған үйлесімдік күйі. Психологиялық мәселелер жеке даралық немесе өмірлік, ұжымдық–топтық және іс-әрекеттік деп жіктеледі.



Жеке-даралық мәселелер бұл адамдардың жеке-дара дамуына кедергі келтіретін, олардың адами және психикалық денсаулықтарын, хал жағдайлары мен жалпы өнімділігіне нұқсан келтіретін қиындықтар.

Топтық-ұжымдық мәселелер бұл топта қатынасу үрдістерінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалының нашарлауы және топ дамуының бәсеңдеуі. Деструктивті кикілжің ұжымдық проблеманың мысалы ретіне алынуы мүмкін. Адамдардың қасиеттері мен күйлерінің мамандықтың талаптарына сәйкес келмеуінен олардың кәсіби іс-әрекетінде туындайтын мәселелер іс-әрекеттік деп аталады. Олар әрі жеке-даралық, әрі топтық болуы мүмкін. Жұмысқа қызығушылықтың жоғалуы шешіліп жатқан міндетке шоғырлана алмауының қызметтегі сәтсіздіктерге ауыр эмоциялы реакция – іс-әрекеттік немесе психологиялық проблемалардың мысалы.

Психологиялық мәселелердің көбісінің негізінде тұлғаішілік немесе тұлғааралық кикілжің жатыр. Кикілжің әртүрлі адамдардың қарама-қарсы әрекеттерінің көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жоспарларының немесе бір адамның пікірлерінің, қажеттіліктерінің қақтығысуындағы психикалық күй үстіртін, ұғымдар бөлімінде бұл кикілжің, әртүрлі алатуы мүмкін. Бұл жәйт кикілжіңдердің әртүрлі типтері жайлы немесе оның қайта аталуын айғақтайды.

Практикалық психологияның өзіндік тарихи тамырлары бар. Психологияның өзі алғашқыда практикалық психология деп тіршілік еткен ілкі заманнан бері психологиялық қызметтердің шеңбері кең әрі әртекті болды. (көрегенділіктер өмірлік даналықты қиын жағдайлардан шығу жолын іздеу, діні жаралар және окультты процедуралар, йога, буддизм және т.б). Адамдарға психологиялық көмек көрсетудің кейбір жағдайлары құранда сипатталған. Кәсіби психологқа жатпайтын адамдардың көпшілігі психологиялық арқауға зәру адамдарға тиімді көмек көрсетуге қажет қабілетерге ие.

ХХ ғасырдың басында В.Штерке, Г.Мюнстерберг және басқалардың ықпалымен дамыған психотехника. Практикалық психология негізін салушы ғылымдардың бірі болып табылады. Психотехниканың негізгі міндеттері кәсіби іріктеу мен бағдарлауды жүзеге асыруда, іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне даярлауда психикалық қызметтерді жаттықтыруда, жарнама тиімділігінің психологиялық жағдайларын зерттеуде байқалды. Қазіргі таңда «психотехника» сөзі кейде практикалық психологияның қайсыбір саласында қолданылатын тәсілдердің жүйесін белгілеуде қолданылады.

Ресейде практикалық психология соңғы 25-30 жылда дами бастады. Отбасылық психологиялық – педагогикалық, дәрігерлік-психологиялық, кәсіби бағдарлаушы психологиялық қызметкер пайда болады. Практикалық психологтар мұғалімдермен, психиатрлармен, невропатологтармен әлеуметтік қызметкерлермен өзара әрекет етеді. Олар өндірісте де, клиникаларда да, әрі қарттар үйлерінде де қызмет етеді.

Өмірдің қиын жағдайларын тап болған адамдарға дәрігерлік емес көмек көрсету және мінез-құлықтағы ауытқуларды психологиялық түзету практикалық психологтың міндеттерінің бірі болып табылады.



2. Практикалық психолог психологиялық ғылымдардың жүйесіндегі маңызды үзбелі. Оның қолданылуы мен дамуы тұтастай психологияның жетілу дәрежесін, оның өмірдің шынайы міндеттерін шешу қабілетін дәлелдейді.

Ол психологиялық білімнің бүкіл жүйесінің ерекше өзгерісін білдіреді. Сол себептен академиялық мекемелерден тыс қызмет ететін психолог психологияның қайсыбір тармақтары мен тақырыптары психологияның академиялық саласына жататындықтан, әрі оның өзінің нақты күнделікті қызметінде іздеген шешімдерге селқос болғандай көрінгендіктен алдын-ала олардан бас тарта алмайды.

Практикалық психолог психологиялық ғылымның жалпы пихлогия және дифференциалды психология сияқты салаларына арқау етеді. Әлеуметтік психология тұлға психикасының топтар және адамдар басқа да қоғамдастықтарының психологиясының дамуындағы әлеуметтік себептелген құбылыстарын зерттейді.

Оның өзегі – адамдар қарым-қатынастарының механизмдері – психологтың клиентпен және басқа да адамдармен кәсіби өзара әрекеттестігінің негізін құрайды. Әлеуметтік психологияның практикалық психологиямен байланысы «қолданбалы әлеуметтік психологияның» көркемделуінде дәлелденеді. Оны әлеуметтік психологияның диагностиканың, кеңес беру мен ықпалдың немесе әлеуметтік технологиялардың жиынтығы ретінде анықтайды.

Дифференциалы психология индивид пен топтардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейді. Психологияның осы саласының тәжірибелі міндеттерімен байланысы тым тығыз. Оның барлық бөлімдері іс-жетекшінің әртүрлі салаларында пайда болған. Мектепке оқуға келген балалардың ішінен дамуы тежелген балаларды анықтап, оларға арнайы сыныптарды құру, қайсыбір мамандықты меңгеруге едәуір жарамдыларды іріктеу, психотерапияның түзету мен кеңес берудің даралық бағдарланған тәсілдерін құру сияқты сұраныстардың ықпалында қалыптасады.

Психотерапия практикалық психологияның қалыптасуының эмпирикалық базасы болып табылады. Психотерапияның медициналық аумағынан біршама оқшаулануы бұл процестегі елеулі оқиға болды. Зигмунд Фрейдтің кейбір психикалық аурулардың себептері медицинаның аумағынан тыс жататыны және емдеудің таза медициналық әдістері мен жазылмайтыны жайлы идеясы біршама рөл ойнайды.

Сезілмейтін кешендер ұмыт болған балалық шақтағы дау-дамайлар, ығыстырылған әуестіктер және т.с.с. Патологиялық болып табылмаса да, көптеген қайғы мен кикілжіңдердің себептеріне айналады.

Психологиялық қызмет бұл практиканың құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі. Бұл әрқилы әлеуметтік институттардың (өндіріс, медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдары) іс-әрекетін психологиялық қамтамасыздандыру жүйесі.

Дифференцияланудың екінші ішкі факторы негізінен қолданылатын әдістер мен міндеттермен байланысты. Осының негізінде психодиагностика, психотерапия, психологиялық түзету және кеңес беру ерекшеленеді.

Кейде жас ерекшелік факторлардың қолданылуынан балалар (дұрысы мектептег) практикалық психология және геронтопсихология ерекшеленеді.

Мектептегі психологияның басты міндеті бала тұлғасының дамуына ықпал етуде, оқыту және тәрбие процестерін психологиялық қамтамасыз етуде. Герантох егде тартқан адамның арнайы қиыншылықтарымен айналысады.


Бақылау сұрақтары:

1.Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер.

2.Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы.

3.Практикалық психологияның әдістері мен тәсілдері.

2- дәріс. Тақырыбы: Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері. (2 сағат)
Жоспары: 1.Психологтың құқығы мен міндеті

2. Мектеп психологының құқықтық мәртебесі


Лекция мақсаты: Болашақ студенттерді мектеп психологының құқықтары мен міндеттерімен таныстыру
Лекция мәтіні

Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, түрлері қандай деген мәселені қарастырайық. Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.

Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:

  • әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;

  • -білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;

  • -білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;

  • білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;

  • балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;

  • мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;

  • үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық - педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;

  • білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;

  • білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы оқулықтардан оқып-біле аласыздар (Берілген әдебиеттер тізімін қараңыз). Ал кейбіріне қысқаша тоқталсақ...

2. Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері. Мектеп психологының құқықтық мәртебесі

  1. Мектеп психологы – жоғары психологиялық білімі бар маман.

  2. Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.

  3. Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір мектепте – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.

  4. Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.

  5. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.

  6. Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.

  7. Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.

  8. Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.

  9. Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.

  10. Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.

  11. Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.


П с и х о л о г:

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;

  • оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-үйренуге;

  • оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;

  • педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;

  • тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;

  • әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;

  • мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.


П с и х о л о г:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;

  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;

  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;

  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;

  • Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;

  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;

  • Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;

  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;

  • Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауға м і н д е т т і.

Ал қазір біз мектеп психологының ж а у а п к е р ш і -л і г і н е тоқталайық.

- Психолог психологиялық көрсеткіштердің сауаттылығына, қолданылынатын болжам жасау және түзету әдістердің тиімді екеніне, ұсынылатын пікір-ұсыныстардың ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.

- Психолог психологиялық зерттеулер хаттамаларының сақталуына, құжаттардың жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады.

Осыдан, келесі практик-психолог жұмысының дәстүрлі қалыптасқан қағидалары. Психологтың ұстаным әдебі туындайды:



  1. Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!

  2. Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!

  3. Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.

  4. Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.

  5. Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.

  6. Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама!

  7. Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!

  8. Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.

  9. Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.

  10. Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.

  11. Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.

  12. Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.

  13. Ө­зіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте!


Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері:

1. Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау.

2. Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.

3. «Қиын» сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.

4. Жеткіншектермен жұмыс.

5. Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.

6. Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру.

7. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.

8. Оқушының танымдық қабілетін арттыру.

9. Психологиялық кеңес беру.

10. Мамандық таңдауға көмек.

Мектеп психологы :1 жылдың ішінде шамамен 100-150-ге дейін баланы зерттеуден өткізуі тиіс.

10-20 (топ) сынып зерттелуі керек.

100-150-ге дейін жеке кеңес беру.

Семинар, тренингтер, жеке жұмыс – 100-150.

Топтық сабақ (ата-ана, мұғалімдер) – 200-ге дейін.

Ағартушылық жұмыс (ересек адамдармен) – 40.



Консилиум, комиссия – 10 шақты жиналыс.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау