19
жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының
дəстүрлерi, ұлттық жəне əлемдiк мəдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi
үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жəрдемдесу;
5) кəмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық
мəдениетiн қалыптастыру жөнiндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз
ету болып табылады.
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк
органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады жəне:
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
2) балаларға толымды тəрбие берудi, олардың құқықтарын қорғау-
ды, оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз
ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың
өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк
стандарттарды белгiлеуге жəне сақтауға;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған
зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың
жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi
функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де
ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.
Қазақстан Республикасының «Неке жəне отбасы
туралы» Заңына сəйкес мемлекет атынан ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған
балаларды
анықтаумен
жəне
орналастырумен айналысатын негізгі органдар қорғаншы жəне
қамқоршы органдар болып табылады.
Қорғаншы жəне қамқоршы органдарына ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауға көмектесу
мақсатында Заң лауазымды адамдарды жəне өзге де азаматтарды
балалардың ата-аналарының қамқорлығынан айырылу жəйттері
туралы дереу хабарлауға мiндеттейді. Ата-аналарының
қамқорлығындағы балалардың құқықтарын қорғаумен қатар
бұл органдар ата-аналарының қамқорлығынан айырылған
балалардың құқықтарының бірден-бір қорғаушысы болады,
яғни баланың құқықтары бұзылған кезде жəне заңды өкілі жоқ
болғанда не өз міндеттерін орындамайтын жағдайда мемлекет
тарапынан қызмет жасайды.
«Неке жəне отбасы туралы» Заң қорғаншы жəне қамқоршы
органдарының көмек аса мұқтаж санаттағы – ата-аналарының
20
қамқорлығынан айырылған балалардың құқықтарын қорғауға
қатысуын бекітеді. Нақ осы қорғаншы жəне қамқоршы
органдарына ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар-
ды анықтау, осындай балаларды есепке алу, ата-аналарының
қамқорлығынан айырылудың нақтылы мəн-жайларына орай осы
балаларды орналастыру түрлерін таңдау, сондай-ақ оларды одан
кейінгі күтіп бағу, тəрбиелеу жəне білім беру жағдайына бақылау
жүргізу міндеті жүктелген. Сонымен бірге Заңда ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау жəне орналастыру
жөнiндегi заңды жəне жеке тұлғалардың қызметiне тыйым
салынған (100, 101 баптар).
Балаларға қамқорлық жасау, оларды тəрбиелеп өсіру – ата-
аналарының негізгі жеке ажырамас конституциялық құқығы əрі
міндеті. Ата-ана құқықтарының болуы ата-аналарға балалардың
игілігіне, рухани, адамгершілік дамуына, нығайып өсуіне
бағытталған мемлекеттік тұрғыдан əрекет жасау мүмкіндігі
беріліп отырғанын білдіреді. Кез келген мемлекет жəне əлем
қауымдастығы, тұтас алғанда, балалар – елдің болашағы екенін
жете түсінеді жəне ата-ана құқықтарын адал ниетпен орындауға
мүмкіндік беруге жəне олардың қиянат жасауларына жол
бермейтін институттар құруға бағытталған саясат жүргізуде. Ата-
ана құқықтары баланың тумысынан пайда болады жəне оның
кəмелетке толуы кезінде, яғни 18 жас шамасында тоқтатылады.
Ата-аналар баланы тəрбиелеуде айрықша құқықтарға ие.
Ата-аналардың баланы тəрбиелеу құқығы ата-ананың баланы
тəрбиелеу міндеттерінің тиісті орындалуымен қамтамасыз етілуі
тиіс. Осы міндеттердің аясына баланың денсаулығына, дене,
психикалық жəне адамгершілік дамуына қамқорлық жасау да
кіреді.
Ата-аналар баласын тəрбиелеу үшін адамгершілік жағынан
да, əкімшілік, азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық тұрғыдан
да жауапты болады. Баланы тəрбиелеу ісінде заңға қайшы
əрекеттер жасаған азаматтар ата-ана міндеттерін орындамағаны
үшін тиісті жазаға тап болады. Балаға тиісті отбасы тəрбиесін
бермегені үшін қарапайым жауапкершілік ата-ана құқықтарынан
айыру болып табылады.
Əкімшілік жауапкершіліктің мысалы ретінде кəмелетке
толмаған баланы спирттік ішімдіктерді, есірткі не миын
улайтын заттарды қолдануға тартқаны үшін ата-аналарға
21
айыппұл салуды көздейтін Қазақстан Республикасының
əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 111
бабы 2 бөлімінің ережелерін айтуға болады. Ал азаматтық
жауапкершіліктің мысалы ретінде ана-аналардың кəмелетке
толмағанның келтірген шығынның орнын толтыру міндеті
болып табылады. Қылмыстық жауапкершіліктің мысалы
ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
131 бабының – кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
тартқаны үшін; ҚР ҚК 132 бабының ережелерін – кəмелетке
толмаған адамды қоғамға қарсы iс-əрекеттер жасауға тартқаны
үшін, атап айтқанда кəмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн
заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi
ұдайы (яғни, екі рет жəне одан көп) тұтынуға, жөзөкшелікпен,
қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тартқаны
үшін; ҚР ҚК-нің 137 бабының – кəмелетке толмаған баланы
тəрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін; ҚР ҚК-
нің 136 бабының – ата-ананың сот шешiмi бойынша кəмелетке
толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке
жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден
əдейi жалтаруы үшін жауаптылық көздейтін ережелерін айтуға
болады.
Баланың ең басты құқықтары ретінде отбасында өмір сүріп,
тəрбиелену құқығын, ата-аналарын білу, олардың қамқорлығына,
күтіп-ұстауына ие болу, мүдделерінің қорғалуы, жан-жақты
дамуы мен қадір-қасиетінің құрметтелуі, аты-жөнінің болуы
құқықтарын айтуға болады.
Бала отбасында өзіне қатысты барлық мəселелер бойынша
пікірін білдіруге құқылы. Балаға қатысты сот дауы туындаған
жағдайда оның сотта тыңдалуы құқығы бар, ал егер ол 10
жасқа толған болса, балалар туралы даулармен байланысты
істі қараған кезде сот оның сөздерін тыңдауға міндетті. Кейбір
жағдайда баланың пікірі белгілі бір дауларды шешу кезінде
маңызды болады. Мəселен, бала ата-анасының айырылған ата-
ана құқықтарын қалпына келтіруге қарсы болса, баланың өз
қарсылығын қандай себептермен білдіргеніне қарамастан сот
мəлімденген талапты қанағаттандырмау тиіс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кəмелетке
толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі басталатын жас
шамасын белгілейді. Мəселен, ҚР ҚК-нің 15 бабына сəйкес
Достарыңызбен бөлісу: |