Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет51/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100

161
3.  Порнографияны,  қатыгездiк  пен  зорлық-зомбылықты 
дəрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиян-
ды əсер ететiн жəне құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық 
ақпарат  құралдарын,  əдебиеттi,  ойын-сауық  жəне  басқа  iс-
шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады. 
35-бап. Бала жəне дiн
1.  Мемлекет  баланың  ата-анасының  немесе  олардың 
орнындағы  адамдардың  дiни  дүниетанымына  негiзделген 
тəрбиеге  араласпауға,  бiлiм  беру,  тəрбиелеу,  емдеу  ұйымдары-
ның жəне өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлер-
де  баланың  қатысуымен  дiни  жоралардың  жасалуына,  аталған 
əрекеттер  баланың  өмiрi  мен  денсаулығына  қатер  төндiретiн, 
оның  құқығын  бұзатын  жəне  жауапкершiлiгiн  шектейтiн 
жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2.  Кəмелеттiк  жасқа  толмаған  балаларға  қатысты  дiни  жо-
ралар  ата-анасының  немесе  олардың  орнындағы  адамдардың 
келiсiмiмен  жасалады.  Балаларды  дiнге  тарту  жөнiндегi 
мəжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi. 
36-бап.  Баланы  əлеуметтiк  ортаның  терiс  ықпалынан 
қорғау
1. Мемлекеттiк органдар, жеке жəне заңды тұлғалар баланы 
оның денсаулығына, имандылық жағынан жəне рухани дамуы-
на зиян келтiретiн əлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен 
үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2.  Салауатты  өмiр  салтын  насихаттау  мен  балаға  құқықтық 
бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi 
деп таниды. 
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз 
əрекеттiң  салдарынан  тəн  немесе  жан  жарақатын  алған  балаға 
денсаулығын  қалпына  келтiру  жəне  əлеуметтiк  бейiмделу  үшiн 
қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс. 
37-бап.  Баланы  алкогольдi  өнiмдер  мен  темекi 
бұйымдарының зиянды əсерiнен қорғау
1.  Баланың  ата-анасы,  басқа  да  заңды  өкiлдерi,  мемлекеттiк 
органдар, сондай-ақ баланы тəрбиелеу мен оған бiлiм беру функ-
циясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын жəне 
алкогольдi  өнiмдер  мен  темекi  бұйымдарының  зиянды  екенiн 


162
насихаттауға мiндеттi. 
2.  Балаға  алкогольдi iшiмдiктердi,  темекiнi  жəне  темекi 
бұйымдарын сатуға тыйым салынады. 
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде не-
месе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады. 
4.  Балалар  тауарларын  сататын  сауда  ұйымдарында  жəне 
мəдениет  мекемелерiнде,  сондай-ақ  балаларға  арналған  iс-
шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын 
сатуға тыйым салынады. 
5.  Балалар  мекемелерiнде,  бiлiм  беру  ұйымдарында  жəне 
оларға iргелес жүз метр радиустегi аумақта алкоголь өнiмдерiн 
сатуға тыйым салынады. 
38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi əсер ететiн 
немесе улы заттардан қорғау
1. Бала есiрткi, психотроптық, күштi əсер ететiн немесе улы 
заттарды қолданудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге 
де жолдармен таратудан қорғауға тиiс. 
2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды тұтынуға тартқаны 
үшiн  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде  белгiленген 
жауаптылық  шаралары  қолданылады. (РҚАО-ның  ескертуi: 
қараңыз.  (132-бап). 
39-бап. Бала жəне қоғамдық ақпарат құралдары
1.  Балаларға  арнап  нəсiлдiк,  ұлттық,  əлеуметтiк  жəне  дiни 
өшпендiлiктi  өршiтуге  бағытталған,  тектiк-топтық  ерекшелiктi, 
соғысты  насихаттайтын,  конституциялық  құрылысты  күштеп 
өзгертуге  жəне  Қазақстан  Республикасының  аумақтық 
тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар не-
месе баланың рухани жəне имандылық жағынан дамуына өзгеше 
зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- жəне 
бейнежазбаларды  көрсетудi,  сатуды,  сыйға  тартуды,  көбейтудi 
жəне  прокатқа  берудi  жүзеге  асыруға,  əдебиеттердi,  газеттердi, 
журналдарды жəне басқа бұқаралық ақпарат құралдарын тарату-
ға тыйым салынады. 
2. Осы баптың 1-тармағында аталған əрекеттердiң жасалғаны 
үшiн  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде  белгiленген 
жауаптылық шаралары қолданылады. 


163
40-бап. Баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау
Баланы  жезөкшелiкпен  айналысуға  тартқандарға,  балаға 
порнографиялық  материалдарды  немесе  заттарды,  баспа  басы-
лымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, порнографиялық 
сипаттағы  жəне  эротикалық  мазмұндағы  өзгеде  нəрселердi 
таратқандарға, 
жарнамалағандарға 
немесе 
сатқандарға 
Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде  көзделген  тəртiп-
пен  жауаптылық  белгiленедi. (РҚАО-ның  ескертуi:  қараңыз.  
132-бап). 
41-бап.  Баланы  соғыс  қимылдарына  қатыстыруға  тый-
ым салу
Баланы  соғыс  қимылдарына,  қарулы  жанжалдарға  тартуға, 
балалардың  əскерилендiрiлген  құрамаларын  құруға  тыйым  са-
лынады. 
8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖƏНЕ ЗАҢМЕН 
ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ
42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Мемлекет  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  жəне 
халықаралық  мiндеттемелерге  сəйкес,  орындалу  мақсаттарына, 
нысандары  мен  əдiстерiне  қарамастан,  балаларды  заңсыз  алып 
кетудiң, ұрлап əкетудiң, олармен сауда жасаудың алдын алу мен 
жолын  кесу,  сондай-ақ  оларды  тұрақты  тұратын  елiне  қайтару 
жөнiнде шаралар қолданады. 
43-бап. Баланың заңды өкiлдерi
1. Баланың заңды өкiлдерi барлық мемлекеттiк органдар мен 
ұйымдарда,  оның  iшiнде  соттарда  кез  келген  тұлғамен  қарым-
қатынаста, арнайы өкiлеттiксiз баланың (немесе баланы асырап 
алуы) туралы куəлiгi, ата-аналарының паспорты, қорғаншының 
жеке  басының  куəлiгi  негiзiнде  балаларға  өкiлдiк  етудi  жəне 
олардың  құқықтарын  жəне  заңмен  қорғалатын  мүдделерiн 
қорғауды жүзеге асырады. 
2.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  кəмелетке 
толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек жəне 
өзге  де  құқықтық  қатынастарға  түсу  жəне  өз  құқықтары  мен 
мүдделерiн  қорғау  құқығы  көзделген  жағдайларды  қоспағанда, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау