Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100

89
- білім беру органдарының өкілдері:
- директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- əлеуметтік психолог;
- психолог;
- сынып жетекшілері.
- кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспек-
торы;
-ата-аналар кеңесі.
- қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері. 
Рейд  жұмыстары  келесі  форма  мен  əдістер  бойынша 
жүргізіледі:
- балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық 
білім басқармасының, Астана жəне Алматы қалалары ішкі істер 
департаменттерінің бұйрығы бойынша ұйымдастыру комитетін 
бекітуі;
-  рейдті  ұйымдастыру  жəне  өткізу  жұмыстары  жөнінде 
ұйымдастыру комитетінің іс-қимылдар жоспарын əзірлеу;
-  рейдтің  барысы  жайлы  БАҚ-ты  хабардар  етіп  отыру 
(жергілікті телеарналарда «жүгіртпелер» ұйымдастыру, рейдтің 
барысы  жайлы  сюжеттер  беру,  газеттерде  мақалалар  жариялау, 
көпшілік орындарда сенім телефондарын орнату, т.б.);
-  рейд  жұмыстарын  құқық  қорғау  органдарымен  біріге  от-
ырып  базарларда,  вокзалдарда,  ойын-сауық  орталықтарында 
қадағалаусыз жасөспірімдерді анықтау, немесе оқу уақыттарында, 
сол  секілді  түнгі  уақыттарды  бос  жүрген  балаларды  құрықтау, 
олардың  мəселелерімен  айналысу.  Рейд  жұмыстары  аптасына 
3-4 рет өткізіледі;
- қадағалаусыз, панасыз қалған балалар мен олардың сабаққа 
бармауымен күрес жүргізу мақсатында ұйымдастырылатын рейд 
жұмыстарына еріктілерді тарту;
-   үнпарақтар таратып, плакаттар ілу;
-  рейд  жайында  мемлекеттік  тілде  жəне  орыс  тілінде  бес 
минуттық жарнама роликтерін əзірлеу;
-  балалар  құқықтарын  қорғау  департаменті  мен  білім  беру 
басқармасының сайттарына арнайы тарау қойып, БАҚ-тарды ха-
бардар етіп отыру;
-  кəмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  комиссия  мен 
балалар құқықтарын қорғау органдарына өз балаларына қажетті 
білім мен тəрбие бермеуші отбасылар жайлы ақпарат беріп оты-
ру;


90
- рейд ұйымдастыру комитетіне, білім беру органдарына түнгі 
уақыттарда көшеде жүретін, жайсыз отбасыдан шыққаны үшін 
қажетті  көмекті,  демеуді  керек  ететін  балалар  жайлы  қосымша 
ақпар беріп отыру;
-  көрсетілген  индикаторларға  сайкес  рейдтердің  нəтижесі 
мен тиімділігі жайлы бақылау жүргізіп отыру. Білім беру орган-
дары  өкілдерімен,  əріптестермен,  ішкі  істер  департаменттері, 
мектеп ұстаздары ұжымымен, кəмелетке толмағандардың істері 
жөніндегі комиссия мен балалар құқықтарын қорғау органдары-
мен бірлесіп, мəселені шешу жолдарын талқылап, рейд нəтижесі 
жайында пікір бөлісіп отыру.
Кəмелетке 
толмағандардың 
қадағалаусыздығын 
жою 
əлеуметтік тəрбиелеу іс-шаралары жүйесі ретінде қадағалаусыз 
жəне  панасыз  қалған  балалар  санатына  жататындарға  жедел 
медициналық,  əлеуметтік-псхологиялық  жəне  өзге  де  қажетті 
көмек көрсету, олардың өз отбасыларына қайта оралуына ықпал 
ету, ал оған мүмкіндік болмаған жағдайда оларды арнаулы білім 
беру ұйымына немесе оңалту орталығына жіберу қажет.  


91
7-тарау. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығының əлеуметтік бейімделуді қажет 
ететін балалар мен жасөспірімдермен жұмысты 
ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
7.1.  Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталығының 
жұмыстарын ұйымдастыру
7.1.1. КТБО қызметкерлерінің кəмелетке толмағандарды 
қабылдау жұмысы бойынша бағдары (медициналық бақылау, 
тіркеу,  балалардың  КТБО-на  қабылдануы  жайлы  ата-аналарын 
хабардар ету, т.б.) 
КТБО  басшылығы  кəмелетке  толмағандарды  тиісті  Ережеге 
сəйкес  қабылдайды.  КТБО  қызметкерлері  баланың  сол  кездегі 
жағдайын  зерттеп,  анықтайды,  балаларды  сауықтыру  жəне 
қалыпты жағдайға бейімдеу мақсатында жасалатын шаралар жо-
спарын бекітіп, солардың нəтижелеріне талдау жасап отырады.
  Кəмелетке  толмағандардың  Орталыққа  орналасуы  үшін 
қажетті құжаттарды осы ұйымның қызметкерлері дайындайды, 
бұл жұмыстарды ішкі істер органдарымен бірлесе атқарады.
Ішкі  істер  органдарының  белгілеуі  бойынша  кəмелетке 
толмаған  балалардың  кешкі  сағат 23.00-ден  кейін  көшеде 
жүруі  баланың  өміріне  қауіпті  болып  табылады.  Сондықтан 
қадағалаусыз,  панасыз  балалардың  осы  уақытта  ішкі  істер 
органдарының қолына түсуі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ІІБ 
қызметкерлеріне төмендегі құжаттар қажет етіледі:
- қадағалаусыздық, панасыздық белгілеріне байланысты ішкі 
істер  органы  басшысының  қолы  қойылған,  оның  бекітуімен 
жасалған баянат;
-  мекен-жай бюросынан анықтама.
Қадағалаусыз немесе панасыз қалған балалар, сондай-ақ ата-
анасының  қамқорлығынан  айырылған  кəмелетке  толмағандар 
үш  айға  дейін  орталыққа  орналастырылып,  оларға  ары  қарай 
өзін-өзі алып кеткеніне дейін көмек көрсетіледі.
Орталыққа  жеткізілген  жасөспірімдер  жасына,  жынысына 
сəйкес  арнайы  топтарға  бөлініп,  тəулік  бойы  тəрбиешілердің 
бақылауында ұсталады.
Топтағы балалардың саны жиырмадан аспауы қажет.


92
 Орталыққа орналастырылған балаларға медициналық қызмет 
көрсету денсаулық сақтау басқармасы арқылы жүзеге асырыла-
ды. 
Орталыққа  орналасқан  кəмелетке  толмағандардың  жағдайы 
төмендегідей болады: 
- Орталыққа орналасқан балалар тəулік бойы бақылауда бо-
лады; 
- оқу-тəрбие жұмыстары, əлеуметтік-педагогикалық бейімдеу 
жəне оңалту жұмыстары жүйеленеді; 
-  балалардың  жеке  басының  гигиенасы  үнемі  назарда  бола-
ды.
3  жасқа  толмаған  балалар  жетім  балалар  үйіне,немесе 
қамқоршысынан айырылған балаларға арналған үйге жіберіледі.
Баланы орталыққа қабылдау кезінде оның тұрғылықты мекен-
жайы,  оқуы  жəне  жақын  туыстары  баланың  өзінен  немесе  ар-
найы органдардан сұралады.                      
Тəуліктің  қай  мезгілі  болмағанына  қармастан  қызметшілер 
баланың  ата-анасымен  немесе  жақын  таныстарымен  телефон 
соғып хабарласады.           
Ата-аналарға баланың қауіпсіздігі жайлы мəселені хабарлап, 
олардың Орталықпен байланысуы қажеттігін ескертеді. 
Баланы Орталыққа қабылдаушы қызметкер оның ата-анасымен 
байланыс жұмыстарын мойнына алады. Егер балада немесе ба-
ланы жеткізген орган қызметкерінде кəмелетке толмағанның ата-
анасының телефоны болмайтын болса, баланың тұратын жерінің, 
мектебінің немесе емханасының мекенжайын сұраған абзал. 
Жасөспірімнің  ата-анасымен  байланыса  алмаған  кездері 
Орталық 
жергілікті 
полициядан, 
қамқоршылық 
жəне 
қорғаншылық органдарынан мəліметтер алады.
Егер баланың ата-анасына баратын жол 3 сағаттан аса уақыт 
алатын  болса,  Орталық  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  ор-
гандарын  бір  күннің  ішінде  жағдай  жөнінде  хабардар  етеді. 
Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдары  кəмелетке 
толмағанның ата-анасына 48 сағаттың ішінде жолығуы тиіс. 
Егер баланың ата-анасы шет елде жүрген болса жауапты ор-
гандар 48 сағат  ішінде  баланы  тұратын  орнымен  қамтамасыз 
етеді.
Бұл  шаралардың  мақсаты  қадағалаусыз  қалған  кəмелетке 
толмағанды  Орталыққа  жеткізіп,  оның  өз  отбасына  қайта  ора-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау